400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Күрделі сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөздің тыныс белгісі

Сынып: 3 «А»

Мерзімі: __________

Сабақ мақсаттары: Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.


Міндеттері:

-қаратпа сөзге қай кезде тыныс белгісі қойылатыны туралы ұғындыру;

-қорытынды жасай білуге баулу;

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу

Құралдар: түсті қарындаштар мен фломастер, маркерлер, өшіргіш, А3 қағазы, смайликтер, дәптер, қалам,кестелер

Әдіс-тәсілдер:«Қалпақ кию», «Серпілген сауал», «Пирамида», «Постермен жұмыс».

Оқыту нәтижесі:

- қаратпа сөздердің тыныс белгісінің қойылуын ажырата алады;

-сұрақ қоя біледі;

-мысал келтіре алады;

Сілтеме:

4-сынып қазақ тілі, Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева және т.б «Алматы кітап» 2014ж
















Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімніңіс-әрекеті

Оқушылардыңіс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі


3 мин

тренинг

Психологиялық ахуал туғызу.

«Дене мүшелерімен» амандасу.

Топқа бөлу



Дене мүшелерімен жұпта бір-бірімен амандасады.

Геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлініп отырады.

Білу


Бағдаршам



6

мин

СТО,ОЖТ


Үй жұмысын «Қалпақ кию» әдісімен сұрау




«Серпілген сауал» әдісі. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою.


11-жаттығу. Қалпақ киген оқушы ертегіні әрі қарай жалғастырып айтады.



1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Сөйлем нешеге бөлінеді?

3.Жалаң сөйлем дегеніміз не?

4.Тұрлаулы мүшелерді ата.


Түсіну


Бағдаршам

10 мин


СТО










Қаратпа сөздің тыныс белгісін қойылу туралы ереже алгоритмін беру.

Алгоритм бойынша «Пирамида» әдісі.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе,үтір одан кейін қойылады.

Шынар,сен сабаққа дайындалдың ба?

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе,үтір оның екі жағынан келеді.

Иә,балам,оқып жүрсің бе?

Қаратпа сөз сөйлемнің соныңда келсе,үтір оның алдынан қойылады.

Оқып жүрмін, Абай ата.

Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.

Сәлем,қымбатты достым!

Әр топ қаратпа сөздің тыныс белгісінің қойылуына байланысты сөйлем құрастырады.

Пирамидаға сөйлемдерді жазып қорғайды.



Қолдану


«Екі жұлдыз,бір тілек»










































Талдау



6 мин



































5 мин









2 мин


6 мин









СТО



































Топ жұмысын бағалау кестесі
































Топқа мәтін беру.

Мәтіннің ішінен сөйлемнің басында,ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.


Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті... Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды. 
- Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді. 
- Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы. 
Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды. 
Шәутен апасына: 
- Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? – деді. 
Апасы: 
- Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді... 
Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу. 
- Қаратпа сөз дегеніміз не? 
- Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады? 







Жұппен жұмыс: Шығармашылық диктант. Өзара тексеру 
1. Өмір жасың ұзақ болсын, ...! 2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік. 
3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар. 4. Рақмет, . 
Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам. 


Сергіту сәті:



Берілген сөздерді қаратпа етіп алып, төмендегі тақырыптарға эссе жазу.
• «Атам туған ауылда»
• «Армысың, атамекен!»
• «Армысыңдар, дарқан мінез бауырларым»
Керекті сөздер: бауырым, құлыным ,қарағым, апа, әже, атамекен, жасыл жайлау ,шырағым, ауылым ,кіндік қаным тамған жер,ыстық мекен, сағынышым ,балалық іздерім.










Мәтіннің астын сызып, топтармен алмасып, тексеру. Мәтінді оқып талдап айту.



































Берілген тапсырманы орындап жұпта бір-бірінің тапсырмасын тексеріп бағалайды.







Оқушылар бойларын жазу үшін сергіту сәтін жасайды



Табыс критерий:

1.Тақырыпқа сай жұмыс.

2.Жүйелі ойлардың айтылуы.



Жинақтау


Жұпта бағалау

3 мин

СТО

Тест:

1.Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз.
А) Кеше жаңбыр жауды. В) Сенің атың қалай, балам? С) Қап, әттеген-ай! Д) Асқар, бүгін күн жылы ма? Е) Оян, қазақ!
2. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Ол, сірә, бүгін келмейді. В) Кел, балалар, оқылық! С) Мен дүкенге бардым. Д) Піскен алма жерге түсті. Е) Паһ, шіркін!
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.
А) Бәйтерек- өте биік ағаш. В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет. С) Қарағым, қашан келдің?
Д) Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай? Е) Әжем сандықты ашты.
4. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.
А) Уа, туған жер, аша бер құшағыңды. В)Уа туған жер аша бер, құшағыңды. С) Уа туған жер,аша бер құшағыңды. Д) Уа туған жер, аша бер, құшағыңды. Е) Уа, туған жер аша бер, құшағыңды.
5.Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз. 
А) Алмас,екеуіміз баққа барайық. В.Алмас екеуіміз баққа барайық. С)Алмас екеуіміз,баққа барайық Д) Алмас екеуіміз баққа,барайық. Е)Алмас екеуіміз! Баққа барайық.



Өтілген тақырып бойынша білімдері тексеріледі.


Рефлексия




Бағалау



Үйге тапсырма

3

мин






1 мин


ОүБ және ОБ.





Топтық бағалау бойынша қорытындысын шығару



«Менің сабақтан кейінгі әсерім»







Ережелер жаттау


Оқушылар стикерлерге жазып, тілек ағашына жапсырады.






Күнделіктеріне белгілеп алу.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі