400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Қыстайтын құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірбие алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қыстайтын құстар.


Сабақтың мақсаты:


Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысу. Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Қарға, торғай, сауысқан, көгершін. Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру. Қанатты құстарға деген сүйіспеншілікке қызығушылыққа құстарға қамқорлық жасауға күтіп баптауға тәрбиелеу.


Білім беру саласы таным.


Бөлімі: Жаратылыстану


Сөздік жұмысы: Жыл құстары


Валингвалды компонент: торғай воробей, қарға ворона, сауысқан сорока, көгершін голубь.


Көрнекіліктер: қыстап қалатын құстардың суреттері, слайд, тақта ағаш


Жылулық шеңбері:


Күннің көзі ашылып

Көпке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлемдейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме, апайлар!


Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.


Ұйымдастыру кезеңі:


Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.


Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Кім жыл мезгілдерін атап береді?

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінің айларын ата?

Қазір қай ай?

Қыс мезгілі туралы кім әңгімелеп береді?

Кім қыс туралы тақпақтар біледі?


Балалардың жауаптары тыңдалады.


Енді балалар сергіп алайық

Жел уледі - у – у –у

Боран соқты ду – ду – ду

Қатты қатты жел соқты гу – гу – гу

Құстар қанат қақты ду – ду – ду


Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешесіңдерме?

Жұмбақ:

Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған

Жауы шыбын шіркейдей

Табиғатты ол қорғаған.

«Құс»


Бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз-слайд көрсету. Балалар бейнетаспадан торғайдың, қарғаның, сауысқанның көгершіннің әрекеті мен тіршілігін мұқият қарап бақылайды.


Қыстап қалатын құстар: қарға, сауысқан, көгершін, торғай таныстыру.


Торғай сүйір тұмсықты кішкентай құс.

Ағаш құстарын індерді үй жайларды мекендейді немесе ағашатарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен өсімдік дәндерімен тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.


Қарға басы, қанаты, құйрығы арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір тырнақтары өткір түрлі тамақ қалдықтары тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.


Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына -жұмыртқа салып, балапан басып шығарып оларды қауіп қатерден сақтайды. Кез – келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол өте сақ.


Көгершіндер – орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа құс. Көгершіндердің жабайы түрлері – ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1 – 2 жұмыртқасы болады.


Балалар қыстап қалатын құстармен таныстық енді математикалық есеп шығарып көрейік:

Ағаштың оң жағына қарға келіп қонды қане Дильназ қарғаны көрсет енді оны ағаштың оң жағына қондыр.

Ағаштың сол жағына торғай келіп қонды қане Нұрай торғайды тауып көрсет енді, оны ағаштың сол жағына қондыр.

Ағаштың ортасына сауысқан келіп қонды қане Алихан сауысқанды тауып оны ағаштың ортасына қондыр.

Ағаштың төменгі жағына көгершін келіп қонды кәне Інжу сауысқанды тауып оны ағаштың төмен жағына қондыр.

Балалар ағаш нешеу

Құс нешеу

Көрдіңдерме балалар олар бір ағашқа сиып тату тәтті өмір сүруде.


Сергіту сәті:

Торғай торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап

Бөтекесі бұлтиып

Шик шик етіп отырмақ.


Тәрбиеші балаларға фигуралар тап ойынын ойнатады.

Ол балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңіл күйлерін не үйренгендерін сұрап сабақты бекітеді.


Қоштасу.

Біз балапан тобымыз

Доспыз бәріміз

Құстай қанат қағамыз

Биікке біз самғаймыз

Келгендеріңізге рахмет

Сау болыңыздар!












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
1059
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі