400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Менің сүйікті ойыншығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойыншықтар туралы түсінік беру. Қол жетімді матадан ойыншық құрастырып үйрету. Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойыншықты жақсы көріп, ұқыпты күтіп ұстауға үйрету. Билингвальді компонент: Ойыншықтар – игрушки, қонақтар – гости. Көрнекіліктер: Ойыншықтар, бейнежазба, суреттер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Ашық оқу қызметі: Құрастыру

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемі»

Мақсаты: Ойыншықтар туралы түсінік беру. Қол жетімді матадан ойыншық құрастырып үйрету. Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойыншықты жақсы көріп, ұқыпты күтіп ұстауға үйрету.

Билингвальді компонент: Ойыншықтар – игрушки, қонақтар – гости.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар, бейнежазба, суреттер.

Оқу қызметінің барысы:

  • Қане барлығымыз орнымыздан тұрып бізге қонақ болып келіп отырған апайлармен амандасып алайық.

  • Сәлеметсіздерме апайлар, біз «Еркем – ай» тобымыз!

  • Жарайсыңдар балалар, қане барлығымыз шеңбер құрып жылулық шеңберімізді орындайық.

  • Балалар менің қолымда сиқырлы гүл бар, қане балалар осы сиқырлы гүлге тілектерімізді айтайықшы, сиқырлы гүл біздің тілектерімізді орындайды.

  • Балалар өз тілектерін айтады.

  • Өте жақсы балалар! Сендердің тілектерің, орындалады деп сенемін.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілінде неше ай бар?

  • Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер байқалады?

  • Балалар, бір аптада неше күн бар?

  • Осы апта күндерін кім маған орысша айтып береді?

  • Жарайсыңдар, өте жақсы.

  • Балалар жаңа оқу қызметін бастамас бұрын өткен оқу қызметін есімізге түсіріп өтейік.

  • Біз өткен оқу қызметінде нені құрастырдық?

  • Түрлі- түсті пирамиданы

  • Қане, балалар, пирамиданың түстерін қайталап, дөңгелектерін санап шығайық.

  • Жарайсыңдар балалар, сендердің ептіліктеріңе ризамын.

  • Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп отыр, ойынның аты «Не жаман не жақсы?» . Ойын шарты: балаларға сурет көрсетіледі егер суретте теріс қылықтар жасап тұрған балалар болса аяқтарын топырлатады, ал егер ұқыпты бала болса, қол соғады.

  • Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы!

  • Балалар енді көңілімізді тақтаға аударайықшы.

  • Тақтадан ненің суреттерін көріп тұрмыз?

  • Ойыншықтардың.

  • Дұрыс балалар.

  • Балалар ,қараңдаршы, мына ойыншықтар неден жасалғанын айтып өтейін. Мынау қуыршақ пластмассадан жасалған, ал мына құрастырғыштар ағаштан жасалған, ал мына ойыншықтар резинадан жасалған. Енді балалар мына ойыншықтарға көңіл бөлейікші, бұл ойыншықтар жұмсақ матадан ішіне мақта салып жасаған екен.


  • Ал сендер білесіңдер ме, бұл ойыншықты біздер қайдан аламыз?

  • Дүкеннен

  • Дүкеннен сендерге кім алып береді?

  • Аналарымыз

  • Ия балалар, ал аналарың, әкелерің, ата-әжелерің бір сөзбен айтқанда кімдер?

  • Отбасымыз.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар.

  • Ойыншықтардың барлығын ойыншық жасайтын арнайы фабрикада жасайды екен. Ол жерде үлкен ағайлар мен апайлар ойыншықпен сендер сиқты кішкентай бүлдіршіндер ойнасын деп ойыншықтар жасайды екен.

  • Балалар ендеше теледидарға назар аударайықшы. Балаларға бейнежазба арқылы түсіндіріп өту.

  • Балалар есікті біреу қағып тұрған сиқты?

  • Ой, сәлеметсізбе қуыршақ Әйгерім

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Балалар мен сендердің ойыншық жасайын деп жатқандарынды естіп келіп тұрмын.

  • Мен жұмсақ ойыншықтарымды жоғалтып алдым, сендер маған көмектесесіңдер ме?

  • Балалар қуыршақ Әйгерімге көмектесейік, жасаған ойыншығымызды қуыршақ Әйгерімге сыйға тартсақ қалай болады, келісесіңдер ме?

  • Ия, апай.

  • Балалар олай болса қуыршақ Әйгеріммен сергіту жаттығуын орындап алайықшы.

  • Жарайсыңдар балалар.

  • Енді балалар бізде осындай жұмсақ ойыншық жасап көремізбе?

  • Балалар біз ерекшелетіп аяққа киетін нәскиден жасап көрейік. Үйде қол жетімді барлығымызда жаңа нәски бар. Аяққа жылу ретінде қолданбай, сонымен қатар бұдан ойыншық жасауға да болады екен.

  • Алдарыңда жұмсақ мақта және нәски бар, сол нәскидің ішін жұмсақ мақтамен толтырып, бізде әдемі етіп ойыншық кұрастырып көрейік.

  • Балалар ойыншық жасауға кіріседі.


  • Ой жарайсыңдар балалар! Мен сендерге өте ризамын. Тек сендер маған ойыншықпен ұқыпты ойнауға уәде бересіңдер ме?

  • Уәде береміз.

  • Балалар қане, мен сендердің жасаған ойыншықтарыңнан біразын таңдап алып тақтаның алдына қойып қояйын.

  • Қане балалар сендер маған қанша ойыншық тұрғанын санап беріңдерші?

  • Балалар қуыршаққа бейнежазбамыз арқылы санап берейікші.

  • Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.

  • Балалар менің қайтатын уақытым келді, сендерге көп рахмет, сендердің көмектеріңнің арқасында, менің ойыншықтарым көп болды.


  • Балалар мен сендерге сыйлық алып келдім, сыйлықты апайларың таратып береді.

  • Қош сау болыңдар!

  • Сау болыңыз!

  • Балалар біз бүгін қандай ойыншықтар құрастырдық?

  • Жұмсақ ойыншықтарды.

  • Балалар нәскиден де ойыншық құрастырып жасауға болады екен.

  • Ойыншықтармен не істейді?

  • Ойнайды.

  • Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты: тақтаға пішіндер ілінеді, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол қандай ойыншық екенін табу керек.

Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина т.б.

  • Балалар сонда бұлар ненің суреттері?

  • Ойыншықтардың.

  • Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге бес жұлдыз бергім келіп отыр. Барлықтарың белсенді қатыстыңдар. Рахмет сеңдерге.

  • Балалар, апайлармен қоштаспас бұрын «Тілектер тізбегін» сыйға тартайықшы.


  • Нанымыз көп болсын!

  • Еліміз аман болсын!

  • Досымыз көп болсын!

  • Деніміз сау болсын!

  • Әке-анамыз аман болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Елбасымыз аман болсын!

  • Балабақшамыз өрлей берсін!

  • Бақытты ел болайық!

  • Сау – саламат болайық!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі