жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ . Мен және мені қоршағандар. Мектепалды даярлықтобы.
Тақырыбы: «Мен және мені қоршағандар»
Мақсаты: Рефлексия процесін белсендету. Өзін-өзі ашу, өзі-өзі тану, Мен-концепциясын анықтау.
Міндеттері: 1) Айналасындағы адамдармен қатынас жасауда өзіндік стратегияларды сезіну;
2) Эмоционалды күйді диагнстикалық және психологиялық тұрғыда түзеу.
3) Коммуникативті қабілеттерді дамыту.
|
№ |
Мазмұны |
Уақыт, мин |
Құрал-жабдықтар |
|
1 |
Сәлемдесу. «Жаңа тәсіл» Балалар жарты шеңбер құрайды. - Қазір әр қайыссымыз ортаға шығып, топқа қарап, бір-бірлерімізді қайталамай, кез-келген тәсілмен топпен сәлемдесеміз. Біз әр сәлемдесуді қайталаймыз. |
10 |
|
|
2 |
«Құқықтар тізімдері» Психолог барлық «құқықтар» тізімдерінен өтініштерін айту және өтінішті орындаудан бас тартудың қандай үлкен орын алатынына көңіл бөлуі керек. Содан кейін ол балаларға тізімнен келісім шарттарын қарауды ұсынады және оны не үшін құқыққа енгізгенін немесе енгізбегенін түсіндірулерін сұрайды. |
10 |
|
|
3 |
«Тәтті тоқаш» Психолог қандай да бір өтініштің тәтті тоқаш екенін ескертеді: формасы бір, ал мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: тоқаш тәтті және ашты болуы мүмкін т.с.с. Балаларға түрлі тоқаштардың суретін салып олардың түстерін, дәмдерін сипаттау ұсынылады. Қысқаша талдау жүргізіледі. 4 |
|
А-4 пішіндегі парақтар, қалам |
|
4 |
«Чемпионат» Балалар жұптарға бөлінеді. Бір жұп тапсырма орындап жатқанда қалғандары оларды бағалап отырады: А) тапсырман нақты орындауы Б) құралдарды пайдалануы Жүргізуші басты бағалаушы рөлінде болып, ұпайларды санайды. Қатысушыларға нұсқау: -Қазір сендер жұптарға бөлінесіңдер. Әр жұп қуыршақтармен қойылым қоюды қажет ететін тапсырмаларды жәшіктер алады. Дайындалуға бір минут уақыт, орындауға үш минут уақыт беріледі. Қалғандары оларды бағалайды. Психолог балаларға өтініштерді дұрыс айту, одан бас тарту іскерліктерін сезінулері үшін бағалау критериилерін айтады. Әр қойылымнан кейін психолог бағалаушылардаң қойған бағаларын негіздеулерін сұрайды және қатысушылардан өздерін қалай бағалайтындарынсұрайды: өздеріне сенімді болды ма? |
|
|
|
5 |
«Сезімдерді түстер арқылы анықтау» Балаларға үйшікті 8 түрлі түспен бояп, содан кейін бағдарлар жүргізіп және сезмдерді орналастыру ұсынылады. |
15 |
Қағаз, түрлі-түсті қағаздар, 8 түсті қалам, арнайы бланкілер |
|
6 |
«Жануарды бейнеле» ойыны Бұл жаттығу фанттан басталады: қатысушы оған аталған жануарды бейнелеуі қажет: қораз, мысық. Кейінгі жеткіншектерді қандай да бір жануарды дербес түрде көрсету ұсынылады. |
|
|
|
7 |
Серіктіру жаттығуы |
|
|
|
8 |
«Жағымды әңгіме» Айналасындағылардың ол туралы «жақсы серіктес» деп айтуы адамға ұнайды. Бұл шын мәнінде пайдалы іскерілік- жеңіл түрде қатынасқа ену және шығу. Әңгіме жүргізу іскерлігі адамға өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.Қазір біз бірнеше кездесулер серияларын жүргіземіз және әр кезде жаңа адамдармен кездесесіз. Сізге әңгімені бастап, өз серіктесіңізге жағымды нәрселер айтып және жағымды түрде қоштасуыңыз қажет. Топ балалары әткешнектер принципі бойынша тұрады, яғни бір-бірлеріне қарап ек шеңбер құрайды: ішкі (қозғалмайтын) және сыртқы (қозғалатын) Жүргізуші белгісі бойынша сыртқы шеңбер қатысушылары бір мезгілде оңға қарай 1 немесе 2 қадам жасап, жаңа серіктес алдына келеді. Мұндай ауысулар бірнеше рет болады. Әр уақытта оларға рөлдерді сіз беріп отырасыз. Кездесу жағдайларының мысалы: А) «Сіздің бұл қалаға бірінші рет келуіңіз сіздің алдыңызда сіз бұрын тіпті көрмеген адам тұр, бірақ баратын жеріңізді білу үшін сіз бұл адаммен