жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: " Теңіз тіршілігіне саяхат". Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Құрастыру.
Білім беру саласы: Таным
Бөлім: Құрастыру.
Тақырыбы: «Теңіз тіршілігіне саяхат »
Мақсаты: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету.
Б:М: Балықтар жайлы мағлұмат беру.
Д:М: Балықтар, сегізаяқ, тасбақа бейнесін қиып,су асты әлемін құрастыруда ұқыпты жұмыс істеу іскерліктерін дамыту. Жұмысты бірлесіп істеуге, бір-біріне көмектесуге, ұқыптылыққа баулу.
Т:М: Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру,таныстыру, құрастыру, ойын.
Көрнекілігі:
1.Электронды оқулық
2.Балықтар суреті, ойынға қажетті суреттер
3.Су асты әлемі бейнеленген макет
4.Құрастыруға
қажетті құралдар
Билингвальді компонент: теңіз-море –sea, балықтар-рыбы-fish.
Іс-әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің әрекеті. |
Балалардың әрекеті. |
Қызығушылық-түрткі болу. |
Жылулық шеңбері: Жарқырап күн де ашылды Айнала нұр шашылды, Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз! Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Балалар
шеңбер бойына тұрып, өлең мазмұнына
сәйкес қимылдар жасап айтады. |
Жылулық шеңбері: Жарқырап күн де ашылды Айнала нұр шашылды Қайырлы
күн! Біз сүйкімді баламыз! Қайырлы
күн! Біз көңілді баламыз! Балалар
шеңбер бойына тұрып, өлең мазмұнына
сәйкес қимылдар жасап айтады. |
Ұйымдастыру іздестіру
|
Тәрбиеші:
Жұмбақ жасыру: 1.Бет көретін айнам, тауып алдым сайдан. (ағын су)
2.Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады. (Өзен)
3.Еркелеп жатамын, қаңтарда қатамын (көл)
4.Күміспен апталған, теңгемен қапталған (Сазан)
5.Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі (Балық)
- Балалар жұмбақтың шешуі не? - Бұлар қайда тіршілік етеді? - Жарайсыңдар балалар, балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтар суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтар ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтардың 22000 – нан астам түрі бар деп есептеледі. Теңізде сүтқоректі балықтар да бар.Оларға итбалықтар, дельфиндер және киттер жатады. Ал тасбақалар өте терең емес шұңқыр қазып, ішіне жұмыртқа салады да, бетін құммен жабады. Дидактикалық ойын: «Суреттерді ретіне қарай топтастыр» Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген. Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет. Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін, ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.
Сергіту жаттығуы: Балық болып жүземіз, Шынығамыз суда біз! Шынықсақ біз бәріміз, Шымыр болып өсеміз!
Жұмыс барысы: І топ- балықты жасайды. Қағазды екі бүктеу, бүктелген жағы арқасы болады. Көлбеу сызық сызу, сызық бойымен қайшымен қию. Желбезегі мен құйрығын жасау үшін кертпелер қию. ІІ топ - тасбақаны жасайды. Қағаздан дөңгелек қиып алу,дөңгелектің бір шетін ортасына дейін қию, қиылған шетін қайырып, конус жасау. Бұл тасбақаның денесі. Қағаздан жолақшалар қиып алып, басы мен аяқтарын жапсыру. ІІІ топ-сегізаяқты жасайды. Дәл тасбақа бейнесін жасағандай етіп конус дайындау, бірнеше жолақшалар жасап, гармошка етіп бүктеу, қармалауыштарын конусқа бекіту. ІV топ-балдырларды жасайды. Қағазды кеспе сияқты етіп кесу,пайда болған жолақшаларды дөңгелектеу, төменгі жағынан керпелер жасау.
|
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Су, өзен, көл, балық, сазан.
Суда, өзен, көл, теңізде.
Балалар су асты әлеміндегі балықтар мен жәндіктермен танысады.
Балалар ойынның шартын түсініп, ойынды қызығушылық танытып, ойнайды.
Қолдарын төмен қаратып, қимылдатады. Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар электронды оқулықтан жасалу жолдарын көреді.
Құрастыруға кіріседі. Балалар 4 топқа бөлініп, әр топ өзіне тиесілі жұмыстарын жасайды.
Судан аға, қорқам Жұтып қояр шортан Шортан жыртқыш балық Емес
сонша алып
Балалар
жетістігіне мақтанады |
Рефлексивті-түзету. |
Ақ балық-ау, ақ балық, Үркек балық, сақ балық, Суды үнемдеп тазалап, Балықтарды
сақталық. |
Балалар
шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын
айтады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Әрбір
бала балықтардың түрлерін, аттарын
біледі.
Меңгереді:
Су
асты әлеміндегі жануарлар мен жәндіктер
туралы мәліметті меңгереді.
Жасай алады: Балықтарға қамқорлық жасай алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген