Материалдар / Ашық сабақ : Мен және менің отбасым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ : Мен және менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Топтық ашық сабақ: Мен және меңім отбасым Білімділік: отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, «үлкен» және «кіші» деген ұғымдармен таныстыру. Дамытушылық: суреттер арқылы отбасы мүшелерін көріп - есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ойындар арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
1674
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтың аты-жөні


Жаутикова А.А.

Пән:

Түзету сабағы.


Күні:

14.02.2022ж.

Сынып: 1-сынып

Топтық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Мен және менің отбасым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Білімділік: отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, «үлкен» және «кіші» деген ұғымдармен таныстыру.

Дамытушылық: суреттер арқылы отбасы мүшелерін көріп - есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ойындар арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, мейірімділікке тәрбиелеу.


Сабақ жоспары


Сабақ барысы



Сабақтың кезең/

уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері


Сәлеметсіңдерме балалар.

Сәлметсізбе.

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті сәлемдесіп алайық.

Үлкенге де сіз, (оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз. (сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп, (екі қолын кеудеге қояды)

Бас иеміз біз. (бас иеді)



ІІ. Өткенге шолу.

1− бұлт. Бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз.

2− бұлт. Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс

3− бұлт. Қыста табиғат қалай өзгереді?

- Қар жауады, аяз, боран болады.

4− бұлт. Қыс мезгілінде балалар немен ойнайды?

- Шана, шаңғы, конькимен сырғанап ойнайды.


ІІІ. Күн ашылды.

Арнайы-педагог: Осы жарқыраған күн мейірімі секілді, жан – шуағын төгіп, мейірімділігін беріп, жылы сөздерін аямайтын, еркелететін кімдер?.

- Ана, әке, ата, апа, аға.

- Дұрыс айтасыңдар балалар.

- Олай болса балалар , бүгін біз «Мен және менің отбасым» тақырыбында әңгімелейміз. Оларды атап шығайықшы? Ата, апа, ана, әке, аға, іні, қарындас, сіңілі, әпке.

Отбасы дегеніміз не? Қане балалар тақтадағы суретке назар аударайықшы. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері деп атаймыз. Суретке қарап отбасы мүшелерін атап шығайық. Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, іні, сіңілі, әпке.

Жарайсыңдар балалар.

Балалар ешкім де туысқан−туғансыз, ағайынсыз болмайды. Кім болсада, адамнан тараған, ағашқа ұқсайды. Туыстар дегеніміз – сол түбірден өскен бір ағаштың бұтақтары тәрізді. Сол себептен ата – бабаларымыз «Туысым – түп тамырым» деп бекер айтпаған.




Оқушылар шаттық шеңберіне шығып, амандасады.






















Оқушылар бұлтта тұрған сұрақтарға жауап береді.



















Оқушылар отбасы мүшелерін атайды.

































Презентация


Сабақтың ортасы


Ендеше, балалар сендермен бірнеше тапсырмаларды орындайық.

І тапсырма: «Отбасы ағашы» ойыны.

Ойын шарты: Балаларға әр түрлі суреттер беріледі. Осы суреттердің ішінен отбасы мүшелеріне қатысты суреттерлі тауып, отбасы ағашының бұтақтарына орналастыру.


Арнайы-педагог: Жарайсыңдар балалар бірінші тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді келесі тапсырманы орындайық.


ІІ тапсырма: «Өз үйіңді тап!» ойыны

Ойын шарты: Тақтаға үйдің суреті ілінеді. Ал балаларға үшбұрыш, тікбұрыш, дөңгелек, шаршы пішіндері беріледі. Суретке қарап осы пішіндерден өз үйлерін құрастырады.

- Балалар біз үйімізді нелерден құрастырдық?

- Геометриялық пішіндерден.

Арнайы-педагог: Жарайсыңдар балалар екінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Енді келесі тапсырма бізде жапсыру.


ІІІ тапсырма: «Қазақ үй» жапсыру

Ойын шарты: Түрлі – түсті қағаздан ұлттық ою − өрнектер қиып дайындалады. Балалар қазақ үйге ою − өрнектерді желіммен жапсырып, безендіреді.

Арнайы-педагог: Жарайсыңдар балалар!

- Сендер нені безендірдіңдер?

- Қазақ үйді.

- Мұнда кімдер тұрады?

- Отбасы мүшелері.

Арнайы-педагог: Жарайсыңдар балалар үшінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Енді келесі тапсырманы орындаймыз.




Оқушылар берілген суреттерді отбасы ағашына орналастырады
























Оқушылар геометриялық пішіндер арқылы, суретке қарап үй құрастырады.











Оқушылар берілген қазақ үйге қазақи оюларды жапсырып, безендіреді.




Сабақтың соңы


IV тапсырма: «Кім немен айналысады?»

Ойын шарты: Үстел үстіне газет, тоқыма жіп, жөндеуге арналған заттар, ыдыстар қойылады. Балалар отбасында кімнің немен айналысатынын табуы керек.

Арнайы педагог: Отбасында ата немен айналысады?

Газет, кітап оқиды.

Әже немен айналысады?

Жіп иіріп, тоқыма тоқиды.

Әке немен айналысады?

Бұзылған заттарды жөндейді.

Ана немен айналысады?

Шәй құяды, тамақ жасайды, үй жинайды.

Арнайы педагог: Жарайсыңдар балалар! Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар.



Оқушылар үстел үстіндегі газет, тоқыма жіп, жөндеуге арналған заттар мен ыдыстардың суреттерін жапсырады.




Кері байланыс


Қорытынды: Балалар бүгін біз қандай тақырыпта сабақ өттік? Обасы туралы. Отбасы мүшелері кімдер екен? Ата, әже, ана, әке, аға, іні, қарындас, сіңілі. Отбасында ең үлкені кім екен? Ата мен әже, олардан кейін әке мен ана. Оларды сыйлап, құрметтеу біздің парызымыз. Бәрімізде балалар ата анамыздың құшағында бақытты өмір сүріп жатырмыз, солай емеспе? Олай болса бүгінгі отбасы жайлы сабағымыз аяқталды.


Бағалау: Жарайсыңдар балалар,бүгін барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар сендер өте ақылды, зерек балаларсыңдар. Мен барлық отбасыларыңа амандық, дендеріңе саулық тілеймін! Сау болыңдар балалар.


Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша арнайы-педагогпен кері байланыс орнатады.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!