міндетті сұрауыңыз қажет ». Бүкіл әңгімеге, яғни қарым-қатынас орнатуға 2-3 минут уақыт беріледі. Содан кейін белгі бойынша, қатысушылар 10 секунд ішінде бастаған әңгімелерін аяқтап, жаңа серіктеске өтуі қажет. Бұл ережелер төмендегі жағдайларға да қатысты. Б) «Сіздің алдыңызда сізге өте ұнайтын адам тұр. Сіз онымен бұрыннан сөйлескіңіз келіп жүр» В) Сіздің алдыңызда бір нәрсеге қатты ашуланып өз-өзіне келеалмай жатқан адам тұр. Оған жақындап, сабырлыққа шақырып, әңгімені бастаңыз. Г) «Сіз көшеде кетіп барасыз. Артыңыздан біреу айхайлайды. Артыңызға қарап бейтаныс адамды көрдіңіз, ол адам да қателескенін түсінді. Сіз былай дейсіз....» |
|
|
|
9 |
«Ассоциация» Тренингке қатысушылардың біреуі есіктің сыртына шығады. Қалғандары топтан, ассоциация бойынша анықталатын адамды таңдайды. Жүргізуші кіріп, сұрақтар қоя отырып, кімді жасырғанын табуға ұмтылады: Түсі қандай? Қандай дәмге ұқсайды? Қандай әнге ұқсайды? Қандай кітапқа ұқсайды? т.с.с. Бірақ жүргізуші дәл кімнің жауап бертінін көрсетеді. Ол бес сұрақ қояды, содан кейін жасырылған адамның атын атайды. Егер тапса, орнына отырады, таппаса қайтадан сыртқа шығады. Екі мәрте шеше алмаса, ойыннан шығады. Талдау:
|
|
|
|
10 |
«Әрекетті жібер» ойыны Топ шеңбер құрайды. Ұлмен қыздар аралас тұрғандары дұрыс. Психолог барлығының көздерін жұмуларын және солға бұрылуларын сұрайды. Жұмулы көздерімен алдында тұрған адамның оң иығын тауып оң алақанын қояды. Содан кейін келесі нұсқау беріледі:
Түсінікті ме? Бастадық! Бір-бір жарым минуттан кейін жаттығуды тоқтатып, көздерін ашып бір-бірлеріне бетпе-бет қарау ұсынылады. Психолог бірқатар сұрақтар қояды: Кім шынай жұмыс жасады, кім көздерін ашып қарады? Барлық әрекеттер берілді ме? Кімге ауыр, жағымсыз болды? Осылайша жаттығуды 5 рет қайталауға болады. Әр реттен кейін талдау жүргізіледі. |
|
|
|
11 |
«Адамның төрт түпкі қажеттіліктері» әдісі Мақсаты: түпкі қажеттіліктер диагнстикасы Балаларға парақты 4 бөлікке бөлу ұсынылады. Біріншісіне- өсімдік, екіншісіне- қару, үшіншісіне- зергер бұйым, төртіншісіне- ыдыстар суреті салынады. |
10 |
А-4 пішіндегі парақ, түрлі түсті қалам |
|
12 |
«Автобус» ойыны Толы автобус пассажирі ретінде қатысушылар қысылып, үйіріледі. Ойыншының мақсаты- осы адамдар ішінен шығу, алдауға болмайды, физикалық күш пайдалану қажет. |
|
|
Қажеттілік базасын анықтау әдістемесі.
Әдістемесінің масаты құрсақ дамуынан бастап, 3 жасқа дейінгі толық дамуда қажеттіліктің қалай қанағаттанғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Сыналушыларға: 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар, ыдыс аяқ .
Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік- тірі болса, өмір сүруге құлшыныс; ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады.
Қару жарақ –қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді.
Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді.
Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын түрлерін салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда.
Автобус ойыны
Жүргізілуі: Балалар автобуста тұрғандай бір-біріне тығыз орналасады.
Ойнаушылар міндеті- осы қалың топты жарып өту.Өту жолы өтірік айту немесе айлакерлік көрсету емес, шынымен дене күшін сала отырып ойнау. «Халық автобуста» қолымен ұстауға немесе жабысуға болмайды, тығыз халықты итере-қыса отырып өту. Автобус жүргізушісі оны «ал, кеттік», «алға», «тағы да» деген сөздері пайдалана, ойынды қыздырып отырады.
Жаттығу соғында топ қатысушылары не көрді, қалай қабылдаулары болды , сол әсерлерімен бөліседі. Қоштасып.Сабақты аяқтайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген