400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ " Қай мезгіл деп ойлайсың?" ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне төрт мезгіл туралы ашық сабақ ұйымдастырғанда үлгі көмек болар деп ойлаймын. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде балаларды сұрақ-жауап арқылы қызықтыруға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ Күні_______________

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бұл қай кезде болды?»

Мақсаты: а)Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту.

ә)жылдың төрт мезгіліндегі құбылыстарды салыстыру және айыра білу;

б) әр мезгілге сай киінуге дағдылану;

в)табығатты қорғау тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: жыл мезгілінің суреттері, өлеңнің тірек-сызбасы, слайд,

Әдіс-тәсілдері: Миға шабул,сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, ыстық орндық, слайд көрсету.

Іс – әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Шарттық шенбері

Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Балалар шеңберге тұрып,қимылдар жасайды.

Ұйымдас –тырушылық-

ізденістік


Кіріспе әнгіме Ендеше өз орындарына  барып отыра қояйық!
Балалар бүгінгі көңіл – күйлерін қандай?
Ендеше балалар, біз сендермен
«Тамаша» ойының ойнайық
 Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөздер айтқанда, сендер жақсы тамаша деп жұдырықтарынды түйіп бас бармақтарынды көтеріп бір – біріне көрсетесіңдер. Келістік пе?
«Балбөбек» шағын-орталығы қандай?
«Ортаңғы» тобының балалары қандай?
 «Көктем» мезгілі қандай?
Ғажайып сәт: Есік қағып қуыршақ  Әмина келеді
көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар Әминаға көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші: Әмина онда сен жақсылап жайғасып отыр, балалардың жыл мезгілдері туралы, оларды бір – бірінен қалай ажырата білу керек екенін тындап, байқап отыр.
Балалар, Әминаға көмектесеміз бе?


Жылдың неше мезгілі бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айларын атандар?

Ал, балалар, мен сендерге «Бұл қай кезде болады?» өлең-жұмбақты оқимын, сендер мазмұнын мұқият тыңдап, жауабын шешуге тырысындар.

«Бұл қай кезде болады?» өлеңін оқу (тірек – сызба бойынша).

  1. Қар – мұз еріп,

Су көбейіп,

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып

Бәйшешектер басады,

Айтындаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

  1. Күннің көзі шуақты,

Балалар жүр шомылып.

Көбелек қуып ойлайсың?

Қай мезгіл деп ойлайсын?

  1. Жапырақ сарғаяды,

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар жылы жаққа ұшады.

Айтындаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

  1. Шана зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Сұрақ – жауап

-Өлең жолдарында не туралы айтылған?

-Сендерге қай мезгіл ұнайды?

-Несімен ұнайды?

Сергіту сәті

Аула сырты баққа да,

Тұрғызамыз аққала!

Аққаламы жүрмейді,

Бізбен ойнап күлмейді

Қалжыңдап қар атсаң да,

Сөз қайтару білмейді.

Жыл мезгілдерінде болатын табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру:

  1. Аспаннан домалап

Көп моншеқ төгілді.

Бусанды бар алап,

Терілді, керілді.

  1. Жарқылдан соң жаңағы

Суға бөкті бар алап.

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты

Өрнек туды ғаламат.

  1. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, қашады.

  1. Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп тұр, қатты – ақ.

  1. Аппақ- аппақ көбелек

Жерге қонар себелеп.

Ақ жұлдызы жылтылдап

Ұстатпайды не керек.

.






Тамаша


Келістік








Тамаша


Тамаша


Әмина балалармен амандасады. Бүгін балабақшада балалардың «Жыл мезгілдері» туралы әңгімелесіп жатқандарын естіп әдейі келдім, мен жыл

мезгілдері туралы ештене білмеймін, бір – бірінен ажырата да алмаймын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-иә, көмектесеміз.

-төрт мезгілі

-көктем

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Балалар өлең-жұмбақты мұқият тыңдап, тірек-сыбаға назар аударадып, жұмбақты шешеді.







Көктемде




Жаз





Күзде




Қыс



Балалардың жауабы.




Балалар орындарынан тұрып,қимыл қозғалыстар жасайды.







Жаңбыр




Кемпірқосақ


Жел


Мұз




Қар


Тапсырманы орындайды.

Рефлаксиялық- түзетулік

Тәрбиеші жүргізілген оқу іс- әрекеттеріне қортынды жасайды.

Дидактикалық ойын: «Бақта ма? Бақшада ма?»

«жер, су, ауа» ойынын ойнату арқылы аяқтау.


Ойынға қызығушылық танытады.

Тапсырманы мұқият орындайд.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жыл мезгілдерінің бір – бірінен айырмашылығын ажырата біледі.

Игереді: тірек – сызба арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін.

Менгереді:табиғатты аялауды














№ Күні_________________

Білім беру салаласы:Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:"Бұл қай мезгілде болады?"
Мақсаты: баланың  жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту. Жыл мезгілдерін бір – бірінен  ажырата білу. Сөздік қорларын дамыту.

Білімділік: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; жылдың төрт мезгіліндегі құбылыстарды салыстыру және айыра білу;
Танымдық: Табиғат сұлулығын сезіне білу, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту.
Көрнекілік: Табиғат жайлы суреттер, презентация.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дидактикалық ойын,жұмбақ жасыру, слайд көрсету, миға шабул, суреттерге қарап ойлану

Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Тәрбиеші: Ендеше өз орындарына  барып отыра қояйық!
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі көңіл – күйлерін қандай?
Балалар: Тамаша
Тәрбиеші: Ендеше балалар, біз сендермен «Тамаша» ойының ойнайық
 Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөздер айтқанда, сендер жақсы тамаша деп жұдырықтарынды түйіп бас бармақтарынды көтеріп бір – біріне көрсетесіңдер. Келістік пе?
Балалар: Иә 

«Балбөбек» шағын-орталығы қандай?
:Тамаша.
 «Ортаңғы» тобының балалары қандай?
 Тамаша
  «Көктем» мезгілі қандай?
 Тамаша
 
Тәрбиеші:Күн жылынғанда қандай? 
 
Балалар:Тамаша
 
Тәрбиеші:Бүгін келген қонақтар қандай?
 
Балалар:Тамаша 
Ғажайып сәт: Есік қағып қуыршақ  Әмина келеді
Әмина балалармен амандасады. Бүгін балабақшада балалардың «Жыл мезгілдері» туралы әңгімелесіп жатқандарын естіп әдейі келдім, мен жыл мезгілдері туралы ештене білмеймін, бір – бірінен ажырата да алмаймын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар Әминаға көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші: Әмина онда сен жақсылап жайғасып отыр, балалардың жыл мезгілдері туралы, оларды бір – бірінен қалай ажырата білу керек екенін тындап, байқап отыр.
Тәрбиеші: Балалар 1 жылда  неше жыл мезгілі бар?
Балалар: Төрт жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші: Қандай?
Балалар: Қыс, Көктем, Жаз, Күз.

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктем мезгілінің айларын кім атап бере лады?

Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! 
Тәрбиеші: Балалар сендер циркке барып көрдіңдер ме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Ал сиқырды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Ендеше балалар кәне көзімізді жұмайық (музыка естіледі)
(осы кезде тәрбиеші сиқыршы киімін киіп алады)
Балалар қараңдаршы мені сиқыршы сиқырлап кетті. Мен енді сиқыршымын, міне сиқырлы таяқшам бар! Мен сендерге сиқырымды көрсетпес бұрын бір жұмбақ жасырамын! Сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар!

Жұмбақ

Шана зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: «Қыс» мезгілінде
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бұл қыс мезгілі екен!
Ендеше мен сиқырлы таяғыммен сиқыр жасаймын.
(сиқырмен «қыс» мезгілінің слайд көрсетіледі)
Тәрбиеші: (Слайд бойынша қыс мезгілінде болатын құбылыстар түсіндіріледі)
Кәне кім қыс туралы тақпақ біледі?

Айлина:Аққала біз жасаймыз,
             
Қармен атысып ойнаймыз.
Қыс келгенде қуанып

Қыс қызығын тойлаймыз.
Рахмет, Айлина!

Тәрбиеші:Жұмбақ
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде  болады?
Балалар: «Көктем» мезгілінде.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар ендеше мен сендерге тағы бір сиқыр көрсетейін.
(сиқырлы таяқшамен көктем слайды көрсетіледі)
Тәрбиеші: Көктем туралы кім тақпақ айтады?
Алишер:  Көктем қандай көңілді,
             Көктен жаңбыр төгілді.
             Жыршы құстар көп келді,
             Гүлдер жапты бөктерді.
Тәрбиеші: Өте жақсы Алишер  рахмет!

 Сергіту сәті:
Жел уледі –у- у- у
Боран соқты ду- ду –ду
Қатты-қатты жел соқты гу- гу –гу 
Жапырақтар қол соқты ду- ду – ду
Шыдай алмай жапырақтар ах – ах 
Билеп кетті қалтырап пах – пах

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешуін табасыңдар ма?
Жұмбақ

Күннің көзі шуақты,

Балалар жүр шомылып.

Көбелек қуып ойнайсың?

Қай мезгіл деп ойлайсын?

Балалар: «Жаз» мезгілінде.
(Презентация арқылы жаз мезгілінің құбылыс
тары көрсетіледі)
Тәрбиеші: Жаз туралы кім тақпақ айтады?
 Нұралы : Жазды ыстық сүйемін,
                   Сайраңдап жүремін.
                   Суына шомылам,
                    Күніне күйемін.
Тәрбиеші: Өте жақсы рахмет Нұралы!
Балалар мен сендерге қоятын соңғы жұмбағым бар сендер шешіп көріңдер.

Жапырақтар сарғаяды,
Күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады

Құстар жылы жаққа ұшады.
Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай  мезгілде  болады?
Балалар: «Күз» мезгілінде.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар! 
Тәрбиеші: Маған күз мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріңдер.
(презентация арқылы күз мезгілі суреттері көрсетіледі, түсіндіріледі.)
Күз мезгілі туралы кім тақпақ айтады?
Айдын: Ой балалар, балалар,
                 Қоңырқай күз болыпты.
                 Қурап жапырақ солыпты,
                 Ел егінін орыпты.
Тәрбиеші: Рахмет Айдын.
Балалар сендер жыл мезгілдерінде болатын құбылыстарды көрдіңдер, білдіңдер,өздерің де  көрсетіңдер, ендеше балалар көзімізді жұмып, мен тағы бір сиқыр көрсетемін.
(Балалар көздерін жұмып отырады)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мен сиқырлы таяқшаммен шарларды ұшырып әкелдім. Бұл шарлар жәй шар емес сиқырлы шарлар. Мен бұл шарларды сиқырладым. Ішінде не жасырынған көргілерің келеді ме?
(Шар жарылады, ішінен ойын тапсырмалар шығады)
Ойын: Дидактикалық ойын: «Бақта  ма? Бақшада ма?»
Ойын шарты түсіндіріліп ойнатылады.
(Екінші шар жарылып ішінен тапсырма  шығады)
Тапсырма: әр жыл мезгілдерінің тұсына  мына кесілген бөлшектерді тиісті мезгілге жабыстыру.
Тәрбиеші: Әмина біздің балалар саған жыл мезгілдерін бір – бірінен  қалай ажыратуды үйретті, енді сен  өзін осы балалар сияқты ажырата алаласың ба?
Әмина: Балалар,сендерге көп рахмет, мен сендерден  жыл мезгілдерін  бір – бірінен қалай ажырату керек екенін түсіндім, енді мен сендермен қоштасайын. Сау болыңдар
Балалар: Сау бол Әмина
Қортынды: Балалар міне біздің бүгінгі  сабағымыз  таңғажайып сиқырлы болды.
Сендер не көрдіңдер? нені білдіңдер? кімге көмектестіңдер?
Б:(Балалар өз ойларын айтады) жыл мезгілдерін оның құбылыстарын, көріп білгендерін айтады. Әминаға көмектескендерін айтады.
Ендеше балалар осымен сабағымыз  аяқталды. Қонақтармен қоштасайық!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1068
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі