400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Күн тәртібі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 10.12.2018

Пәні:Дүниетану

Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

СЫНЫП: 1

Мұғалімнің есімі: Қалиева А.М

Қатыспағандар саны: -

Қатысқандар саны:1

Сабақтың тақырыбы:

Мен және менің отбасым Күн тәртібі

Оқу мақсаты:

  1. Барлық оқушылар: Күн тәртібі туралы әңгімелеу


  1. Оқушылардың басым бөлігі:Күнделікті өмірдегі күн тәртібімен таныстырып, сипаттайды.

  1. Кейбір оқушылар: Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралы

әңгімелейді.

Өзінің күн тәртібін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра

үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады;

- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.

Құндылықтарды дарыту

: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Picture 1 Пәнаралық байланыс

Математика

Қосымша тапсырмалар

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация, бейнетаспа

Бастапқы білім

Мектеп және мектеп қоғамдастығы Тұтыну заттары тақырыбында «Серпінлі сұрақ» әдісі арқылы сұрақ-жауап алынады.

Сабақтың барысы


Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Идеялар себеті» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау мақсатында тақтаға себет суреті ілінеді себетке тақырып жабыстырылады: мысалы “Күн тәртібі”. Оқушылар стикерге өз ойларын жазып себет ішіне жабыстырады.


Стикер

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

Баланың күн тәртібінің ретін анықтап, цифрлармен жазып көрсетіңіз.

талқылаңыз және түсіндіріңіз.

2-тапсырма

Қима суреттерден оқушының күн тәртібін құрастырыңыз. Оны өз күн тәртібіңізбен

салыстырыңыз

3-тапсырма

Күн тәртібін сақтау маңызды ма? Неліктен? «балық қаңқасы» әдісі арқылы себептер мен дәлелдер және қорытындылап топта талқылаңыз.

Тақырыпқа байланысты суреттер





Қима суреттер







Постер

Сабақтың соңы

Күн тәртібін

не үшін сақтау қажет? Жұпта, топта талқылайды

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем»
Оқушылар сөйлемді жалғастырулары керек:
- Мен …. қатысты көз қарасымды өзгерттім
- Мен …. туралы көп білдім.
- Мен … таң қалдым.
- Мен …. сезімде болдым.
- Мен …. салыстырдым.
- Мен …. үшін уайымдадым.

Постер

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Осы сабақты жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақтың тақырыбын тереңірек зерттеуге бағыттадым. Күн тәртібі туралы оқушылардың не білетінін анықтау мақсатында «Идеялар себеті» әдісін қолдансам, сабақты түсінуі мақсатында суреттерді ретімен орналастыру арқылы осы сабақты қаншалықты түсінгендерін анықтадым.Өз күн тәртібін қима суреттер арқылы орналастыру арқылы талдау жасату. Сабақты жинақтау мақсатында «Күн тәртібін не үшін сақтау керек?» деген сұрақ берілді.

Оқушылар әр орындалған тапсырманы «бағдаршам» әдісі арқылы қызыл, сары және жасыл түсті жетондар беру арқылы бағаладым. Әр топтық немесе жұптық тапсырма орындалғанда бір-бірлеріне кері байланыс айтылды.

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті. Себебі, оқушылар күн тәртібі туралы түсінік алып, оның күнделікті өмірдегі маңызын білді. Сабақтың әр кезеңі белгіленген уақытта аяқталды. Жеке, топтық және жұптық тапсырмаларды орындады. Әр тапсырманы орындау барысында бағалау және кері байланыс жүзеге асырылды.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Дарынды оқушылар күрделі тапсырмалар дайындауға және үлгерімі төмен оқушыға жеке тапсырма ұсынудың тиімділігін білдім.

Келесі сабақтарда оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың белгілі бір деңгейде дайындалуына көңіл бөлу қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі