400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Сүйікті ойыншықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға ойыншықтарды түсіндіру мақсатында өткізілген сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

«Балапан» ІІ кіші тобы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Тіл дамыту.

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар (ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру).

Мақсаты: Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету. «Ң» дыбысын қайталату, дұрыс айтуға жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: № 8 демонстрациялық материал ( түрлі ойыншықтар суреттері), №8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды ойын бұрышында ойнату.

Сөздік жұмыс: ойыншықтар, қуыршақ, машина.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Қостілдік құрам: ойыншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла, машина-машина.

Іс- әрекет

Кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне, тұрмыз жараса.

-Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.


Шаттық шеңберге тұрады қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.


Қуанады.

Ізденушілік

Ұйымдастырушылық


















-балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

(демонстрациялық көрнекілікті қолдану)

-қандай ойыншықтардың түрлерін білесіңдер?

Қостілдік құрам: ойыншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла, машина-машина.


Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше бәрің көздеріңді жұмыңдар.

Алақай, малақай! Суф! Суф!

Ал енді көзімізді ашамыз.






Сиқыршы: балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқп барғанда ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей ұқыпты ұстап ойнаңдар.

Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық.

Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.

Сергіту сәті:

Құлыншағы құлыным,

Құлдырайды, шабады.

Жалтаңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

( І.жансүгіров).

8 үлестірмелі материалмен жұмыс. Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.


-Иә!


-қуыршақ, машина, доп, қонжық, аю, қоян, балапан. т.б.


Қайталайды.







Сәлемдеседі.

-Иә! Көздерін жұмады.

Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді. Ойыншықтарды атап, сипаттайды.

-Мынау- машина,

Ол қатты, қызыл, әдемі.

(Ың-ың-ың» деген дыбыс шығарады.

Қайталайды.









Қимылын келтіріп сергіту сәтін орындайды.


Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

-Бүгін бізге қонақа кім келді?

-Қайда бардық?

Нені көрдік?

-Өздерің ойыншықтарды қалай күтіп ұстайсыңдар?

Педагог сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қортындылап, балаларды мадақтайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Білу: әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмаларды.

Үйрену: ойыншықтарды ұқыпты, күтіп ұстау керектігін.

Меңгеру: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі