№6 «Айғөлек » ересек тобының
ұйымдастырылған оқу-іс технология
картасы
Білім
саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу -
қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс» (өлеңді
жаттау)
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы
түсініктерін кеңейту. Әңгімелесу арқылы баланың байланыстырып
сөйлесу қабілетін дамыту. Өлеңнің мазмұнын мнемоника әдісі арқылы
жатқа айта білуге жаттықтыру. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: қыс мезгілінің суреттері. Мнемо кесте
арқылы өлеңді
жаттау
Оқу қызметінің
кезеңдері
|
Педагогтің іс -
әрекеті
|
Балалардың іс –
әрекеті
|
Мотивациялық –
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері
Арайлап таң
атты,
Алтын арай
таратты.
Армысың,алтын
Күн!
Армысың,аппақ қыс
!
|
Балалар шаттық
шеңбер орындайды.
|
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
|
Әңгімелесу. (суреттер көрсету)
Қыста күн
суық, ызғарлы, аязды болады.
Қар
жауады. Қардан аққала жасаймыз.
Аязды
күндері біздің терезелерімізге аяз
сурет
салады.Оны қырау дейді.Қыс мезгілі суық болса да, өте
көңілді.
__ Балалар,сендерге қыс мезгілі несімен
ұнайды?
__ Қазір біз ақын ағалардың
Абдрахман Асылбековтың «Қыс» деген өлеңімен танысамыз.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер
істеген.
Бақша-бауды,тауды
да
Бояған ақ
түспенен
|
Әңгімені
тыңдайды.
Балалар өлеңді қайталап
,жаттап алады
|
|
Балаларға мнемо кесте арқылы
өлең жолдарын жаттау .
Дедактикалық ойын: «Қыстық
киімдермен ,жаздық киімді
ажырату»
Мақсаты: ажырата білуге
үйрету
Аққала бөлшектерін
құрастыру.
Сергіту
жаттығу
Жас ұланмын шыныққан
.
Жасқанбаймын суықтан
.
Қардан жасап
аққала,
Сырғанаймын
шаттана.
|
Өлеңді жаттаймыз
Қимылмен
көрсетеді
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Қорытынды:
-қыста
күн қандай болады?
-қардан
балалар не жасайды?
-терезеге
суретті не салады?
- не туралы өлең
жаттадыңдар?
|
Балалар өз ойларын
айтады
|
Күтілетін
нәтиже
Нені
біледі: Өлеңді
жатқа айта білуге жаттықты. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен
танысты.
Қандай түсініктерді
игерді: Қыс
мезгілі өте суық мезгіл екенін түсінді.
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері: Өлең мазмұнын түсіне отырып, қыс мезгілінің
табиғат құбылыстарын меңгерді.
Қандай қызық қыс
деген,
Бәрін шебер
істеген.
Бақша-бауды,тауды
да
Бояған ақ
түспенен