400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ : Менің үйім 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзтаздарға және оқшыларға керек болып қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану сабағының жоспары



Мектеп: Жаңаөзен қаласы №11 орта мектеп.

Тақырып: Менің үйім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отбасындағы жауапкершілік, тәртіптілік, риясыз сүйіспеншілік

Мұғалiм: Шамшетова Баян Онгарбаевна

Сынып: 1

Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп, әңгімелеу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

- оқушыларға отбасы ұғымының мәнін аша отырып, жауапкершілік қасиетін үйрету;

- оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау арқылы татулық қасиетін дамыту;

- оқушыларды отбасын құрметтей отырып, жауапкершілікке, тәртіптілікке, татулыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, күнделік, АҚТ, түрлі түсті дөңгелекшелер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Өзін-өзі тану сабағының ережесі «5-Т» қайталау, «5» жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Сергіту сәті

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!



Сабақ барысын талдау:


Шаттық шеңбер

2. Үй тапсырмасын тексеру

№ 9сабақ 44-45 бет «Отбасы татулығы».

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Отбасының татулығы, бірлігі, кімге, неге байланысты?

  • Әрбір адам оған жауапты ма?Неліктен?

  • Отбасында қандай бала,аға,іні,әпке қарындасың бар?


Оқулық

3. Дәйексөз

«Отан- отбасынан басталады»

Мақал

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Отбасында сүйіспеншілік сезімдерін кімдерден үйренеміз?

  2. Отанға, отбасымызға деген риясыз сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз?


Оқулық


  1. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.

«Тату ағайындар»

Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату – тәтті өмір сүреді.

Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.

Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады. «Жоқ, біз егіндідұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек.»

Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта – қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»

Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

  • А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?

Інісі айтады:

  • А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?

Екеуі де үндемей қалады, бір – бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жібереді. Осыдан кейін екеуі бір- бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді. Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Әңгіменің соңында екі ағайындының бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  2. Адамдар бір – біріне деген риясыз сүйіспеншілігін қалай білдіреді?









Әлеуметтік желі

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс



Ойын: «Менің отбасым»

Менің отбасым көңілді, өйткені...

Менің отбасым мейірімді, өйткені...

Менің отбасым бақытты, өйткені...

Менің отбасым тату, өйткені...

Менің отбасым әдемі, өйткені...

Менің отбасым қайырымды, өйткені...

Менің отбасым қонақжай, өйткені...

Менің отбасым сыйласымды, өйткені...




Фигуралар арқылы топқа бөлу.

6. Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзі: Сержан Молдасанұлы

Әні: Фарида Жолдасова

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



Үнтаспа


7. Үйге тапсырма.

№10 сабақ 48 бет «Ғажайып»


Оқулық


8. Қорытынды. «Соңғы тыныштық сәті»

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Үнтаспа





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі