Тақырыбы:
Сөйлемдерді қайталауға
арналған жаттығу
жұмыстары.
Сыныбы: 2
«З»
Сынып жетекшісі: Азбергенова
Алия
2014-2015 оқу
жылы
Сабақтың
тақырыбы: Қайталауға арналған жаттығу
жұмыстарын орындау.
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың алдыңғы сабақтарда
сөйлем түрлері туралы білімдерін қайталау.
А) Білімділік
- Оқушылардың сөйлем, сөйлем
түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен табу
арқылы үйрету. Сөйлем түрлерін ажырата білуге, сөйлемнің мәнін
терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету.
Ә)Дамытушылық
- Оқушыларды сауатты жазуға
үйрету, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін
дұрыс қоя білуге
дағдыландыру.
Б) Тірбиелілік
- Оқушы бойына жарасымды
мінез-құлықтың дағдыларын сіңіру, әдептілікке, еңбексүйгіштікке,
жағымсыз қылықтардан аулақ болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Түсіндіру,
сұрақ-жауап,сәйкестендіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз
Сыныбымыз тап- таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға
-Балалар, бүгін біздер топпен
жұмыс жасаймыз. Қазір мына қағазды үлестіріп беремін. Қолдарыңдағы
фигура қандай фигура? Оның түсі қандай? Ішінде тыныс белгілері
жасырынған. Сол тыныс белгілеріне қарап өздеріңнің топтарыңды тауып
алыңдар. І топ: Хабарлы сөйлем. ІІ топ: Сұраулы сөйлем. ІІІ топ:
Лепті сөйлем.

Сұрақ-жауап:
-Сөйлем дегеніміз
не?
-Сөйлем аяқталған ойды
білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі
қойылады.
-Хабарлы сөйлем дегеніміз
не?
-Бірдеңенің жайын хабарлау
мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы
сөйлемнен кейін нүкте қойылады. М: Ит-адамның
досы.
-Сұраулы сөйлем дегеніміз
не?
- Жауап алу мақсатымен
айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнен кейін
сұрақ белгісі қойылады. М: Сен нешінші сыныпта
оқисың?
-Лепті сөйлем дегеніміз
не?
-Адамның көңіл-күйін, сезімін
білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен
айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі
қойылады.
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау.
-Үйге қандай тапсырма
берілді?
189-жаттығу. Суретке қарап әңгіме
құрау.Мәтінге ат қою.
-Мәтініңе қандай сөйлем
түрлерін пайдаландың?
-Олай болса, бүгін сөйлем
түрлерін қайталауға арналған жаттығулар
орындаймыз.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
-Дәптерімізді ашып бүгінгі
күннің жадын жазамыз. Көркем жазуға арналған әріпті көркем етіп
жазамыз. И и әріпі
-190-жаттығуға қараймыз. (Мәтінді түсініп
оқытып, лепті сөйлемдерді көшіріп жазу) осы мәтінді әрі қарай қалай
жалғастырар едіңіздер?
IV. Дәптермен
жұмыс: (тақтада
жазады)
-Міне,
жігіт!
-Көп
жаса!
-Өркенің өссін,
қарағым!
-Қатарыңның алды
бол!
V. Интерактивті тақтада
жұмыс.
191-жаттығу.Сөйлемдерді тиісті тыныс
белгілірін қойып көшіріп жазыңдар. Әр сөйлем қандай мазмұнды
білдіріп тұр?

VI. Сергіту
сәті: «Жұмыр қылыш» өлеңіне
билеу.
VII. Топпен
жұмыс.

192-жаттығу. Берілген сызбалар бойынша
сөйлемдер құрау
.
?
!
VIII.Сәйкестендіру.
193-жаттығу. Сөйлемдерге талдау
жасау.

IX. Сабақты қорытындылау.
(Жұмбақ)
1. Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды
құрамын. (сөйлем)
2.Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткізім.
(хабарлы
сөйлем)

3.Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
(сұраулы
сөйлем)
4. Ұранды,шаттықты,
Өкініш, аптықты,
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын
(лепті
сөйлем)
X. Үйге тапсырма
беру. 194-тапсырма. Суретке қарап
әңгіме құрастыру.
XI.
Бағалау. Әр топтың жинаған тыныс
белгілерін санап, ең көп жинаған топ жеңімпаз
болады.