|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.3.1.3 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек,
шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік (куб, шар,цилиндр, конус,
пирамида, тікбұрышты параллепипед) фигураларды тану және
айналасынан табу
|
|
Ресурстар
|
Кеңістік ,жазық фигуралар топтамасы,түрлі-түсті
қағаз, қайшы,кілей,ермексаз, түтікше,қалпақты шеге,
мозайка,киндерсюрприз ,,санау таяқшасы.қақпақтар
|
|
Сабақтың басы
«Айна» тренингі
\Ұ.ж\
«Зерттеу» әдісі Геометриялық түсініктерді қалып-тастыруда нақты
“заттардан” фигураларға көшу немесе керісінше фигуралардың
кескіндерінен нақты заттарға көшу арқылы меңгерту әдістемесі
маңызды орын алады. Қоршаған заттардың арасынан жазық фигуралардың
көмегімен кеңістік фигураларын анықтауға болады
Сергіту сәті:
Ө.Ж
Шығармашылық тапсырма топпен
жұмыс
Қалыптастырушы тапсырма.
|
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
Оқушылар айнаға қарап өз-өздерін түзейді
және өздеріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Геометриялық фигуралар
арқылы 4 топқа бөлінеді.
-Балалар өткен сабақта
қандай тақырыппен таныс болдық?
-Кеңістік
фигуралар.
Кеңістік фигураларды
атайықшы?Кеңістік фигуралар
-Ал қазір балалар
теледидардан бейнеролик қарайық, тек қарап қоймай, бүгінгі
тақырыбымыз қалай аталады екен соған мұқият зейін бөліп
отырамыз.
-Сонымен біздің бүгінгі
өтетін тақырыбымыз қалай аталады екен?
-Жазық
фигуралар
-Қазір мен сіздерге
кеңістік фигураларын беремін. Сіздер әбден зерттеп қарап,
дөнгелетіп тб қарап, жазық фигураны қалай шығаруға
болады. Соны
ойлап табыңыздар.
Оқушылар конусты ақ қағазға қойып
үшбұрыш,текшені қойып төртбұрыш шығара алады.
-Айырмашылығын кім айтар екен?
-Кеңістік фигуралардың жарық жақсақ
көлеңкесі түседі,іштері бос,куыс болады, Ал жазық
фигураларда
көлеңке болмайды,тек жазық. Оқулықтың 54-55
беттерін қарап танысады. Қандай жазық фигуралардан үй жасаған
екен?
№1 жұмыс дәптерімен жұмыс
жүргізу
(балалар өздері орындайды )
Мозайка құрастыру:
Шарты: Оқушылар мозайка үлестіріледі. Музыка
әуенін естігенде билейді,ал әуен тоқтағанда ,мозайкасын
құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну
Бағалау критерийі: Білім алушы
:
-Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,
тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус,
пирамида, тікбұрышты параллепипед) денелерін ажыратады.
-
Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне
ұқсастығын анықтайды.
1-тапсырма
Жазық фигураларды қызыл түспен, ал
кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз және фигураларды
атаңыз.
Дескриптор:
-
жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;
-
кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен
бояйды.
2-тапсырма
Кеңістік фигураларының атауын оқыңыз.
Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сызыңыз.
Дескриптор:
-
цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен
сәйкестендіреді;
куб пішіндес заттарды
анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді; - шар пішіндес заттарды
анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді
|
Айна
Кеңістік фигуралар. Конус,текше
Пирамида, цилиндр
Бейнеролик «геометрия-лық
пішіндер»
Жұмыс дәптер
Әтеш,доп, қыз, ит суреттері
куб, шар, цилиндр, конус, пирамида,
тікбұрышты параллепипед денелері
|