400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Ө ө дыбысы және әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепалды даярлық тәрбиешілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:16.03.2017ж

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Ө ө дыбысы және әрпі

Мақсаты: Ө дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ө дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Көрнекіліктер: сурет, кеспе әріптер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл-күйлерің қалай?

Ендеше шаттық шеңберіне тұрайық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Жарайсыңдар балалар, орнымызға отыра қояйық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа-райында қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?

-Қазір көктем мезгілінің қай айы?

-Наурыз айының нешінші жұлдызы?

-Бүгін аптаның нешінші күні?

Жарайсыңдар балалар, ал енді өткен тақырыбымызды еске түсірейік. Қандай дыбыспен және әріппен таныстық, кімнің есінде бар?

  • З дыбысы қандай дыбыс, қане айнамызға қарап, дыбыстап көрейік.

  • Қалай айтылады?

  • З дыбысынан келетін сөздерді кім айтады.

  • Жүзік, зымыран, жұлдыз деген сөздерде з дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездесіп тұр?

Жарайсыңдар балалар ендеше сергіту сәтін орындайық:

Сағат тіліндей, иіліп оңға бір,

Сағат тіліндей ,иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Балалар амандасады, шаттық шеңберіне тұрып, өлең шумақтарын айтады. Сұрақтарға жауап береді.








Өткен тақырыпты қайталайды.






Сұрақтарға жауап беру.


Сергіту сәтін орындайды.

Ұйымдастыру-шы іздестіруші

Жаңа тақырып.

Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдап отырыңдар. Біздің жұмбағымыздың жауабы жаңа тақырыбымызбен байланысты.

Сарғайып отсыз, піседі,

Үзіліп жерге түседі.

Жақсы жарайсыңдар балалар өрік, өзен сөздерін айтып көрейік

-Өрік сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

-Өзен сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

Ендеше балалар бүгін бүгін Ө ө дыбысы мен әріпімен танысамыз. Қанекей ө дыбысын дыбыстаймыз ө-ө-ө.

Ал енді бәріміз айнамызды алып, ө дыбысын айтып көрейік.

Ал, ө дыбысы қандай дыбыс?

Оны қайдан білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, ө дыбысы дауысты дыбыс, біз оны қызыл текшемен белгілейміз.

Суретпен жұмыс.

Оқулықтарымыздағы суреттерге қарайық, тақтада да тұр.

өрік өзен көз

Көз, өзен, өрік сөздері неше буыннан тұрады?

Бұл сөздерде неше дауысты дыбыстан бар?

Қане буындап кетейік.

-Балалар біздің оқулығымызда қандай шартты белгілер бар?

Мынау қандай шатты белгі?

Оқы

Берілген буындармен сөздерді оқимыз. Бәріміз хормен.

К - ө кө кө кө - рік Ө – р өр өр ө - рік

Ө – с өс өс ө – мір

Келесі шартты белгі қандай?

Жазу

Барлығымыз ө дыбысы мен әріпін ауада жазып көрейік.

Енді саусақ жаттығуын жасайық:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қаллам алайық.

Партаға түзу отырып,

Көркем етіп жазайық.

Енді маған қаламды ұстап көрсетіңдер. Денені тік ұстаймыз, дәптерімізді сәл көлбеу қоямыз, сол қолымызбен дәптердің шетін ұстап отырамыз, оң қолымызбен жазамыз.

Қаламды ө әріпінің жоғарғы нүктесіне қоямыз. Мен санаймын сендер асықпай жазындар 1,2,3,4,5

Келесі шатты белгі

Сөз құра.

Сөз құрайық - өс, өзен, көрік.

Келесі шатты белгі.

Сөйлем құра.

Өрік қызыл түсті.

  1. Өрік 2. қызыл 3. түсті

Алдымыздағы таяқшамен сөйлемді схема түрінде жазайық.

Ережені айтайық.

Сөйлем бас әріппен жазылады, соңына нүкте қойылады.

Жұмбақтың шешуін табады.









Жаңа тақырыппен танысады.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.








Суреттерді атайды, сөздерді буынға бөледі.










Буындар мен сөздерді оқиды.






Саусақ жаттығуын жасайды.








Сөздерді ойлап табады.



Сөйлем құрайды.

Рефлеесивті түзетуші

Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай дыбыспен, әріппен таныстық?

Жуан айтылама? Жіңішке айтылама?

Олай болса, ө дыбысына байланысты сөздерді бірге қайталап, бірге айтайық.

Жарайсыңдар балалар!

Мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ө дыбысы мен әріпін

Қандай түсініктерді игерді: Ө әріпін жазуды

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: буынға бөлуді, сөйлем құрауды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
1344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі