400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ " Күн мен түн неліктен алмасады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына
Материалдың қысқаша нұсқасы




Неге күн мен түн алмасады?

«Оралхан Бөкей атындағы N44 лицей» КММ

Күні: 17.02.2020ж.

Мұғалімнің аты-жөні Балғабаева Г.М.


СЫНЫП: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақтың оқу мақсаттары

3.4.3.1 Жердің осьтік айналуын және оның салдарын түсіндіру

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

  • Жердің айналу осі мен оның салдарын түсіндіреді

Оқушылардың көпшілігі:

  • Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды .

Кейбір оқушылар:

  • Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады.


Жетістік критерийлері




  • Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

  • Жүргізілген бақылауларға сүйене отырып, идеяларды тексереді, растайды немесе теріске шығарады және қорытынды жасай алады.

Жүргізілген бақылау нәтижелерін қолдана отырып, сұрақтарға жауап іздеп таба алады.

Тілдік мақсат

Көптілділік:линия – сызық– line, күн-сутки-day

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Жердің осі, Солтүстік полюс, Оңтүстік полюс, экватор, күн мен түннің алмасуы,

Сабақта диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жердің осі дегеніміз не?

Күн жүйесі ғаламшарларының қайсысында айналу осі Жердің айналу осіне ұқсас?

Неліктен біз Жердің айналуын сезбейміз?

Күн мен түннің алмасуын немен түсіндіруге болады?

Күн мен түннің ұзақтығы әрдайым бірдей бола ма?

Қашан күн түннен ұзақ не қысқа болады?




Алдыңғы білім


Зымырандар қай жерден ұшырылады?



Жоспарлы әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру

1мин
















































Үй тапсырмасын тексеру


3 мин

(Ұ)Мұғалім сабақта қолайлы ахуал орнатады

- Балалар орнымыздан тұрып әдеттегідей үш тілде сәлем десейік (қайырлы күн, добрый день, good afternoon)

Психологиялық дайындық.

«Армысың, ару күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!


Топқа бөлінуі.


Балалар, Қазақстан жеріндегі қандай ғарыш айлағын білесіңдер?

  • ар бүгін біз сендермен 4 ғарыш айлағына бөлініп жұмыс жасаймыз.

  • 1-«Жұлдыз» ғарыш айлағы

  • 2- «Т Аубакиров» ғарыш айлағы

  • 3- «Күн» ғарыш айлағы

  • 4- «Абай» ғарыш айлағы

  • Ғарыш айлағында бірнеше нысандар бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде зымырандар ұшырылатынын біз білеміз.Ал сендер ғарышқа саяхат жасағыларың келе ме?

  • Олай болса ғарыш айлағындағы жұмыс ережесімен танысып алайық:

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз, сыйлаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты, әрі дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Олай болса. 5,4,3,2,1 СТАРТ (ғарыш кемесінің дыбысы). Ғарыштың небір қызық сырларына үңілу үшін Ғаламшарларда ілінген тапсырмаларды алып, топта талқылаймыз.

  • Біз сұрақтарға жауап беруді жерге ең жақын Меркурий ғаламшарынан бастайық.

Сен маған, мен саған әдісі.

Оқушылар өткен тақырып бойынша («Зымырандар қай жерден ұшырылады?» )

бір- біріне сұрақ қояды:

Жарайсыңдар балалар! БАСБАРМАҚ БАҒАЛАУЫ


Ғаламшарлар моделі

















































V. Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс


33 мин































































































Бекіту

Сатурн ғаламшары:

бізге видеосұрақ бар екен

Жұмбақты шеш; Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады.-күн

Night-сөзі қалай аударылады?

Біздің екі ғарыш айлағының атауы да «Күн» мен «Жұлдыз»иа балалар. Күнді біз қашан көре аламыз?Ал жұлдызды ше?

Бүгінгі тақырыбымыз: Бүгін біз осы күн мен түн неліктен алмасатынын білеміз және бүгінгі сабақта тәулік ұғымымен тансысасыңдар және неге күндіз жарық. ал түнде қараңғы болатынын білетін боласыңдар!


Шолпан ғаламшарына Негештің тапсырмасына көмектесейік. Ал балалар, біз күнді керек кезде қосып, қажет кезде өшіре аламызба?

(жоқ, өйткені олар табиғи жарық көздер) Бұл тапсырма бойынша табиғи жарық көздерді атаңдар, осылардың ішінде ең жарығы не? Күн

Оның ғаламшарымыз үшін қандай маңызы бар?

Әр топтан бір тұжырым


Келесі «Жер» ғаламшарының құпиясын табу

Ол үшін сендер қазір тәжірибе жасайсыңдар


1,2-топ

Оқулықтағы сурет бойынша тапсырмаларды орындап, глобустың қандай сыры бар екенін анықта


Сатурн ғаламшары

Пайдалы ақпарат;

Глобусқа қарашы. Жер шары оның төменгі және жоғарғы бөлігінен тесіп өтетін әлдебір болат өзекке ілініп тұрғандай. Егер біз глобусты айналдырып көрсек, осы өзектің шығатын нүктелері жылжымай, бір нүктеде өзгеріссіз қалатынын көреміз, ал глобустың қалған бөлігі бірнеше айналым жасайды. Осы жылжымайтын нүктелерді полюстер деп атаймыз. Оның бірі – Солтүстік полюс, екіншісі – Оңтүстік. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта шеңбер сызылған, бұл – экватор.


Оңтүстік және Солтүстік полюстерді белгілеу стикермен


3 топ.Зертте

-Күн мен түннің алмасуын немен түсіндіруге болады?




