жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ : Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!
«
Тараз
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекеме
Табиғат – тал бесігінің,
аялай
біл!
Ашық сабақ : Өзін өзі тану пәні
8 «В» класс
Мұғалім: Адилова С.Ж
Тараз-2016г.
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары 8 сынып
Мектеп №35 Мерзiм 26.02.2016 №23 сабақ
Тақырып: Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: қамқорлық, аялай білу
Мұғалiм Адилова Салтанат Жумабековна
Сынып 8 «В» Оқушылар саны 23-30
Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
|
|
Сабақ барысы: Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды оқушыларымды көргеніме қуаныштымын. Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны.
1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
5 Т-ны еске түсіру. 1 Тәртіп 2 Талап 3 Тыныштық 4 Тазалық 5 Татулық
2.Тыныштық
сәті. Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 3.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Қайыңның қасіреті»
4.Сұрақ
–жауап. •
Адам
табиғатқа неліктен залал келтіреді? •
Табиғат
тамашасын сезіну адамдарға қажет пе? Сабақ барысын талқылау:
|
Сабақ барысын талқылау: |
5.Дәйексөз А.Франстың «Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді» Француз жазушысы Анатоль Франстың «Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді деген сөзімен келісемін, себебі – табиғат пен адам өзара үйлесімді,біз табиғаттан адамға қажетті нәрсенің бәрін аламыз. |
|
6.Әңгімелесу Табиғат обырлықты,озбырлықты көтермейді.Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді.Адамзаттың басты міндеті- табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану,оның әсемдігін сақтау,қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,мейірімділік нұрын шашу.
Табиғат
тірі және өлі болып бөлінеді.
1.
Табиғат пен адам арасындағы байланысты
қалай түсінесіңдер?
7.Аңыз «Табиғат тазалығы» Таза
ауаға кешегі кім шанады?!
8. Суретті қорғау. 9.Видеоролик (табиғатқа байланысты) 10.Ойын : Адасқан сөздер . а) «Табиғат –тіршілік нәрі» б) «Табиғат –тіршілік аясы» в) «Табиғат –тал бесік» |
|
11.Мақал-мәтелдің жалғасын табу.
1. Нөсер алдында .................. (найзағай ойнайды.) 2. .Күн күркіресе .............,( көп дүркірер).` 3. Күркіреген бұлттың...............(жаңбыры аз). 4.Боранды күні ит ...............( пен бала құтырады.) 5. Алпыс күнде тасыған су, .................. (Алты күнде қайтар) 6. Жауынмен жер көгереді, .............. (батамен ел көгереді.) 7.Қыстың көзі .............. (қырау). 8. (Сәуір болмай ), ............тәуір болмас. 9. Жаңа айдан .............. (жақсылық). 10.Жел дауылды шақырады, ............ (Бұлт жауынды шақырады). 11.Қыстағы қар - жерге ырыс, ........... (Жердегі ылғал – елге ырыс). |
|
12.Шығармашылық
жұмыс, топтық жұмыс.
|
|
Топпен
ән айту. 3 мин.
САРЖАЙЛАУ Жазира,
жасыл кілем өрнектеген |
|
13.Үй тапсырмасы. 1. 103 бет оқу жаттау 2. Дәптерді жазу
|
|
14.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген