жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ " Мейірімділік – асыл қасиет " Өзін-өзі тану пәні 3-сынып
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Алматы облысы Қапшағай каласы ОМГ
Мерзімі:
Мұғалім: Акылаева Улбосын Чапаевна
Сынып: 3 «Ә» Оқушылар саны:
Тақырып: Мейірімділік – асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік қайырымдылық, қамқорлық, сыйластық,түсіністік
Мақсаты:
Оқушыларға
мейірімділіктің мәнін аша
отырып Міндеттері:
- Өз жақындарының ішкі сезімдерін
түсіне білуге, адамдарға тек мейірімділік
нұрын себе білуге тәрбиелеу. 1.Ұйымдастыру кезеңi. -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. 1.«Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық) қайталау. 2.Сыныпты 4 топқа бөлу І топ. Қызыл түсті гүл құрау ІІ топ. Сары түсті гүл құрау ІІІ топ. Жасыл түсті гүл құрау IY топ. Күлгін түсті гүл құрау 2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» -Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз. 1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
1.Балалар,сендерге «тыныштық сәті» ұнады ма? 2.Қандай сезімде болдыңдар?
3. Қызығушылығын ояту. Жаңа сабақ «Бала жүрегіндегі мейірімділік» бейнероликке назар аудару. Бұл көрген бейнероликтен қандай әсер алдыңдар?Талдау,жинақтау. 4. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс 1. Түсініп ,іштей оқу. 2. Төрт сөйлем әдісі бойынша мәтінді талдау. А) Мәтін туралы кіріспе (бұл топ кіріспені аша түсу) Ә) Негізгі ой (бұл топ мәтіндегі негізгі ойды ашып айту) Б) Қорытындылау (бұл топ қорытындылау) В) Толықтыру ( Бұл топ өз ойларын қоса отырып толықтыру) Дәйексөз:
Мейірімділікті
анадан үйрен . Халық даналығы Суретпен жұмыс І топ. Мейірімділік кестесін толтыру ІІ топ. Мейірімділік турулы бес жолды өлең құрастыру ІІІ топ. Мейірімді оқушы шағын көрініс көрсету IY топ Біздің сыныптың мейірімділік ережесін құрастыру
|
Ресурстар: үн таспа, сызбалар, оқулық, оқушы дәптері, Ш.Құдайбердиев тің
суреті, слайдтар. «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)
І топ. Қызыл түсті ІІ топ. Сары түсті ІІІ топ. Жасыл түсті IY топ. Күлгін түсті
«Нұрға бөлену» тыныш ойналған музыка үні
«Бала жүрегіндегі мейірімділік» бейнероликке назар аудару.
Оқулықпен жұмыс
Дәйексөзді талдау
Топтарға
суреттер беріледі.
Топпен ән айту « Ана жаным»
Тыныштық сәті
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген