Материалдар / Ашық сабақ: " Математика əлемі" сыныптан тыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: " Математика əлемі" сыныптан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың зейінін, ойлау,зерде процестерін дамыту.Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау,шығармашылық қабілетін дамыту. Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыру,ұымшылдыққа, мәдениеттілікке,тиянақтылыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1136
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Математика әлемі»

Мақсаты:Оқушылардың ойлана білуге,тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу,әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа,әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың зейінін, ойлау,зерде процестерін дамыту.Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау,шығармашылық қабілетін дамыту.

Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыру,ұымшылдыққа, мәдениеттілікке,тиянақтылыққа баулу.

Түрі: жарыс сабақ

Әдістері:сұрақ жауап,түсіндіру,стикер.

Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Жоспар: Топтарға бөлу.

Таңғы шеңбер:Қуанамын мен де,қуанасын сен де,

Қуанамыз бәріміз,арайланып атқан күнге.

Топбасшы сайлау

I экипаж ,II экипаж, III экипаж, IY экипаж

Экипаж капитандарын таныстыру



1 кезең: « Аймақты тексеру»

2 кезең: «Жарыс картасы»

3кезең: «Көлденең қиылыс»

4 кезең: «Аса қауіпті,дабыл ! »

5 кезең «Капитандар жарысы»

Жүргізуші:Қайырлы күн,қадірменді көрермендер! «Математика әлеміндегі» экипаждар жарысына қош келдіңіздер.

Экипаж капитандарын таныстыру.

I экипаж капитаны Есіркеп.Е

II экипаж капитаны Амандық.Ә

III экипаж капитаны Спанқұл.Е

IY экипаж капитаны Мусин.М

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!-дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар 11 сынып оқушылары.Математика әлемінде болып жатқан қызықтарды бірге тамашалау үшін

1 кезең « Аймақты тексеріп» аламыз.Ол үшін сұрақ беріледі. Дұрыс жауапқа 1 балл

Сұрақ:

1.Жұп цифрларды ата. Жауабы 0,2,4,6,8

2.Тақ цифрлар. Жауабы 1,3,5,7,9

3.Нөл натурал сан болама? Жауабы болмайды

4.Үшбұрыштың периметрі Жауабы Р=а+в+с

5.Төртбұрыштың ауданы Жауабы S=ab

6.Жолдың ұзындығын табу формуласы Жауабы S=vt

7.Төртбұрыштың периметрі Жауабы Р=2(а+в)

8.Жай сан дегеніміз не? Жауабы 1ге және өзіне бөлінетін сан

9.Құрама сан дегеніміз не? Жауабы Екіден артық бөлгіштері бар натурал сан

10.Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? Жауабы (0)

2 кезең «Жарыс картасын » құрастырамыз.

Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі.Мақал –мәтелдердің басындағы сөйлем оқылады,жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек.Әр дұрыс жауапқа 1 баллқосылады.

1.Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас

2.Бес бармақ жиналса, жұдырық болады

3.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді

4.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

5.Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын

6.Бір тал кессең , он тал ек

7.Бес саусақ, бірдей емес

8.Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді



3кезең: «Көлденең қиылыстардан өту» кезінде есеп беріледі.

1 есеп

1 экипаж .21санының бөлгіштерін жаз

2 экипаж .24санының бөлгіштерін жаз

3 экипаж .25санының бөлгіштерін жаз

4 экипаж .27санының бөлгіштерін жаз

2 есеп

1. Берілген сандардың ішінен 14, 21, 31, 42, 51, 63, 68, 75 табыңыз: 
а) 7-ге еселік сандарды; Ж: 14,21,42,63,
б) 17-ге еселік сандарды;  Ж: 51,68,
в)8-ге еселік сандарды;  Ж: 42,
г) 2-ге еселік сандарды;  Ж:14,42,68

3 есеп Теңдеулерді шешіңіздер: 1) x – 30 = 20 2) 3x = 21

3) 14 – x = 11 4) 7q = 49

4 кезең: «Аса қауіпті,дабыл ! »

Логикалық сұрақтар беріледі. 3 тілде жауабын айту.

1.Екі қолда қанша саусақ бар,он қолда ше? Ж /10,50/

2.120 минут неше сағатқа тең? Қазақша, орысша, ағылшын тілінде Ж /2 сағат/

3.3жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? /3 мин/

4.1 тонна мақта ауыр ма,1 тонна темір ауыр ма? /тең/

5.Үстелде 3 стакан сүт бар. Ержан бір стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар? /3/

6.Бөлмеде 2 ит,3 құс,1 шыбын бар. Олардың аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? /20/

7.Төрт таяқтың алты ұшы бар ,алты жарым таяқтың неше ұшы бар? /14/

8.5 тің квадраты канша ,қазақша,орысша,ағылшынша / 25/

5 кезең «Капитандар жарысы»

Заңдылықты анықтай отырып, тізбектегі келесі екі санды табыңыз:

  1. 6, 4, 10, 8, 14,12 ,18... / -2 +6 -2 +6 /

2) 3,6,12,24,48,96,192... / -Әрбір келесі мүшесі алдынғы мүшені 2-ге көбейту арқылы алынады; /

3)0,3,8,15,24,35,48... / 3,5,7,9,11,13 тақ сандарын қосу арқылы келесі мүшесін таба аламыз/

4)5,8,11,15,19,24,29,... / +3 +3 +4 +4 +5 /

Кестедегі белгісіз санды табыңыз

3

12

8

7

28

24

5

20

?



1.Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп, бос тор көзді 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен толтыр.





8




5



11

6

7

4

8

12

9

10

5



2.Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 15-ке тең болатындай етіп, бос тор көзді 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарымен толтыр.














6

1

8

7

5

3

2

9

4



3.Мына сиқырлы шаршылардың ортасында қандай сан болу керек?



4

9

2

3


7

8

10

6



49

54

47

48


52

53

46

51



4.Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ке тең болатындай етіп, 3,4,5,6,7,8,9,11 сандарымен , бос тор көзді толтыр.

10











10

3

8

5

7

9

6

11

4









Жүргізуші: ендеше сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтуге әділ қазылар алқасына сөз беріледі





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!