4-топ Жердің өз осін және күнді айналуы

Бұл ненің моделі, нені білдіреді, қандай тұжырым жасауға болады деген сұрақтарға зерттеу жасайсыңдар


Ай ғаламшары

Пайдалы ақпарат;Ось дегеніміз дененің айналуына арқау болатын білік екнін білдік. Күн жүйесінің барлық ғаламшарлары өз осін айнала қозғалады. Ғаламшарлардың айналу осі – жорамалды сызық.


Күн мен түннің ұзақтығы жыл мезгіліне және жер шарының бетінде орналасқан орынға қарай ауысып тұрады. Экваторда ғана жыл бойы күн мен түннің ұзақтығы бірдей болады. Жердің кез келген басқа нүктесінде қыспен салыстырғанда, жазда күн ұзағырақ болады. Күн мен түннің ұзақтығы әсіресе полюстерде қатты өзгереді, онда жазда күн 24 сағатқа, қыста түн 24 сағатқа созылады.


Марс ғаламшары:

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

-оқушылардың өздігінен мәтінді оқуы

- мұғалімнің түсіндіруі

-әр топ екі сұрақтан дайындау

Мұғалім оқулықтағы мәтінді оқуды ұсынады:

Жер үнемі айналып тұрады, бірақ біз оны сезбейміз, себебі ол бірсарынмен айналады, онымен қоса біз де, барлық жер денелері – теңіз, мұхит, тау, орман, тіпті Жерді қоршап тұрған ауа да айналып тұрады.

Күн шығыстан көтеріліп, батыста батады дейді. Адамдар ғасырлар бойы Күн, ай мен жұлдыздар шығыстан батысқа қарай қозғалады деп ойлаған. Шындығына келгенде, Жер батыстан шығысқа қарай қозғалады және күн сәулелеріне біресе бір бетін, біресе екінші бетін аударады.

Күн сәулелері түсетін Жердің бетінде күндізгі уақыт, ал қарама-қарсы бетте – түн болады.

Жер шары өз осін 24 сағатта айналып өтеді.


Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беру, бағалау


«Жер тоқтап қалса не болады»



Экперимент жасау

















Оқулық









Оқулық












Глобус, стикер,тірек сөздер, сұрақтар
















Глобус, қолшам, күннің суреті, тірек сөздер, сұрақтар



Ғаламшарлар моделі, тірек сөздер, сұрақтар




















Сергіту сәті.




Оқулық




















Оқулықтағы суреттер

Сен білесің бе? (бейнебаян)



Жұмыртқа

VI. Қорытындылау


1 мин

Кері байланыс «Жарық жұлдыз»

Бүгінгі сабақта немен айналыстық, не істедік, не ұқтық, не білдік соны бір-бір сөзбен Жұлдызға жеткенше жазамыз







Парақшалар тарату

VII. Үй тапсырмасы


  • 1 мин

НЕПТУН ҒАЛАМШАРЫ

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Күн мен түннің өзгеруіне бақылау жүргіз.

  1. Күн мен түннің әртүрлі уақытында (таңертең, талтүсте, күн батарда, ұйықтар алдында) бара алатын бір орынды таңда.

  2. Жоғарыда көрсетілген уақытта қағаз, қалам, қарындаш салынған планшет алып шығып, сол жерге барып, бақыла.

Көрген-сезгеніңде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Жан-жануарлар мен құстарды, адамдарды, температураны ж.т.б. бақыла.(Жоспарын тарату)


2.29 беттегі «Ойлан», «Есте сақта», «Зертте» тапсырмаларына байланысты қосымша ақпарат іздеп, білімдеріңді толықтырыңдар


3. 28-29 бет,оқу, сұрақтарға жауап



Ғылыми күнделік толтыру











Оқулық





Оқулық

VIII. Сабақтың нәтижесі. Рефлексия


1 мин

ПЛУТОН ҒАЛАМШАРЫ

Рефлексиялық бағалау сабақтағы өз жұмысын бағалаудан тұрады. «Светофор» әдісі



Оқушылардан жұлдызшалардың керекеті түсін көрсету арқылы өз жұмысын бағалауды сұрау.

Кім жақсы түінді ,сол балалар түсінбей қалғандарға көмек тесіп, түсінбеген жерлерін айтып жіберіңдер


Осылайша, педагог бүкіл сынып оқушыларының ақпаратты қабылдауын талдайды.

Қызыл --«ештеңе түсінбедім» деген сөйлемге сәйкес келеді.

Сары – «түсінбегенім бар, түсіндіре алмаймын».

Жасыл – «барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын».

Қосымша ақпарат

Дифференциа-ция – оқушыға қалай көмектесуді жоспарладыңыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың ілгерілеуін/білімін бағалауды қалай жоспарладыңыз?

Пәнаралық байланыстар

– «Өзін-өзі тану»,

«АКТ»,

Құндылықтар

Балаларды табысты жағдайға енгізу, «әлсіз» оқушының өзін-өзі бағалауын жоғарылату.


«Күшті» оқушыларға энциклопедиялардан, ғаламтор желісінен өздігінен ақпарат табуды ұсыну.


Ақыл-ой қабілеті жоғары балаларға ашық сұрақтар пайдалану.


Мұғалім:

  • оқушыларға өткен материалдың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беруді сұрайды.

  • оқу жұмысын бақылайды.

  • оқушылардың дәптердегі жұмысын (тапсырмаларды) қарайды.

  • оқушылар рефлексиясының нәтижесін талдайды.


Құндылықтар – Ақиқат.


Математика – математикалық есептеулерді жүргізу.


Коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту - басқа оқушыны-коммуникация бойынша серіктесін және мұғалімді тыңдау, пікір алмаса білу, өз іс-қимылдарын серіктесімен келістіре білу.


Тіл дамыту – түсінікті сөйлеу үлгілерін құру, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар тұжырымдау.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
32 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
2420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі