Шаттық шеңбері
«Гүл сыйлау»
Оқушылар шеңберге тұрғызып, бір-біріне жақсы
тілектер айтып гүл сыйлайды.
(Ұ.Ө) Жұмбақ
жасыру
Айбарлы сұсы
бар, Мүйізі айдай иірілген
Қанжардай тiсi
бар. Мұрнын көкке шүйірген
Тұла бойында
Ірімшік пен құрт майы
Тасыған күшi
бар, Жегенде тілді үйірген.
Күжiрейген
жалды, (Сиыр)
Бiлсең айт бұл
аңды? (Арыстан)
Иір-иір денесі, Қырда жүрер ол
жортып,
Сахараның кемесі Iнi де жоқ
бармайтын.
Ащы шөптер
тамағы Құйрығымен бұлтартып,
Шөлге шыдап бағады Қандай аң ол
алдайтын?
(Түйе) (Түлкi)
Миға шабуыл
Қалай ойлайсыңдар мен не үшін сендерге жұмбақ
жасырдым. Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп
атайды?
-Осы жануарлардың қайсысын
білесіңдер?
-Олар туралы не айта
аласыңдар?
-Қайсысын біз үнемі көріп
жүреміз?
-Бүгін біз нені үйренеміз?
МК
жануарлар деп атайды. Адамдар күтіп баптайтын
жануарлар үй жануарлары деп аталады.
Топқа бөлу.
«Үй жануарлары», «Жабайы
жануарлар», «Төлдер» .
(Т) 1-тапсырма . Суретпен
жұмыс «Ой
қозғау»
- Суреттегі жануарларды атайды.
-Осы жануарларды қандай топқа бөлуге болады?
-Бейнеленген жануардың қайсысы біздің елімізде тіршілік
етеді?

Мақсаты: жабайы аңдар мен үй жануарларын
ажырату; Нәтиже: оқушылар жабайы және үй жануарларын сурет арқылы
топтастырады. ҚБ «Керемет» деп үш рет қол
шапалақтайды. (Ұ) 2 тапсырма

-Суретте жануарлар не істеп жатыр
?
-Қандай жануарлар
бейнеленген?
-Бірінші суретте жануарлар не істеп жатыр?( ем
қабылдап жатыр)
-Құңдыз және иттің емделу ерекшелігі бар
ма?
-Құңдызға кім
көмектесуде?
-Ал
итке ше
-Ит
пен құңдыздың әрекеттерінде қандай айырмашылық
бар?
-Екінші суретте жануарлар не істеп жатыр?
(Қоректеніп жатыр)
-Олар қалай тамақтануда қандай айырмашылық
бар?
-
Үшінші суретте жануарлар не істеп жатыр?(Пана салып
жатыр)
-Мұнда қаңдай айырмашылық
бар?
Мақсаты:
Сұрақтар қою арқылы жабайы аңдар мен үй
жануарларының қалай қоректенетінін
түсіндіру.
ҚБ: «Мадақтама сөздер: жарайсың, өте жақсы,
керемет!
(Ө) 3 тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Әр қатардағы жануарлар
тобын ата. Бос орынға сол топқа жататын жануардың суретін
сал. 
Дескриптор:
-
суреттегі жануарлар тобын атайды;
-
бірінші қатарға жабайы жануардың суретін
салады;
-
екінші қатарға үй жануарының суретін
салады.
ҚБ. «Бас бармақ » әдісімен
бағалау
Саралау жұмысы
«Адасқан
жануарлар»
Суреттерді таратып беріп, әр жануарларды өз
мекеніне орналастыру керек.
Мысалы
И т
апан
Қасқыр үйшік
Ж ылқы атқора
Мақсаты:
Жануарлардың тұратын мекенін түсіндіру;
Нәтиже:
оқушылар жануарларды өз мекеніне
орналастырады.
ҚБ Смайликтер арқылы
бағалау
Сергіту сәті:
Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал
іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға
бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап
көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап
көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей
берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей
берді
4 тапсырма
(Ж)
«Жалғастыр» ойыны
Ит
– күшік мысық-марғау
Тауық-балапан
үйрек-балапан
Мақсаты:Үй
жануарларының төлдерін таныстыру
Нәтиже:Үй
жануарларының төлдерін біледі.
ҚБ.
«От шашу » әдісімен бағалау
5 тапсырма
.Зерттейік
Мақсаты:үй
жануарларының қораларын,азықтарын анықтау.
Нәтижесі:оқушылар үй жануарларының қоралары мен
азықтарының анықтайды, әңгімелейді.
ҚБ «Бағдаршам» әдісімен
бағалау.
Рефлексия
«Не
өзгерді?» ойыны
«Орман» және «үй» үлестірмелі материалдарды
таратып беру . Жануарларды атау жабайы жануарлар деп санаса
«Орман», үй жануары деп ойласа «Үй» суретін
көтереді
Өзін-өзі бағалау
Егер бүгінгі сабақты түсінсеңіздер, күннің
суретін салыңыздар.
Егер түсіндім, бірақ әлі сұрақтарым бар десеңіз,
күн мен бұлттың суретін салыңыз.
Егер түсінбесеңіздер, бұлттан жаңбыр
жауып тұрған суретті салыны
|