Оқу ісінің
меңгерушісі:
Күні:
6-7.09.2018
ж
Мұғалім: Жұмабаева
Ә
Тақырыбы: «Қуыршақ
театрының тарихымен және мамандықтарымен
таныстыру»
Мақсаты: Қуыршақ театрының тарихымен
және мамандықтарымен, мамандарымен таныстырып, өнер, өнер адамдары
туралы мәліметтер бере отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу,
оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын
ояту.
Міндеттері:балардың ой-өрісін байыту
бағытында өнер ордалары төңірегінде мағлұматтармен толықтыру.Театр
жанрларын білу және ажырату,оқып танысу, күнделікті өмірмен
байланыстыру, ақпарат құралдарын пайдалана білуге
машықтандыру.
Сабақ
түрі: жаңа
сабақ.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
1. Психологиялық
дайындық
Аққу болып
ұшамыз
Самғап биік
ұшамыз
Туған елдің
құсымыз
Өз елімді
сүйетін.
ІІ. Жаңа сабақпен
таныстыру.
Қуыршақ
театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың
бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе
өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады.
Қуыршақ түріне, оны қимылға
келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа
жіктеледі:киілмелі (қолға киіп
ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы
қозғалтатын), суретке түсірілген
қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ
кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар,
т.б.
11-ғасырда “Діни жазба”
тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда
болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка
қуыршағы дүниеге келді. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра
Италияда сақталған.
19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды.
Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең
дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде
(Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ
театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық
эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды. Ресейде қуыршақ
театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен тікелей байланысты. Қуыршақ
театры Кеңес Одағында да кең қанат жайды.
1930 ж. 25 мемлекеттік қуыршақ
театры жұмыс істеді.
1931 ж. Мәскеуде бүкіл Кеңес
Одағындағы қуыршақ театрының дамуына зор ықпал
жасаған Мемлекеттік Орталық қуыршақ
театры ашылды.
Қазақ жеріндегі қуыршақ театры
ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны
осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат
мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда
жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған.
Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын
көрсеткен.
1935
ж. Алматы қаласында қазақтың
қуыршақ театры ұйымдастырылды.
1938 ж. театрға республикалық қуыршақ театры
дәрежесі берілді. Елімізде қуыршақ
театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда
(1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды.
Театр Ташкент (1969)
пен Бішкек (1975) қалаларында
өткен Қазақстан және Орта
Азия республикаларының қуыршақ театрлары
фестивалінің, Ташкенттегі Халықаралық фестивальдің (1979) лауреаты
атанды.
1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнамда,
Кампучияда болды.
2002 ж. Алматыда Қазақстан қуыршақ театрларының
1-фестивалі өтті. Қуыршақ театры, негізінен, балалар аудиториясына
арнап спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың
қойылымдарында үлкендерге де арналған пьесалар
бар.
Практикалық
бөлім:
қуыршақ түрлерін көрсету,
оқушыларға таныстыру, қуыршақпен жұмыс жасаудың ережелерін айтып
өту
ІІІ.Сабақты
қорыту:
–күлтешелердегі сұрақтарға
жауап беру.
1.Қуыршақ театры дегеніміз
не?
2.Қуыршақпен өнер көрсетудің
қандай түрлері бар?
3. 11 ғасырда пайда болған
қуыршақ қалай аталады?
4. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры неден
бастау алады?
5.Ақтөбеде осындай театр бар
ма?