400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Отбасы-тәрбие бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған,іс-тәжірибе алмасуда көмеші сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы






№19 жалпы білім беретін мектебі

Әдіскерлердің қалалық әдістемелік

бірлестігіне арналған



«Отбасы- тәрбие бастауы» атты сұхбат

ата-аналармен жұмыс











Өткізген: Мдт тәрбиешісі: Халекенова А.Н

Орал – 2016ж

Отбасы - тәрбие бастауы

0

Мақсаты: Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Міндеті: Ата ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.

Жұмыс түрі: Дөңгелек үстел
Құрал жабдықтар: Слайд
Кіріспе сөз
Құрметті ата – аналар және қонақтар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.

Жоспар:

1. Шаттық шеңбер.Танысу 2.Ой қозғау. «Бала деген кім?» 3. «Менің тәрбием мынадай...» 4. «Кім жылдам?» сергіту ойыны. 5. Ситуациялық сұрақтар 6.Қорытынды
Ендеше ортамызға бір топ ата аналар қонақ болып келіп отыр таныс болыңыздар.

1. Шаттық шеңбер «Танысайық»

Шарты: Ата аналар дөңгеленіп шеңберге тұрып, кімнің анасы екенін, атын айтып таныстырады, қасындағы анаға жақсы тілек білдіреді.

2. Ой қозғау
Бала деген кім?

Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын
жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б



3. «Менің тәрбием мынандай...» деп аталады.

Бұл кезеңде әр ата ана өз отбасындағы беріп жатқан тәрбиесі туралы баяндау ұсынылады.

1.Бала тәрбиелеуде отбасының жауапкершілігі басым ба, әлде балабақшаның ба ? 2. Анасына баласының үнемі оның балабақшада жанжал шығаратындығы туралы ескерту жасалады. Осы үшін балаға ата ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.

Сұрақ: Баланың балабақшада үнемі жанжал шығаруы неліктен?

Осы жағдайда ата ана не істеу керек?

Баланың қандай құқығы бұзылады?



1.Балаңыз балабақшада тәрбиешілерді тыңдағысы келмеді сіз не істейсіз?

2.Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, еркелетпеді ойын сауық орталықтарына апармады. Ата анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді. Бала ата анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.

Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?



4. «Кім жылдам?» сергіту ойыны.

  1.  Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық:
    Ата - аналар дөңгелене тұрады
    Тәрбинеші сұрақ қойып допты береді ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді
    1. Балаңыздың туған күні қашан?
    2. Тәрбиешінің аты - жөні кім?
    3. Балабақшаның аты қалай аталады?
    4. Балаңыз қай топқа барады ?
    5. Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер?
    6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
    7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
    8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
    9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
    10. Ұяда не көрсең, ұщқанда соны ілерсің?
    5. Ситуациялық сұрақтар:
    1.Бала тәрбиелеуде отбасының жауапкершілігі басым ба, әлде балабақшаның ба 2. Анасына баласының үнемі оның балабақшада жанжал шығаратындығы туралы ескерту жасалады. Осы үшін балаға ата ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.

Сұрақ: Баланың балабақшада үнемі жанжал шығаруы неліктен?

Осы жағдайда ата ана не істеу керек?

Баланың қандай құқығы бұзылады?

  1. Балаңыз балабақшада тәрбиешілерді тыңдағысы келмеді сіз не істейсіз?

  2. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, еркелетпеді ойын сауық орталықтарына апармады. Ата анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді. Бала ата анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.

Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?



Қорытынды
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.











































Shape5 Shape6 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1













































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі