Саябаққа саяхат
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді таныстыра отырып
,3-4 сөзден тұратын сөйлем құрастыруға
дағдыландыру;
Сөйлеу тілдерінде бірінғай мүшелерді дұрыс
айтып беруге тәрбиелеу;
Көкөністер мен жеміс жидектер туралы ұғымдарын
кеңейту.
-Балалар бүгін бізде ерекше күн . Себебі
біздің тобымызға қонақтар келіп отыр.Кәнекей бәріміз амандасып
алайық.
Шаттық шеңбері:
Жайнап өскен гүлдейміз,
Жарқыраған күндейміз.
Біз бақытты баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Сәлеметсіз бе?
-Рахмет балалар ,ендеше бәріміз орнымызға
жайғасайық.
(Кенет топқа қолында бір саңырауқұлақ пен екі
құлпынай салынған себет ұстаған тиін кіреді,балалармен амандасады.
)
Тиін:сәлеметсіздер ме, балалар! Мені анам орманға
көкөністер мен жемістер теруге жіберіп еді. Бірақ мен тек
саңырауқұлақ пен құлпынайды ғана тердім .Бұл аз деп ойлаймын.
Балалар маған саябаққа барып жемістер мен көкөністерді теруге
көмектесесіздер ме,өтінемін?
-Балалар ,көмектесеміз бе
тиінге?
-Ия,көмектесеміз.
-алдымен тиіннің себетіндегі саңырауқұлақтар
мен құлпынайды санап көрейік.
(балалар санайды)
-Ендеше балалар тиінмен бірге саябаққа
атанайық.
(көңілді әуен ойналады, балалар айнала билеп
саябаққа келеді. )Үстел үстінде себетке салынған ,беті сүлгімен
жабылған, көкөністер мен жидектер тұрады. Тәрбиеші себетті жапқан
әр орамалды ашу үшін бір тапсырмадан орындауларын
айтады.
1 –тапсырма
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер
болады?
-Дұрыс айтасыздар балалар, мен бір орамалды
аламын.
2-тапсырма
«Көкөністер мен жеміс-жидектер »ойыны деп
аталады.
Мына екі себетке көкөністер мен жидектерді
бөліп дұрыс салу керек.
Балалар шаршадыңыздар ма,ендеше «Жел» тыныс
алу жаттығуын орындап жіберейік.
(Жіпке байланған жапырақтар мен көбелектердің
қиындысын береді,балалар үрлейді. )
-Демалдық па балалар? Жарайсыздар ендеше әрі
қарай кеттік.
3-тапсырма:
Барлығымыз тақтаға жақындап «Саябақтағы күзгі
өнімдер» туралы суретке назар аударайық.
Суретке байланысты сұрақтар
қойылады:
Себетте не көріп тұрсыңыздар? Алма қайда
өседі? Балалар себетке қандай көкөністер салды. Сендер жемістер
жайында қандай тақпақтар білесіздер?
(балалар маска киіп жемістер жайында
тақпақтарын айтады.Тәрбиеші тағы бір орамалды алып
тастайды.)
4-тапсырма : «Ертегілер
елінде» деп аталады. Барлығымыз ертегіні тамашалап,не
жайында болғанын айтып береміз.
(Балалар ертегіні тамашалайды .Тәрбиеші
сұрақтар қояды,балалар жауап береді.)
Тәрбиеші себеттегі ең соңғы орамалды алады
.Балалар себетке жақындап қарайды. Жеміс- жидектерді,көкөністерді
атайды. Тәрбиеші себетті тиінге сыйлауды
ұсынады.
Тиін балаларға рахмет айтып,қоштасып
кетеді.
-Балалар біз де балабақшаға қайтайық. Балалар
біз қандай балалармыз?
Балалар:
Біз еңбекшіл баламыз,
Бау-бақшаға барамыз.
Алма,жеміс тереміз,
Себетке үйіп саламыз .
Ата-анамызға көмек
қыламыз.
Оқу іс-әрекеті аяқталды. Сау
болыңыздар!