жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ : "Қандай мамандар сұраныста ?"
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
|
ТАӘ (толық) |
Саденова Л.К. |
|
Пән |
Қазақ тілі |
|
Сынып |
10 А |
|
Күні |
17.01.19 ж |
|
Қосымша әдебиет: |
интернеттен |
Сабақ тақырыбы: Қандай мамандар сұраныста ?
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды мамандық тақырыбы бойынша білімдерің кеңейту;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, сұрақтарға дұрыс жауап беруге, түсінгенін, білгенін байланыстырып айтуға жағдай жасау, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
2. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
3. Оқушылардың жұмыс формасы: түсіндіру, іздендіру, өз ойларын жеткізу.
-
Қажетті техникалық жабдығы: интербелсенді тақта
-
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар: презентация, маркерлер, стикерлер, бағалау парақтары.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.Рефлексия.«Интервью әдісі»,«Миға шабуыл» әдісі , «Кофе таяқшалары» әдісі, «Кахот» әдісі
САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАРЫСЫ
|
№ |
Сабақ кезеңі |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Уа-қыты (мин.) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1 |
I. Ұйымдастыру кезеңі және сабақ басталуы |
қызыл, сары текшелер арқылы топқа бөліну Көңіл-күйлерін сұрау |
Кезекші, оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
1 мин |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2 |
ІІ. Мотивациялық |
Берілген сандар алфавиттегі әріптің орнын білдіреді. Сандар орнына әріптерді қойып, Елбасының сөздерін анықтайсыз (2 минут)
«Әр адам өз мамандығының шебері болуы керек» Н.Ә.Назарбаев
|
|
3 мин |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3 |
ІII. Сабақ мақсаты мен міндеттерін қою |
Сабақтың мақсатын айту |
|
2 мин |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
5 |
IV. Жаңа материалды оқу.
|
1-тапсырма. Қазіргі кезде Қазақстанның нарығында қандай мамандықтар тапшы ? Осыған байланысты шағын бейнероликті тамашалаймыз. Айтылым . «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ – жауап 1.Бейнеролик не туралы ? 2.Қандай мамандықтар туралы айтылды ? 3.Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? 4. Ең көп сұранысқа ие мамандық?
2-тапсырма.Оқылым . Мәтінмен жұмыс Қандай мамандар сұраныста ? Жұмыс берушілер бір жылдары менеджерлерді іздесе, келесі жылы экономистердің қызметіне жүгінеді. Бұл үрдіс ешқашан тұрақты болмайды. Осыған байланысты әлеуметтанушылар зерттеу жасап, жақын болашақта сұраныс артатын мамандар тізімін анықтайтын болады. Зерттеушілердің болжамы бойынша жақын болашақта инжернерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір еңбек нарығында кәсіби – техникалық мамандарға, инженер – технологтарға, орта буын басқарушыларына деген сұраныс көп. Екінші орында IT –технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб- дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады.Жоғары деңгейде дайындалған сайт кәсіпорынның табысын арттырады, танымал болуына көмектеседі. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Болжам бойынша нанотехнологиямен байланысты барлық мамандықтар талап етіледі.Нанотехнология ғылымның барлық салаларын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиялары т.б. Қазіргі таңда биотехнология мен электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, логистер сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Қоғамымызда аспазшы, нан – тоқаш өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы –сылақшы, ұста, техник – сантехник, токарь, медбике сияқты маман иелерінің орны бөлек. «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы сұраққа жауап беру. 1.Қандай мамандар сұраныста? 2.Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта қандай маман иелері қажет? 3.Нанотехнология ғылымның қандай салаларын қамтиды? 4.Веб –дизайнерлер кәсіпорынды қалай таныстырады? 5.Екінші орында қандай мамандықтар тұр? 6. Қоғамда қандай маман иелерінің орны бөлек? 7.Болашақта жоғары сұранысқа ие мамандықтар немен байланысты? 8.Қандай мамандықтар түрімен таныс болдың?
3 –тапсырма.Жағдаят. Телефонмен сөйлесу әдебі Топ мүшелері ұялы телефон арқылы сөйлеседі. Бір топ жұмысқа тұрушы, ал екінші топ жұмыс беруші. Бізде Қарағанды қаласында үлкен ірі компания ашылды. Веб-дизайнер, IT-технолог мамандарын жұмысқа қабылдайды. Соған байланысты біз жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушы арасында «Телефонмен сөйлесу әдебін» құру керек.
4-тапсырма.«Сәйкестендіру» әдісі «Аудармашы» ойыны арқылы орындалады. Сөздіктерді аудармасымен сәйкестендіру керек.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген