400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ : Мынау-қонжық па?! Бұл-жұмсақ ойыншық. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-БӨЛІМ: ӨЗІМ ТУРАЛЫ 6-САБАҚ

Тақырыбы: Мынау-қонжық па?! Бұл-жұмсақ ойыншық.

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

2- сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.1.1 ауызша тіл жəне тыңдау-көру материалын тыңдау жəне қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау

2.3.1.1 мəтінді мəнерлеп жəне қатесіз дауыстап оқу.

2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы əңгімеге қатысу жəне сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шағын сөйлемдер арқылы өз ойын білдіреді.

Ойыншық аттарын айта алады,олардың сыртқы тұлғасын сипаттайды, жаңа сөздермен сөз тіркесін, қысқа сөйлемдер құрастыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырып көлемінде бірнеше қарапайым
сөйлемдерді қолдану арқылы тілдесім әрекетіне түсе алады.
Ойыншық аттарын және оларды сипаттау үшін берілген «жұмсақ, қатты» сөздерін қолданып сөйлемдер құрай алады. Диалог құрастырады.

Кейбір оқушылар: тақырып аясында достарымен белсенді тілдік
қарым-қатынасқа түсе алады.
Ойыншық аттарын және оларды сипаттау үшін берілген «жұмсақ, қатты» сөздерін пайдаланып сипаттау мәтінін құрай алады. Мәтінге қатысты сұрақтар қояды.

Жетістік критерийлері


Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Мәтінді тыңдайды, қарапайым сөйлемдерді түсінеді және қайталайды;

Мәтінді мәнерлеп және қатесіз оқиды;

Тілдік нормаларды сақтайды, сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді;

Сөздерді орнында қолданады, иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазады.

Дискриптор

Әр жолдағы артық сөздерді таба алады;

Суреттердан пайдаланып өз отбасы туралы айтады;

Сұрақтарға жауап жазады;

Қажетті сөздерді қойып мәтінді көшіріп жаза алады.

Жаңа сөздер:

Қатты, жұмсақ, қоян

Сабақта қолданылатын
материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян, түрлі-түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар, аңдардың суреті, жұмсақ ойыншықтар, фишкалар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ойыншықтар әлемі» бейнебаяны, «Сиқырлы суреттер» ойыны, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Сабақтың барысы







Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға
психологиялық
ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңбері» тре-
нингін өткізеді.

Сәлем! - деймін достарға,

Шаттық әнге басамын.

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да жазамын.

Білім нәрін таратқан,

Ұстазда ылғи назарым...

Мұғаліммен бірге өлең жолдарын
қайталайды. Сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты
тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Үй тапсырмасын айтады, тақырып
бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты
ояту

Интерактивті тақтадан оқушыларға «Ойыншықтар әлемі»
бейнебаянын көрсетеді. Ой қозғау сұрақтарын қояды:

- Балалар, біз қандай ойыншықтарды көрдік? Сендер бұл ойыншықтар жайлы қандай ақпарат алдыңдар? Оларды сипаттап беріңдерші.

Бейнебаянды көреді, ойыншық
түрлерін атайды, сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа
сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға
жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді
оқиды, сұраққа жауап береді.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Сөздер қатарын оқып,
артық сөздерді табады.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2 -тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сурет бойынша
сұрақтарға жауап беріп, өз отбасы
туралы айтады.

4. Мәнерлеп оқу. «Жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. «Білгенге маржан!» айдарымен берілген жұмбақты оқиды. Жауабын іздетеді.

Оқылым. Айтылым.

Тыңдайды, мәнерлеп оқуға
машықтанады, жаттайды.

Жұмбақты оқиды. Жауабын табады.


5. Сергіту сәті. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Мұғалім оқушыларға «Жоғалған буынды тап!» ойынын жазылымға қатысты орындатады.

Арыс пі, жол...рыс, ...кі, қон...

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Оқушылар дәптерлеріне
берілген сөздерді жазып, жоғалған буынды табады.
Айтылым. Досына сұрақ қойып,
диалог құрады.

IV. Бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім 5-тапсырманы орындатады. «Сиқырлы суреттер» ойынын ойнатады.

Айтылым. Бөлшектерден
ойыншықтардың тұтас суретін
құрастырады.

V. Бағалау

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех-
никасы бойынша өзара бір-бірін
бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желім ңағаздар таратып береді.

Оңушылар сабаңтан алған әсерлерін желім қағаздарға жазып, тақтаға іледі.

Қосымша ақпарат

Қортындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.

Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
2497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі