400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ : Пп дыбысы мен әрпі мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Камалова

Күні:

26.02.2019

Білім беру саласы:

Коммуникация

Тақырыбы:

Қонақ күту салтымыз. Пп дыбысы мен әрпі

Бөлімі

Сауат ашу негіздері

Мақсаты:

0.1.1.1.Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін( дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

Көрнекілігі:

Суреттер, Акт тақта, кеспе сөздер


Түйсік түрткісі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті


Тәрбиеленушілермен ынтымақтастық қарым- қатынасқа түсу. Шаттық шеңберіне жинау.

Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық. Сәттіліктер күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық. Мейірімді жүрекпен, Ақпейіл тілекпен, Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Топтарға біріктіру

Түсті қағаздар арқылы оқушыларды топтарға біріктіру. Қағаздың ішіне пілдің, пойыздың, партаның, пістенің суреттерін салу.

1.Балалар үйге қонақ келгенде не істейміз?

Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген  құрметті,  қамқорлықты  білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.  Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады.

Балалар бүгін біздің сабағымызға арнайы қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді тексеру үшін. Қонақты жақсылап күтіп, шығарып салуымыз керек. Ол үшін не істейміз? Сабаққа белсенді қатысып, бар білімімізді көрсетейік.

Қонақ-гость-guest

Топтық жұмыс

Пазл құрастыру.

- пойыз

- піл

- пісте

- парта



Балалар сендер ненің суретін құрастырдыңдар?

- пойыз

- піл

- пісте

- парта

Пойыз қандай әріптен басталады, піл қандай әріптен басталады, пісте қандай әріптен басталады, парта қандай әріптен басталады?

Балалар сендер құрастырған пазлдың барлығы п әрпінен басталады екен. Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қонақ күту салтымыз, Пп дыбысы мен әрпі»

Бейне жазба Пп дыбысының жазылуы

Бейне жазбаны арасында тоқтатып тақтаға жазып көрсету. Ауада жазып көрсету. Тақтаға оқушыларды шығарып, жаздырту.

Жеке жұмыс:

Дәптермен жұмыс. П әрпін дәптерге жаздыру

Сергіту сәті

Топтық жұмыс: Адасқан сандар

Пырақ, пәтер, кірпі, кітап

Жеке жұмыс: Әріптер сөйлейді

Әріптерді балаларға жеке-жеке таратып қандай дыбыс екенін сұрау.

Сұрақ-жауап (ұжымдық)

1.Дыбыс дегеніміз не?(айтамыз, естиміз)

2.Әріп дегеніміз не?(жазамыз, көреміз)

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?(екіге: дауысты, дауыссыз)




Балалар шаттық шеңберіне жиналады












Балалар жауап береді



















Сұрақтарға жауап береді












Өз жауаптарын айтады








Балалар сұраққа жауап береді











https://youtu.be/KVT77Ce9msQ

Нені біледі:

Қонақжайлық, қонақ күту ұғымдары жайлы біледі,

Қандай түсініктерді игерді:

қонақ, қонақжайлық, Пп дыбысы мен әрпі

Меңгерген дағдылары:

ұқыптылық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі