400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. " Не дәмді?"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Не дәмді?» ертегі барысында сөздік қорындағы лексиканы тиімді пайдалануын дамыту. Ертегілер оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Не дәмді?

Мектебі: Ақтөбе қаласы. № 11ОМГ

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Усенбаева Айнур Онгарбаевна

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 17

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

1.2.1.1. Сөздік қорындағы лексиканы тиімді пайдалана алу дағдысын дамыту. Ертегілер оқуға деген қызығушылығын арттыру.

1.4.1.1.Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

1.2.2.1 - сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)

Сабақ мақсаты

«Не дәмді?» ертегі барысында сөздік қорындағы лексиканы тиімді пайдалануын дамыту. Ертегілер оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Психологиялық ахуал

1,2,3

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз

Оқушылар ортаға шығып шеңбер жасайды.Үйге берілген тапсырманы суретке қарап тапсырманы айтып шығады.

Оқушылар орындарына отырмай тұрып,геометриялық пішіндер арқылы топқа бөлінеді.

Мұғалімнің көмегімен оқушылар тақырыпты анықтайды.

-Мысық не жақсы көреді?- деген сұраққа

-мысық сүт жақсы көреді.- деп жауап береді.

-сүт қандай?

- сүт дәмді.

- балалар сендер не жақсы көресіңдер, сендерге не ұнайды?

-менде сүт жақсы көремін- деген секілді жауаптарды айтады.

Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Не дәмді?» деп аталады.







«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреті.



Геометриялық пішіндер

Сабақтың ортасы (6-33 минут)

Сөздікпен жұмыс.

1. Мұғалім сөздің мағынасын түсіндіреді.

2. Сөзді дауыстап айтады, оқушылар қайталайды.

3. Сөздерді буынға бөлу.

сүт - молоко

сүйек - кость

Орамжапырақ – капуста

сәбіз - морковь

дән – зерно

(МК,Ұ) Оқулықпен жұмыс.

1.-тапсырма.Оқылым.Суретке қара.Тыңда,қайтала.

Мысық,ит,қоян,ешкі,тауық.

3.-тапсырма.Суретке қара.Тыңда қайтала.

-Ең дәмді не?

-Ең дәмді-сүйек.

-Ең дәмді-орамжапырақ.

-Ең дәмді дән.

Ең дәмді-сүт.

Ең дәмді-сәбіз.

.Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз

Қалтамызға саламыз.

Жазылым.Жазу дәптермен жұмыс. «і» дыбысы туралы айтып,түсіндіру.

Сызықтарды басу.Әріптерді бояу. Оқушылар дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды.

Тілдесім.Сурет бойынша сөйле. Оқушыларға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді А3 парағына жабыстыра отырып, ертегіні құрастырып шығады.

Тақтаға шығып әр топ өздерінің постерлерін қорғап шығады.

Постер арқылы оқушылардың сабақты игергенін аңғаруға болады.

Ең дәмді-дән.Ең дәмді-сүйек. Ең дәмді-сүт.Ең дәмді-сәбіз.

-тапсырма.Сұраққа жауап бер.

Ең дәмді не?

Оқулық

Суреттер










№2Жұмыс дәптері




А3 парағы, қайшы, желім.

Сабақтың соңы( 33-40мин)

(Қ)

Салыстырып оқу.Сұраққа жауапбер.

Сабақты қорытындылау.Жаңа тақырыпты бекіту

Сұрақ-жауап

Сөздікпен жұмыс:

Жаңа сөздерді меңгертуге арналған жұмыс түрлері:

• Жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазғызу.

• Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады

Қосымша ақпарат

Бағалау критериі

Сөздік қорындағы лексиканы тиімді пайдалана алу дағдысын дамытады. Ертегілер оқуға деген қызығушылығын арттырады.


Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасайды.


Дескриптор

Сөздік қорындағы лексиканы тиімді пайдалана алады. Ертегілер оқуға деген қызығушылығын арттырады.


Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жаза алады және постерлер жасай алады.


Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі