400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ , тақырыбы "Достық"

Материал туралы қысқаша түсінік
қарым - қатынасқа арналған жаттығулар мен ойындар ( ақыл - ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп - интернатының 8-9 сынып оқушыларына арналған)
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Достық» тренинг (8-9 с).


(Қарым-қатынасқа арналған жаттығулар мен ойындар)

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шыншылдыққа, ынтымақтыққа үйрету. Ойын, жаттығулар, тапсырмалар арқылы жағымды қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру. Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу. Танымдылық қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру.

Оқушылар сыныпқа кіре сала, көңіл-күйлерін стенада ілулі тұрған ақ параққа салып көрсетеді. (Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау, жақсы көңіл-күйімен тренингті бастау).

Тренингтің ережесімен танысу:

  • бірін-бірі тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

Сәлемдесу.

«Өрмекші торы» жаттығуы оқушылармен еркін қарым-қатынас мақсатында жүргізіледі.

Нұсқау; қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Жіп кімнен ілініп бастаса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығудың шарты бойынша, топты бір-біріне әркім бірінші өзінің айтар тілегін, қошеметпен, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі. Өрмек тоқылды. Екінші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарыңның адам бойына керек емес қасиеттерін, қылықтарын айту «өрмекші торы» құрылды. Құрылып болған соң, міне балалар бүгін біз осылайша байланыста боламыз деп жаттығуды аяқтау.

Рефлекция: Айтылған тілектер мен сындарды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, «сын түзілмей, мін түзілмейді» дегендей айтылған сындарды түзете білейік.

Ойын «Дос іздеу»

Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда, онда адам оларды табуға тырысады. Мен сол газет журнал шығаратын редакцияның бөлімінде жұмыс жасаушымын, яғни сендердің жарнамаларыңды қабылдаймын.

(Сендерге жарнамаға өздерің жөнінде мәлімет бере аласыңдар және немен айналысатыныңды сонымен қатар нені жақсы көретіндеріңді жазып редакцияға өткізіңдер және телефон номерлеріңді жазуды ұмытпаңдар)

Ойын соңында бір-бірлеріңмен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, қарым-қатынасқа түсу арқылы дос тауып алыңдар.

Талдау: -өз ойын ашық айту оңай ма? Дос іздеп табу қиынға түсті ме?

(Оқушылардың ойларын тыңдау, талқылау)

Слайдпен жұмыс


«Миға шабуыл» жаттығуы

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.

3. Тақтада сөйлемнің басы жазылған;

Ашық айтқанда, маған әлі қиын ...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды ...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...


Психолог: Балалар, біз барлық адамдарға ойымызды ашық айта аламыз ба?

(Оқушының ойларымен бөлісу)

4. Сыйқырлы қобдиша

Сабақ үстіне почта қызметкері келеді де, осы хат сіздерге ме?

Мына жердегі мекен жай дұрыс па?

Бұл арнайы мектеп интернаты ма?

(қарым-қатынасқа оқушылар түсіп жатыр)

Мектеп психологына депті?

Мектеп психологын қайдан тапсам болады?

Мына сиқырлы қорапша сіздерге.

Қане бірге ашайық!

Сиқырлы қорапшаның ішінен әр балаға арналған хаттар келеді, бір-біртіндеп алып оқушыларға оқиды да, кімге келгенін тауып береді.

(Ойын осылай жалғасын табады).

Сабақты қорытындылау: Оқушыларды мақтау, мадақтау. Тренингтен алған әсерлерімен бөлісу.



Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының психологы Айтбанова Б.К.

Тараз қаласы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18.05.2019
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі