400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. " Қазақстанның экологиялық мәселелері" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажет. География пәні бойынша құнды мәліметтер жинақталған. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалған сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы


3-БӨЛІМ. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ГЕОЭКОЛОГИЯ

3.2 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ


Сабақтың тақырыбы:

59. Қазақстан аумағын геоэкологиялық аудандастыру


Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сәйкес)

10.3.2.11 Қазақстан аумағында геоэкологиялық аудандастыру жүргізу



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Қазақстан аумағын геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыру картасын талдау жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі: Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайды 5 деңгей бойынша анықтай алады.

Кейбір оқушылар: таңдап алынған бір аймақтың экологиялық жағдайына баға бере алады.


Бағалау өлшемдері

  • «Экологиялық шиеленісу деңгейі», «экологиялық қауіп»

түсініктерін ашады, мысалдар келтіреді.

  • Қазақстан аумағын геоэкологиялық аудандастыру үшін алғышарттарын анықтайды.

  • Қазақстан аумағына геоэкологиялық аудандастыру жүргізеді.


Тілдік мақсаттар

Оқу дағдысы: оқулық мәтіні, сызбалармен жұмыс


Жазу дағдысы: кесте сызбасын құру, картамен жұмыс


Тыңдау және сөйлеу дағдылары: географиялық атауларды дұрыс айту, бір-бірінің айтқан ойларын тыңдау.


Негізгі тірек сөздер тізбегі: экологиялық шиеленісу деңгейі, апаттық деңгей, қанағаттанарлық деңгей,қолайлы деңгей.




Құндылықтарды қалыптастыру

Еңбек және шығармашылық (өз еңбегін ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылық, адалдық, қызығушылық, жақсы

нәтижеге қол жеткізу, адалдық, еңбексүйгіштік)


Пәнаралық байланыс

Экология

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Экологиялық мәселені шешуде инновациялық технологиялардың рөлін анықтайды.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы 10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық. Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды топқа бөліп, үйге берілген тапсырманы бірлесіп төмендегі сұрақтар бойынша талдайды.

Сұрақтар:

1. Экологиялық инновациялық технологиялар дегеніміз не?

2.«Жасыл экономика» бойынша көшбасшы елдер қандай елдер?

3. ЭКСПО-2017 мақсаты қандай болды?


Оқушылармен сабақ тақырыбы айтылады.



Сабақтың ортасы 25 мин

Жаңа материалды оқып үйрену.

«Таным таразысы» әдісі.

1.Неліктен экологиялық проблемалар туындайды?

2. Олар қай уақытта апатқа айналады?

  1. Экологиялық проблемалар Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

  2. Неліктен бұл мәселелер ғаламдық деңгейде қаралуда?

5. Қазақстан аумағы неше геоэкологиялық ауданға бөлінеді?

6.Қазақстанды геоэкологиялық тұрғыда аудандастыруға үлес қосқан ғалымдарды атаңдар?


Оқушылар осындай проблемалары бар негізгі аймақтары белгіленген Қазақстанның картасы бойынша пікір айтады. Мұғалімнің кейбір ұғымдарды ашып айтып түсіндіруі.


8Тапсырманың дискрипторлары:

1-апатты деңгей аудандарын картадан көрсетеді

2-қауіпті деңгей аудандарын картадан көрсетеді.

3- шиеленіскен деңгей аудандарын картадан көрсетеді

4- қанағатанарлық деңгей аудандарын картадан

көрсетеді.

5- қолайлы деңгей аудандарын картадан көрсетеді.


Топтық жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс жасайды және жұмыс нәтижесін постер түрінде ұсынады.

1-топ. Апатты деңгейдегі аймақ (Семей ядролық полигоны)

2-топ. Қауіпті деңгейдегі аймақ (Балқаш қаласы)

3.Қанағатанарлық деңгей (Жайық өзені)

Жоспар:

-географиялық орналасуы;

-табиғаттың құрамдас бөліктерінің өзгеріске ұшырау деңгейі ;

- қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар;

- жалпы қорытынды шығару.


Тапсырманың дискрипторлары:

-егер аймақ компонентерін кешенді тұрғыда бағалай алса.

-егер қалпына келтіру шараларында жаңа экологиялық инновациялық технологиялардың рөлін көрсете алса.

-егер статистикалық деректерді өңдей алса, талдамалық қорытындылар жасай білсе.

Егер сендер 5 балл жинасаңдар, онда сендер сабақта жемісті еңбектендіңдер және білімді сапалық тұрғыда меңгердіңдер.


Каспий теңізінің экологиялық жағдайы ( Видео ролик Білім ланд)

Тәжрибе жасау: Каспий теңізінің экологиялық жағдайын, судың ластану дәрежесін көрсету)

Сабақты бекітуге арналған тапсырма:

  • «Егер мен Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі болсам ....

Каспий теңізінің эклологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолданар едің........?»



Үй тапсырмасы. Қазақстанның жекелеген аймақтарының экологиясы туралы хабарлама дайындау.



Қорытынды: Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарады.




Рефлексия: «Білім кемесі»


Параграфтағы мәтін




Қазақстанның картасы







Параграфтағы суреттер мен кестелер,плакат, карта





( Видео ролик Білім ланд)

тәжрибе судың ластануы






Сабақтың соңы 2 мин

Үй тапсырмасы §59 оқып келу.


Қосымша ақпарат

Дифференциация. Сіз көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

2тапсырма беріледі.1. «Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері» Тақырыбында шағын эссе.

2. Қосымша ақпарат көздерінен Қазақстанның экологиялық мәселелерімен танысып, оларды шешу жолдарын ұсыныңдар.

Бағалау. Оқушылардың материалды қаншалықты деңгейде игергенін қалай бағалайсыз? Топтық жұмыс. Топта және жұппен жұмыс жасаған кезде оқушыларға көмек көрсету. Қалыптастырушы бағалау. Бағалау критерилерінің негізінде өзін –өзі бағалау.

Сабақты қорытындылау:

Сабақтың оң жақтары:

Сабақтың теріс жақтары:

Қорытынды бағалау: Сабақ пен оқудың мақсаттарын жүзеге асыра алдым ба? Оқушылар бүгінгі сабақта нені үйренді, нені меңгерді, олардың бойында қандай құзіреттіліктер қалыптасытыра алдым? Алаған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алама?

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
4941
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі