400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ : қайталау сабағы" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал 3 сыныптарға арналған ашық сабақ. қайталау сабағы. бұл сабақ ұстаздарға, сондай-ақ жас мұғалімдерге көп көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының ) периметрі және ауданы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды бекіту.
1. Білімділік: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып олардың периметрі мен ауданын табуға, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту. Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын арттыру, өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Отанды сүюге тәрбиелей отырып, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: ойындар, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. - Балалар,бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.


Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Сәлем бердік сіздерге

Басты иіп бәріміз

2. Психологиялық дайындық
Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде

Математиканы оқимыз

Миымызға тоқимыз



-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін! Математика-Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен.Яғни математиканы білсек барлығын да біледі екенбіз.

Мақсат қою кезеңі.

-Балалар ,алдымызда қандай үлкен мереке келе жатыр? Еліміздің тәуелсіздігінің неше жылдығын атап өткелі отырмыз?

- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

- Дұрыс. Қазақстанды осы 25 жылдың ішінде бүкіл әлем таныды. Қазақстан өз дамуына жаңа серпілістер жасап, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына меже тұтып отыр

- Еңселі елулікке ену үшін біз қандай болуымыз керек?

- Білімді болуымыз керек.

- Еліміздің негізгі тірегі, жарқын болашағы , яғни сендер – білімді де білікті, дарынды болуларың керек.

Балалар, бүгін біз сендермен тәуелсіз еліміздің бірнеше облысына ұшақпен саяхатқа шығамыз. Ұшақпен ұшу үшін біз қай қалаға баруымыз керек?

Саяхатқа дайынбыз ба? Ендеше алдымен автобусқа билет алайық.(автобусқа билет-үй тапсырмасы)

3. Үй тапсырмасын тексеру: смайликтерді ілу (бір-бірімен дәптер алмасу, бағалау)
92 бет № 7
Теңдеулерді шеш.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс.
Ал енді ұшаққа отыру үшін біз билет сатып алуымыз керек.
«Билет ал» ойыны.Біз 1-нші сыныптан бастап ертегі кейіпкерлерімен доспыз. Сол жақын достарымыздан ұшаққа билет сатып аламыз.
ауызша есептеу

Әуежай қызметкерлері де бізге тапсырма дайындап қойыпты:

(смайлик ілемін)

Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
-
Тік төртбұрыш деген не? (Тік төртбұрыш-барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш)
- Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар?
- Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?
• Периметр деген не? (көпбұрыштың периметрі деп оның барлық қабырғаларының қосындысын айтады)
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз.
Р =а + в + а + в
- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
Оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.
S = а * в


- Неге бұл фигураны шаршы дейміз?
- Шаршының неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар?
- Шаршының периметрін қалай табамыз?
- Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз:
Р =а + а + а + а
- Шаршының ауданын қалай табамыз?
Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.

S = а * а
Жарайсыңдар, балалар,енді ұшаққа отырып саяхатымызды бастаймыз. Біз
Қарағанды облысына келіп жеттік. Қарағанды облысы немен әйгілі? (көмір өндірісі)

Дәптермен жұмыс: Осы күн есімізде қалатындай, бүгінгі күнді өзіміздің дәптерімізге жазып қоялық.

Балалар, Қарағанды қаласының тұрғындары бізге мынадай тапсырма дайындап қойыпты:(смайлик іліп тапсырманы оқимын) Ұзындығы 4см, ені 2см тіктөртбұрыш сызыңдар. Периметрін тап. Ауданын тап.

Р-(а+в)*2 S-а*в

Шаршы сыз. А-3см. Периметрін тап. Ауданын тап.

ІҮ. Жаңа сабақ: Тік төртбұрыштың ( шаршының ) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады:
1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;
Р =а + в + а + в
2 - тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2 - ге көбейту арқылы
Р =(а + в ) * 2
3 - тәсіл: оның ұзындығын 2 - ге көбейтіп және енін 2 - ге көбейтіп, мәндерін қосу арқылы.
Р =а * 2 + в * 2
Тік төртбұрыштың ауданын тәсілмен табуға болады:
1 - тәсіл: оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.
S = а * в

Шаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады:
1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу;
Р =а + а + а + а
2 - тәсіл: оның бір қабырғасының ұзындығын 4 – ке көбейту;
Р =а * 4
Шаршының ауданын былайша табуға болады:
Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.
S = а * а


Қарағандыдан Қызылорда облысына келіп жеттік. Қызылорда облысы немен әйгілі?(Күріш, мақта)
Шиелі - Телікөл каналы, Қызылорда облысы Шиелі, Сырдария аудандары жерінде. Жалпы ұзындығы 90 км, ені 6 – 10 м, тереңд. 3 – 4 м. Каналдың жалпы орташа су ағымы 12 м³/с. Суымен 50 мың га - дан астам жер суландырады.

Шиелі - Шіркейлі Каналы – Қызылорда облысы Сырдария ауданының Шіркейлі тармағы аңғарында. Басын Сырдария өз - нен алады. Каналдың жалпы ұзындығы 139 км, ені 13 – 18 м, тереңд.
4 – 6 м. Орташа су ағымы 51, 5 м³/с. Канал 20 мың га жерді суландырады.

Шиелі - Телікөл каналының ұзындығы - 90 км
Шиелі - Шіркейлі каналы -? км, 49 км ұзын
Ш: 90 км + 49 км = 139 км ( Шиелі - Шіркейлі каналы)
90 км + 139 км = 229 км
Ж: екі каналдың ұзындығы 229 км
7
. Сергіту сәті 8 слайд
Атырау облысына жеттік. Атырау облысы немен әйгілі?

Атыраулықтардыңда бізге дайындап қойған тапсырмасы бар екен.94 бет №4

Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м - дей, салмағы 200 кг - га дейін жетеді.

Бекіре балығының массасы - 80 кг
Қара уылдырық - ? кг төрттен бір бөлігі
Ш: 80: 4 = 20 ( кг )
Ж: бекіренің қара уылдырығы 20 кг.






Өзіндік жұмыс
№ 7

12 см кесінді сызу.
Төрттен бір бөлігі - 3 см
Алтыдан бір бөлігі – 2 см
9. Үйге тапсырма: 94 бет № 5
8. Сабақты қорыту: Сабақ ұнады ма ?Рефлексия Смайликтерге стикер жапсыру.

10. Оқушылардың білімін бағалау. Өлеңдерін оқиды.







































Өзіндік жұмыс:
«Есептеуге көмектес» ойыны 11 слайд
Екі оқушы Асан мен Үсен бақшаның периметрін есептеп отыр. Балаларға есептеуге көмектесіңдерші. Бақша шаршы тәріздес, бір қабырғасының ұзындығы 20 м, бақшаның ауданын табыңдар?
• а=20 м
• Р=? S=?
• Р=20*4
• Р=80 м. кв
• S=20*20
• S=400 м. кв

12 слайд
Тік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады.
Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады.
Шаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады.
Шаршының ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.

6. Оқулықпен, дәптермен, тақтамен жұмыс:
5 слайд
№ 1 а) Ауызша талдау.
ә) Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу. Олардың аудандары мен периметрлерін табу.
«Тез есепте» ойыны.
Барлық қабырғасы тең екен,
Өлшеп көрсем төрт екен.
Табуды біз үйрендік,
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
Бұрыштары тік болса,
Қабырғасы төртеуден.
Ұзындығы 3 болса,
Ені оның 2 - ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
№2 6 слайд
Күнтізбенің ұзындығы - 10 см
Ені – 7 см
Күнтізбе беті -? кв см – ге бөлуге болады
Ш: S = 10 см * 7 см = 70 кв см

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі