400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ . "Жылқы шаруашылығы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылы №35 Рза Қунақова атындағы орта мектебі. Мұғалімі: Куламбаева Ардак Абсатаровна биология пәні мұғалімі.

Сабақ жоспары:

Пән: Биология

Сынып: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жылқы шаруашылығы. Қолға үйретілген аңдар. Қолтұқымдарының әртүрлілігі және оларды адамның пайдалануы. Жабайыата-тектерденшығуы

Мақсаттары:Оқушылар тақырыпты біледі, түснеді және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы зерттеушілік қорларын дамытуға пайдаланады

Күтілетін нәтиже:Балаларды жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамытып, білімдерін дамыту

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер:тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: «Біліміңді жинақта» кестесі, «Бинго» ойыны, «Синквейн әдісі, «Лабиринт» әдісі, топтық, жұптық , жекелей жұмыс


Сабақ кезеңдері

Уақыт


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Сәлеметсіздер ма қымбатты мұғалімдер және оқушылар. Біздің ашық сабаққа қош келдіңіздер. Балалар сабақты бастамас бұрын менің алдымда тұрған парусты алу арқылы топқа бөлініп, ондағы жазылған тілекті оқимыз.

Парусқа жазылған тілектен алған әсеріңіз.

Сәлемдесу.

Жазылған тілек арқылы топқа бөлу.

Жазылған тілектен алған әсері туралы баяндайды.


Білім


Қызығушылық

тарын ояту

5мин

Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасы төменде берілген жеке отрядтардың тұсына сәйкес келетін белгілердің санын тауып қойыңдар. Ол үшін «біліміңді жинақта кестесі» әдісін пайдалану

Оқушылар бұлкестедегі берілген сұрақтарға жауап беріп әр тордың тұсына сандарын ғана жазады.

  1. Күрек тістері жақсы жетілген.

  2. Дене температурасы онша тұрақты емес.

  3. Түр құрамы өте көп.

  4. Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген.

  5. Миы жақсы жетілген.

  6. Үшінші және төртінші саусақтары жақсы жетілген.

  7. Қарақұйрық, ақбөкен, бегемот.

  8. Кірпі, жұпартышқан, жертесер.

  9. Борсық.күзен,қабылан.

  10. Қалқанқұлақ, жайра, көк суыр.

  11. Тұмсығы алға қарай шығынқы.

  12. Сойдақ тістері өте көп.

  13. Тістерінің құрылысы біркелкі.

  14. Кей түрі ін қазып тіршілік етеді.

  15. Қуысмүйізділер деген тұқымдасы бар.


Мұндағы мақсатым берілген тапсырмаларды қатесіз жекелей орындайды. Білімдерін алмаса отырып тексереді. Интертақтадан жауабы шығады.


Үй тапсырмасы. Бірін-бірі бағалайды.


АКТ

Түсіну

5 мин

Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын видеороликке назар аударыңыздар. Жаңа сабақты ашу мақсатында видео көрсету арқылы жағдай жасау. Сабақтың тақырыбын ашып, сабаққа мақсат қою. Жылқының шығу тегі, мал шаруашылығындағы және адам өміріндегі маңызы және өнімділігі түралы түсінік қалыптасады.

Оқушылар өз ойларын білдіреді.сабаққа мақсат қойылады. Топтарға тақырыпты бөліп беру.



ЖТ

ЖЕ

Қолдану

10мин

Топпен жұмыс

Жаңа тақырыпты қолдану. Постер беріледі. Керекті бейнематериалдар таратылады. Ұялы телефон қолданылады.


Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін тақтаға шығып постерді қорғайды, өз ойларын айтады, жеткізеді.


1-топ Асыл тұқымды жылқылар

2-топ Жылқының адам өміріндегі маңызы

3-топ Жылқыдан алынатын өнімдер




Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, дара тапсырмаларды орындайды


Топтық жұмыс. Бірін-бірі бағалайды.

СТО

Талдау

10 мин

«Лоторея» ойыны


Оқушылар сұрақтарға жекелей жауап береді.


1.Қостанай жылқысының өзіне тән ерекшелігін ата.

2.Жабы жылқы қолтұқымын сипатта.

3.Жылқы қандай өнімдері үшін өсіріледі?

4.Жылқы тұқымдасына жататын жабайы жануарларды ата?

5.Тарпан мен түзат қай ғасырда және ненің нәтижесінде жойылған?

6.Жабайы жылқыларды қолға үйрету орталықтарын анықтап, ғылыми пікір ұсынған қай ғалым ?

7.Жылқының қолтұқымдары қандай мақсаттарға сай қолда өсіріледі?

8.Жылқының адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

9.Жылқыға байланысты қандай ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?



Жинақтау

7мин

Тарау бойынша білімдерін жинақтау үшін «Синквейн» әдісін қолдану.









«Лабиринт» әдістерін қолдану.

«Синквейн» әдісін қолдану.

Зат есім. ---------------------------------------Етістік-----------------------------------------Сын есім--------------------------------------Сөйлем-------------------------------------------------------------------------------------Синоним ---------------------------------------------------------------------


Дарындылармен жұмыс

5 жолды өлең жазады.

Суретін салады.


Лабиринт әдісін қолдану.


Бірін – бірі бағалау.


Бағалау

4 мин

Бағалау критерийлері .

Әр топқа бағалау парақтарын тарату

Бағалау критерийі арқылы өз білімдерін топпен және жеке бағалау


Рефлексия

2 мин

Стикерлер таратылады.

1.Бүгін мен не үйрендім?

2.Сабақтан алған әсерім?

3.Бүгінгі көңіл-күйім?Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі