400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ " Жол ережесін білу-бəріне міндет!" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелерімен танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаттары

Сабақтың тақырыбы: «Жол ережесін білу-бәріне міндет !»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол

 ережесіне арналған кітаптар.

 

 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жолда жүру ережесін білу бәрімізге міндет!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін бүгінгі сабақты мұқият тыңдап, сабақтан қорытынды жасап отыруға міндеттіміз .

Ой қозғау: Жолда қандай белгілерді көресіңдер?

  ІІ. Негізгі бөлім:

Шамсиддин: Бағдаршам

                       Көп көзі бар батыр

                       Тоқ болғанмен заты

                       Өзінде көп ақыл

                      Тұрады ол дәйім

                      Бұрышында жолдың

                      Қиып өткен сайын

                      Қарайтұғын балғын


Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар:

      Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

 4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

  5.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

  6.     Өзі сөйлей білмейді,

 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

 

  Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

1.Жол дегеніміз не?     2.Жиек жол деген не ?

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ?

 Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Мадина :  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Шохриер  :      Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Сайдахмад:   Жасыл көзін ашқанда ,

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

 

2.Аяжан: Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

  Жүрме жолға таласып.

 

Досжан:

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 

 

Бағдаршам Дәурен:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»


Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Мына белгі нені білдіреді?        

Сақтандыру , ескерту белгісі Мухлиса :

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

 

 Тыйым салу  белгісі  Хуснидин:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

 

 Міндеттеу белгісі Шахзода :

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

 

 Ңұсқау белгісі Ашурбек:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

 

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

 

 Қорытындылау :  «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру

                     Өлең құрастыру

                ------------ балалар

              ------------- тротуар

             -------------- ұмытпа

               -------------- сақта!


Мұғалім : Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

    

 

 

                                                

 

 

 

 

 

 

 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі