400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Қылау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары:1сабақ

Мерзімі:

Уақыты:

Сыныбы:7“а”

Пән атауы:қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбеков. «Қылау» әңгімесі

Жалпы мақсаты: Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне,шығарманы композициялық құрылысына талдау жасау,


Қолданылатын модульдер:Сыни тұрғыдан оқыту,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту,диалогтық оқыту,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Стратегиялық іс-әрекет: “Психологиялық ахуал тудыру”,”Қызығушылықты ояту”,”Қиялға ерік беру”,”Топтық бағалау”



Уақыты:

Жұмыс мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

3-минут

“Психологиялық ахуал тудыру”

Жылы жүзбен амандасу,оқушыларды түгендеу.

Сәлемдеседі.


презентация

5-минут

Ой шақыру

Стикерлер арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Интерактивті тақта

5-минут

Оқушылардың парталарына қызыл,жасыл сары стикерлер жапсыру арқылы топқа бөлу

Түстер арқылы оқушыларды топқа бөлемін


5-минут

Үй тапсырмасын тексеру

Фантастикалық шығармаларын тексеру

Оқушылар түсіндіреді

Оқулық,дәптер

7-минут

Жаңа тақырып

Picture 52

Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

 "Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап"

1. Сайын Мұратбеков қай жылы  дүниеге келген?

2. Жазушының туған жері?

3. Жазушының басқа  қандай әңгіме, повестері бар?

4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?

5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?

6. Қылау дегеніміз не?

Әңгіменің қомпозициялық құрылымы.

Оқиғаның басталуы

Ұйқы құшағындағы Сатай.

Оқиғаның байланысы

Әке тапсырмасы

Оқиғаның дамуы

Сатайдың Рәбиғамен кездесуі

Шиеленісі

Балалар арасындағы әңгіме.

Шарықтау шегі

Сатайдың қорқынышы

Шешімі

Рәбиғаның  сыйлығы.

Ширату  сұрақтары. /оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру/

1. Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неге жағымсыз естілді?

2. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырды, сендер де ересектердің  ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?

3. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?

4. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы  оның қандай әрекеттерінен байқалады?

5. Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы оның батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?

6. Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?


Оқушылар жауап береді.

Интерактивті тақта

10-минут

Шығармашылық жұмыс

Талдау- табыс кілті.  Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасау.

1. Әңгіменің авторы- Сайын Мұратбеков.

2. Тақырыбы- Қылау

3. Кейіпкерлер- Сатай, Рәбиға, әкесі.

4. Теңеу- найзадай шаншылып

5.  Тұрақты тіркес- зәресі ұшу, тіл- жағы байлану.

6. Идеясы- балалар арасындағы достық

7. Тәрбиелік мәні- бір-бірімен адал дос болуға, адамгерешілікке үндейді.

Әркім өзі жауап береді

Тақта,дәптер,оқулық

3 минут

Қорытынды

Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

Оқушыларға перфокарта таратамын, перфокарта берілген оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды да, қалған оқушылар ауызша кейіпкерлерін талдап шығады.

Сұрақтар:

1. С.Мұратбеков қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?

3. «Қылау» әңгімесіндегі Сатайға қандай баға бересіздер?

4.Рабиғаның қандай қасиеттері бар?


Оқушылар топпен қатысады

Интерактивті тақта

2-минут

Үйге тапсырма

Ойтолғау "Мен достықты қалай түсінемін?"

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.күнделіктеріне жазғызу

Күнделік

2-минут

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы


3-минут

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

Оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы,нені білді,не білгісі келетіндерін жазады

Жазғандарын “жеміс ағашына “келіп,іледі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі