400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ÷ " Сиқырлы әріптер әлемі "

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың мақсаты сауат ашу пәнінен әріптер әлеміне саяхат жасай отырып,оқушыларды дыбыстар мен әріптерді ажыратуға, дауысты ,дауыссыз дыбыстардың түріне ажыратуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру бөлімі: сауат ашу

Тақырыбы:Сиқырлы әріптер әлемі /Өө дыбысы/

Мақсаты: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып,ойлау қабілетін дамыту,дәстүрден тыс әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып игерген білімдерін бекіту.Сөздерді байланыстыра отырып сөздің қорын дамыту.Шығармашылық қызметін дамыту,адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс –тәсілдер: ойын ,ақпараттық –қатынастық технология.

Қолданатын көрнекі құралдар: видео проектор,суреттер,ребустар,кеспе әріптер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Сыныбымыз тап –таза,

Борда дайын тақтада.

Денемізді жинақтап,

Отырайық партаға.

  • Балалар осы қандай мезгіл?

  • Қыста қанша ай бар?

  • Қазақша, орысша, ағылшын тілінде атаңдар!

Өткен сабақты қайталау:

-балалар сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйрендік?

-дыбыс дегеніміз не? /дыбысты естейміз, көрмейміз/

-әріп дегеніміз не? /әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз/

-дыбыстар нешеге бөлінеді? / дауысты, дауыссыз/

- әріптерден не құралады? /сөз/

-сөзден не құралады? /сөйлем/

-өткен сабақта қандай әріпті өттік? /Ү дыбысы/

-Ү дыбысы қандай дыбыс? /жіңішке дауысты дыбыс/


Шаттық шеңберіне тұрады




Қыс мезгілі


3 ай

Ай аттарын атайды.





Оқуды,жазуды, әріптер,дыбыстарды үйрендік

Әріп –көзбен көреміз,жазамыз, оқимыз.

Дыбыс –көзбен көрмейміз, естейміз.


Ұйымдастыру іздестіру

-Балалар, тақтаға назарларыңды аударыңдар!

- ненің суреті ?

/ өгіз, түйе/

-өгіз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

- Өгіз сөзін буынға бөліңдерші?

- олай болса Өө дыбысымен таныс болайық./тақтаға Өө дыбысының баспа, жазба түрлері жазба түрінде ролик көрсетіледі.


«О» - кәдімгі дөңгелек,

Ал «Ө» -одан сәл бөлек.

Мұны да сал, ерінбе,

Белбеуі бар белінде.

Ө – жіңішке дауысты дыбыс.

Ө –дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.


-Балалар, біз «Қазына іздейік» ойынын ойнаймыз ба?

Олай болса ойын шартымен таныс болайық:

Мақсаты: интерактивті тақтада сиқырлы суреттер көрсетіледі. Онда әр қабатын ашқан сайын бір –бір тапсырмадан берілген, тапсырма орындалған сайын қазынаға жету жолдары ашыла түседі. Онда түрлі тапсырмалар берілген, әрбір тапсырма орындалған сайын қабаттар ашыла түседі.

1 – тапсырма:

Суреттер берілген, сол суреттерді атай отырып, қандай дыбыстан басталғандығын атау.Сол суретке сәйкес сөйлем құрау.

2 – тапсырма:

«Ғажайып ағашқа» жетеді. Онда кеспе буындар берілген. Сол кеспе буындардан сөз құрау.

3- тапсырма:

«Кім зерек» айдарына жетеді.

Мақсаты: Әріптер берілген. Екі үйшік орналасқан. Біреуі көк,екіншісі қызыл үйшік. Дыбыстарды ажырату арқылы дауыстыларды қызыл үйшікке, дауыссыздарды көк үйшікке орналастырамыз.


Сергіту сәті: «»Буги-буги»

/видео ролик арқылы экраннан көрсетіледі.

4- тапсырма

Өтілген әріптерге байланысты тақпақтар айтқызу.

А а – дыбысына:

Алма,алмұрт егеміз,

Айға сапар шегеміз.

Алақай –ау,алақай,

«А» дыбысын білеміз.

5- тапсырма:

Әрбір балаға бір –бірден сөздер жазылға, таратпалар таратылады,сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

6 –тапсырма :

Жаңа сабақ бойынша Ө дыбысының жазбаша түрін қантты бедер арқылы жаздырып үйрету.Әліппе дәптермен жұмыс.

Тақтадағы суреттерді атайды.



Ө дыбысынан.


Ө –гіз

































































Әліппе дәптермен жұмыс
















Рефлексивтік түзетулер

  • Балалар, міне біздің тапсырмаларымыздың бәрін орындадыңдар, қазына орналасқан сандықшағада жеттік, ендеше қазынамызды ашып көрейік. Сандықша ашылып ішінен 42 әріптің кеспелері шығады.

  • Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма сендерге?

  • Не үйрендік?

  • Қандай дыбысты өттік?

  • Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгін қазынаға нағыз еңбекпен жеттіңдер. Оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерге қазынадан шыққан «Ғажайып жұлдызшаларды» таратамын.








Балалар қуанышты жүзбен қазынаны тамашалайды.


  • Иә

  • Дыбыстарды ажыраттық,буынға бөлдік. Ө дыбысын өттік.






Балалар «Ғажайып жұлдызшаларын» алады.






Күтілетін нәтижелер:

Білуі тиіс: әріптер мен дыбыстар жайлы білуі тиіс. Дыбыстарды ажырата білуі тиіс. Ө дыбысының дауысты дыбыс екендігін, оның баспа, жазбаша түрлерін ажырата білуі тиіс.

Нені білді: буындардан сөз құрауды, суреттерге қарап сөйлем құруды.

Нені игерді: тапсырмалар орындай алады. «Қазына іздейік» ойынын ойнай алады.











Бекітемін:---------------------------- Тексерілді: ---------------------- «Дінасыл» балабақшасы Балабақша әдіскері: Э.Ж.Оразбай

жеке мекемесінің директоры: Г.Ж.Мамадосова











Ашық оқу қызметі

Тақырыбы:Сиқырлы әріптер әлемі /Өө дыбысы/



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру бөлімі: сауат ашу

Тобы: «Бәйтерек» ересектер тобы

Тәрбиеші : И.Ж.Әптіхалова















2017 -2018 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 қыркүйек
3361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі