400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Саналы ұрпақ, жарқын болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім мазмұны аясында жазылым дағдысын дамыту

Заманауи білім беру саласында оқушылардың танымдық іс- әрекетін сапалы ұйымдастыру- бүгінгі таңдағы басты мақсат, сондай-ақ нәтижеге жетудің тиімді құралы болып табылады.

Бүгінгі ХХI ғасырдың оқушысы педагогтан жаңашыл бағытты, яғни сабақтың жаңа форматта өтуін қалайды.Білімнің маңызы артып бара жатқандығын оқушылардың ұмтылысынан байқауға болады.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының даму деңгейіне қойылатын талаптар: жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетінің негізгі дағдылары қалыптасқан; функционалдық сауаттылық деңгейі жас ерекшелігіне сай қалыптасқан; жеке басына қызмет көрсете алатын, шығармашыл, оқуға деген қызығушылығы жоғары, жан-жақты дамуға мүдделі тұлға.

Осы орайда қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын төрт дағды арқылы үйрету жолын қарастыру өте тиімді деп ойлаймын.. Солардың ішінде жазылым дағдысы негізінде оқушының тіл байлығын, байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Төрт дағдының ішнде жазылым оқушының нәтиже көрсететінін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады.Жазылымды екі топқа бөліп қарастыруға болады:- біріншісі сауатты жазу; екіншісі – идеяны (ойды) жеткізе білу.Тәжірибемде байқағаным, көп тыңдап, асықпай ойланып сөйлейтін оқушыларда жазылым дағдысы жақсы дамиды. Себебі, олар айтар ойын тезірек сөзбен жеткізуден гөрі, жақсылап ойланып, көркем сөздермен қағаз бетіне түсіріп, одан соң асықпай оқып бергенді ұнатады. Олар әр сөзі мен сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады, орфографиялық сауаттылықты сақтайды.

Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен, оқушының сөздік қорының жеткілікті болуымен тікелей байланысты. Оқушыда тіл байлығы, сөздік қоры-оқылым дағдысы дамыған кезде ғана қалыптасады.Осы ретте оқушыларыма көп көркем әдебиет оқыған адам ғана жақсы жаза алады деп кеңес беріп отырамын. Кейбір оқушылар жақсы сөйлегенімен, өз ойын жазу барысында еркін жаза алмай, қате жіберіп қоям ба деген қорқыныш пайда болады. Осы психологиялық кедергілерді жою үшін, әр сабақтағы жазылымға арналған жұмыстар барысында мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым жұмыстарына ерекше көңіл бөлемін. Ең алдымен, саналы түрде жазу әрбір адамның ойын жинақтап жеткізу қажеттілігі үшін керек екендігін айта келе, жазылым барлық адамның қолынан келетінін түсіндірген жөн.Тіптен қате жазылған сөзді түзетуге болатынын, оған мұғалімнің және сыныптастарының қолдау көрсететіндігін айту шарт.Осы ретте оқушылармен жүргізілетін жазылым жұмыстары барысында өз бетінше жұмыс түрлерін ұйымдастырып, олардың ой-қиялына ерік берген дұрыс.Мәселен, көптеген оқушыларға жаңа сөздерді қолдана отырып, өзінің досы, сүйікті жануары, ойыншығы, хоббиі, ата-анасы, отбасы, көрген киносы, естіген қызықты әңгімесі, демалысы, құрмет тұтатын адамы туралы жазған ұнайды. Ойын қызықты етіп жеткізу барысында көптеген сөздерді олар өз еріктерімен іздеп үйренеді, есте сақтауға тырысады. Бұл әрекет біздің тәжірибеміздегі тиімді әдіс. Яғни, оқушының грамматикалық құзіреттілігін дамыта отырып, коммуникативтік қабілетін де арттыру. Сонымен қатар, әртүрлі жанрда жазу құрылымдарын да ескерген жоқ. Үнемі мәтін жазу оқушыны жалықтырады. Өз сабағымызда аталған тақырыптар аясында, сондай-ақ жаңа тақырыпқа сәйкес жазылым құрылымдарын: шағын өлең жолдары, шағын әңгіме, құттықтау хат, диалог, жарнама, пікір, сұхбат, оқиғаны аяқтау, эссе жазу түрінде жазып жатады.Осындай жұмыс түрлерінің оқушы тарапынан белсенділікпен жүзеге асуы мұғалімнің кәсіби біліктілігін талап етеді.

Жазылымға арналған сабақтардың ең бір қызық бөлігі- кері байланыс жүргізу үрдісі.Өз жұмысының бағасына әр оқушы қызығушылық танытады. Жазылым жұмысына кері байланыс беру туралы ағылшын педагогі Феррис «оқушылардың өз жазба жұмыстарына сыныптастарымен тікелей кері байланыс алуы олардың жазуының сапасына жағымды әсер етеді»,-деп кқрсетеді. Расымен де, оқушыларға мұғалімнен гөрі, сыныптастарының беретін кері байланысы қатты әсер етеді. Жазылым дағдысын меңгерту кезінде мына стратегияларды сабақта қолдану ұтымды болып табылады.Атап айтқанда, «Фильм бойынша сұрақ қою», «Бумеранг тәсілі», «Қос жазба күнделігі», «Т.кестесі», «РАФТ», «Бес жолды өлең», «Галлереяда ой шарлау» т.б.Қазіргі уақытта күнделікті сабақта аудио, бейне құрылымдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже беріп отыр.

Көрікті ой әсем сөзбен жазылғанда ғана оқушының білімі мен ой ұшқырлығы байқалады.Тіл меңгеруде оқушының жазылым дағдыларын жас ерекшелігіне сай, белсенді оқу стратегиялары арқылы дамытатын болсақ, бұл әрекеттеріміз оқушының тілін дамытуда үлкен мүмкіндік туғызады.

Күнделікті сабақ үдерісіндегі жазылым әрекеттерінде мұғалім бірсарынды жаттығу жұмыстарын орындатудан (көшіруден деп те айтуға болады) бас тартып, бүгінгі өмір мен жаңа тақырып мазмұнын байланыстырған жазба жұмыстарына көп көңіл бөлсе, сабақтың мазмұны мен білім сапасының да артатынына сенімім мол.

Дырымбаева Гульнар Кадылбековна

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі