Ашық сабақ :
Тақырыбы
:
«Тауыс»
Мақсаты
:
Дала құстарының тіршілігі туралы
білімдерін толықтыру . Тауыс туралы
түсінік беру. Бірнеше бөліктерден тұтас
бейне құрастырып жапсыруға үйрету .
Қаптап қию , бірден бірнеше бөліктерді
қиюға үйретуді жалғастыру.
Көрнекіліктер
:
Құстардың суреттері , тауыс құсының ,
құстардың дауысы жазылған үнтаспа ,
желім , қайшы , дымқыл сүлгі .
Сөздік
жұмыс :
Құстар , хайуанаттар бағы , қызыл кітап
, тауыс .
Қос
тілді компонент :
Құстар – птицы , тауыс – павлин ,
хайуанаттар бағы – зоопарк .
Шаттық
щеңбері :
Шыр-шыр еткен торғайды ,
Қорғамасаң
болмайды .
Кіп
кішкентай торғайлар ,
Ағаштарды
қорғайды .
Таспен
атып торғайды,
Ұя
бұзған оңбайды .
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға
қонбайды.
Күтпеген
сәт :
Үнтаспадан әртүрлі құстардың дауысы
естіледі.
Тәрбиеші
:
-Балалар , бұл ненің дауыстары ? жүріңдер
көрейік. Балалар
:
-Құстардың дауысы .
Тәрбиеші
:
Екі – үш құстардың дауысын естіртіп
сұрайды . Балалар жауап береді . Енді
тақтаға назар аударыңдаршы , нелердің
суреттерін көріп тұрсыңдар ?
Балалар
:
-Құстардың !
Тәрбиеші
: Әр
құсқа тоқтап аттарын ататып орысшасын
айтқызады . Балалар , ал мына құс тауыс
деп аталады. Ол жылы жақта мекендейді
, өте әдемі құс . Қанаттары мен құйрықтары
өздері қалаған кездерінде әдемі болып
жайылады . Түстері түрлі-түсті .Өте сирек
кездесетін құс қызыл кітапқа енген.
Хайуанаттар бағында жеке күтушілері
болады , жем - суын беретін.
Қос
тілді компонент : Құстар-птицый
, тауыс-павлин , хайуанаттар бағы-зоопарк.
Тәрбиеші:
Балалар
енді осындай құсты өзіміз жасап көрейікші.
Балаларға
тауыстың мүсінін бірнеше бөліктерден
құрастыртып жапсыртып үйретемін .
Саусақ
жаттығуы : «Құс»
Обал
жасап құстарға ,
Торға
қамап ұстама .
Құс
болып неге жаралды,
Еркін
самғап ұшпаса.
Құйрық
қанаттарын үш түрлі көлемдегі дөңгелектерді
бүктеу әдісімен қияды . Үлкен дөңгелектен
бастап , төменгі жиегін дәлдеп бүктеп
кезекпен орташа , кіші дөңгелектерді
қияды.
Қиналған
балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
-Балалар
сендер шыдамдылықпен еңбектеніп әдемі
тауыс құсын жасадыңдар .
Сергіту
сәті :
Біз
кішкентай баламыз,
Өсіп
– өніп толамыз.
Күнге
қарай талпынып,
Көкке
қолды созамыз.
Қанат
қағып ұшамыз,
Қарлығаштай
самғаймыз.
Тәрбиеші
:
-Балалар біз қандай құсты жапсырдық ?
-Тауыс
қандай құс ?
-Енді
осы тауыстарымызды ұшырып апарып орманға
қондырайық.
Балаларды
мадақтап оқу іс – әрекетін аяқтау .
Біледі
: Даланың тауыс құсын .
Игереді:
Бірден бірнеше бөлікті қиюды .
Меңгереді
: Тауыс құсының қызыл кітапқа енгенін.