400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ . Қадыр Мырза Әли: «Жұмыстың жылуы» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, (үзіндісін мазмұндау) рөлге бөліп оқу ( сахналау) 2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы,

«Социалистік Еңбек Ері Қ. Әбсәметов атындағы орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Ережепова Айгуль Мусагалиевна

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мектеп: Социалистік Еңбек Ері Қ. Әбсәметов атындағы орта мектеп

Күні: 28.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: А. Ережепова

Сынып: 2 Б

Қатысқандар саны: 31

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен істейтін жұмыс бар

Мәтін :Қадыр Мырза Әли «Жұмыстың жылуы»

Оқу мақсаты

2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, (үзіндісін мазмұндау) рөлге бөліп оқу ( сахналау)

2.​2.​5.​1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндайды, рөлге бөліп оқиды,  мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтайды

Бағалау критерийі

-Шығарманың мазмұнын өз сөзімен мазмұндайды,

-Рөлге бөліп оқиды ;

-Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтайды;

Тілдік мақсат

Долы боран, тұлып, қамсау, шөрке, шым-шымдап

Құндылықтар

Балаларды топта жұмыс істеуге , рөлге бөліп оқуға, сұрақ қоя білуге баулу.

Пәнаралық

Байланыс

Дене шынықтыру, көркем еңбек, қазақ тілі

АКТ қолданылуы

акт

Ресурстар

Оқулық. нұсқаулық, суреттер

Алдыңғы оқу

Шынықсын денеміз. «Қыста қызық жұмыс бар»

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Партада дұрыс отыру;

Бірін – бірі итермеу;

Тазалық ережелерін сақтау;

Саралау

Сыртқы саралау

Бағалау

«От шашу» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

«Бас бармақ» әдісі арқылы

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайық

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір алайы

Үй жұмысы Бүркіт Ысқақов «Қыста қызық жұмыс бар» өлеңін жатқа сұрау.

ҚБ «Отшашу» әдісі арқылы бағалау;

Сабақтың ортасы

10 минут




5 минут







5 минут






5 минут






















8 минут









Сабақтың соңы

2 минут

Топпен жұмыс. Постермен жұмыс

«Дені саудың –жаны сау» бөлімі бойынша денсаулық туралы мақал – мәтелдер жазу.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Миға шабуыл

Қысқы еңбек түрлерін ата.

-Малды күтуге байланысты: шөп салу, су беру, қораны тазалау...

-Үй жылытуға байланысты: көмір әкелу, көмір жағу, от жару...

-Үй шаруасы: қар күреу, отын жинау...

Сабақтың мақсатын анықтау

Сұрақ – жауап арқылы сабақтың мақсатын ашып алу. Білім алушыларды сабақтың мақсаты мен критерийімен таныстыру.

Ұжымдық жұмыс . Жұптық жұмыс.

Түсіну. Өлеңді түсініп рөлге бөліп оқы.

Дескриптор:

  • Өлеңді түсініп, рөлге бөліп оқиды;

ҚБ. «От шашу» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

Сөздікпен жұмыс.

«Ойлан тап» ойыны

Жеке жұмыс.

Өлеңге сүйеніп, оның мазмұнын өз сөзіңмен әңгімеле. Шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықта.

Жұмысқа дейінгі баланың іс -әрекеті

Баланың жұмыс кезіндегі күйі

Жұмыстан кейінгі күйі

Сөзі:

Жеңіл желпі киініп,

Белді буып-түйініп, Жұмысқа тез кірістім,

Мол жаруға тырыстым

Киімі: жеңіл желпі

Апасының сөзі:

Долысының боранның!

Тұлыбыма орандым.

-Кімге қамсау тұлыбың?

От жағалық құлыным!

Киімі: су

Ісі:

Салдым күшті шым-шымдап,

Бірте- бірте шым- шымдап,

Бойға жылу тарады.

Апасының сөзі:

Ерледің,

От жақпай –ақ терледің!

Жылуы бұл жұмыстың,

Қызуы ғой бұл жұмыстың!

Дескриптор:

  • Шығарманың мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді;

  • Шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтайды;

ҚБ. «От шашу» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды

Сергіту сәті

Талдау. Дәптермен жұмыс

Өзің қыста қандай жұмыстар атқарасың? Әңгімелеп жаз.

Дескриптор:

  • Қыста қандай еңбек атқаратыны туралы әңгімелейді, дәптерге жазады;

Жинақтау.

Суреттегі еңбек түрі туралы әңгімеле.

Дескриптор:

  • Қыста қандай еңбек атқаратыны туралы әңгімелейді;

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалау;

Үй тапсырмасы:

Мен істейтін жұмыс бар

Мәтін : Қадыр Мырза Әли «Жұмыстың жылуы» 22-23 бет (мәнерлеп оқу)

Рефлексия:

Рефлексия сұрақтары:

Мен бүгін ....білдім. Мен .... үйрендім.

Менің көңіл күйім қәзір қандай? Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе?

Кері байланыс

Мен үшін бүгінгі сабақ.... Бүгінгі сабақ маған пайдалы болды, өйткені.....

Сабақ қорытындысында... Бүгін не үйрендік? Не білдік?

Қосымша ақпарат


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Балалардың барлығы ОМ (оқу мақсатына) қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

















































«С.Е.Е. Қ. Әбсәметов атындағы орта мектеп» КММ

2 «Б» сынып оқушыларының бастауыш апталығында өткізілген ашық сабағынан қорытынды рефлексия

Мәтін : Қадыр Мырза Әли «Жұмыстың жылуы»

Қосымша ақпарат


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқу мақсаттары талапқа сай күнтізбелік бойынша алынды.

Балалардың барлығы ОМ (оқу мақсатына) қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен?

-Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша өз сөзімен мазмұндады, рөлге бөліп оқыды,  мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтады. Балалардың барлығы белсенділік көрсетіп, сабақтың оқу мақсатына қол жеткізе алды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақта сыртқы саралау жүргізілді. Балалар топпен постермен жұмыс жасады. Мақал – мәтелдер жатқа жазып, оны оқып «Дені саудың – жаны сау» бөлімінің мағынасын ашты. Сонымен қатар, жұптық жұмыста балалар мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтады.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Дәптермен жұмыс жүргізген кезде қиындықтар туды. Уақыт тығыздығына байланысты, Өзің қыста қандай жұмыстар атқарасың? сұрағына бес –алты бала ғана жауап берді.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

-Дәптермен жұмыс жүргізуге 8 минут берілген еді, уақыттың тығыздығына байланысты 5 минут қана уақыт бөлінді.






Сынып жетекшісі: А. Ережепова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі