400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Сан есім " 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Білімділігі: Сан есім туралы түсінік беру,жан-жақты меңгерту. Сөйлем ішінен сан есімдерді табуға үйрету. 2.Тәрбиелілігі: Жауапкершілікті сезінуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 3.Дамытушылығы: Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойын, тіл байлығын, шығармашылығын, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Сауатты,көркем жазу дағдысын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 19.04.2018жыл

Сабақтын тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Сан есім туралы түсінік беру,жан-жақты меңгерту. Сөйлем ішінен сан есімдерді табуға  үйрету.  
2.Тәрбиелілігі: Жауапкершілікті сезінуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 
3.Дамытушылығы: Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойын, тіл  байлығын, шығармашылығын,  өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Сауатты,көркем жазу дағдысын қалыптастыру. 


Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, СТО стратегиялары, сөзжұмбақ, ребус. 
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын 

Пән аралық байланыс: Ана тілі,математика 

Сабақтың жүрісі 

1.Ұйымдастыру 
А) оқушы назарын сабаққа аудару 
ә) оқу құралдарын әзірлеу 

2.Психологиялық дайындық . Шаттық шеңбері

Бүгін бізде ерекше

Сабақ болып жатыр ғой.

Тәртіп, оқу деңгейін,

Ұстаздар көріп отыр ғой.

Ал тәртіпті болайық,

Жақсы оқып әр күнде,

Білім керек әр күнде.

Оқушыларды топқа бөлу: қима қағаздармен
3.Өткенді еске түсіру. Сөз таптары туралы не білеміз? Тапсырмалар беру және жауаптарын тыңдау арқылы өткен сабақтарда танысқан сөз таптары қайталанады.


А) Қандай сөз таптарын өттік?

Ә) Зат есім  дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Б) Етістік  дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
В) Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?



Жаңа сабақты ашу (сөзжұмбақ шешу арқылы)

  1. Аптаның алтыншы күні

  2. Тәтті жеміс

  3. Ас атасы

  4. Сақалды уй жануары

  5. Уақыт көретін құрал

  6. Тышқан ұнататын тағам

  7. Білім ордасы

с

е

н

б

і



а

л

м

а


н

а

н



е

ш

к

і


с

а

ғ

а

т

і

р

і

м

ш

і

к

м

е

к

т

е

п




Ерекше торкөзден қандай сөз шықты? 
-Сан есім 
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерімізге жазайық 
Сан есім 
5.Жаңа сабақты түсіндіру 

6.Ережені қорыту 
Заттың санын,ретін, білдіретін сөздерді сан есім деәміз.Сан есімдерге қанша?,неше?,нешінші? деген сұрақтар қойылады.Мысалы бес,жеті,жүз,екінші,он алтыншыт.б 


7.Оқулықпен жұмыс 
1-жаттығу (ауызша)  Өтірік өлеңді мәнерлеп оқы.

Елу метр есіктен

Еңкеюмен шақ кірдім.

Жүз қасқырды өшіккен

Бір қозыға бақтырдым.

(Қадыр Мырза Али)

  • Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай сөз табы екенін айт.



4-жаттығу. Дәптермен жұмыс

Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз.

Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт.

Үлгі: төрт қап, .......

Жазған сан емім мен зат есімдерді қатыстырып, үш-төрт сөйлем құра



Топтық жұмыс.

  1. Топ.2-жаттығу  

 Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір.

Уақыт өлшемі

Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады. Әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут бар.

Сан есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын айт



  1. Топ. 5-жаттығу

Жұмбақтың шешуін тап. Жатқа жаз.

Алтын терек, он екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес жапырақ.

Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.





  1. Топ. 6-жаттығу

Есепжұмбақты оқып, шешуін тап.

Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар

Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?

(Ахмет Байтұрсынұлы)



  1. Топ. 7-жаттығу

Анаграмманы шеш.

Қажет сондай құралмын,

Қолыңа жылда мың алдың.

Соңғы екі әріп алмасса,

Баспана болып шығармын.

(Есантай Ерботин)

  • Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.



Сергіту сәті



Ойын: «Сандар сойлейді»

1-топ: 3, 19, 12

2-топ: 22, 4, 10

3-топ: 7, 2018, 16

4-топ: 2017, 8, 9



Рефлексия

14.Қорыту 
- Сан есім туралы не білдік? 

15.Бағалау 
16.Үйге тапсырма. 3-жаттығу,ереже жаттау 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі