400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ . Топырақтың экологиялық проблемалары .7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
география сабағына
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді: Шаменова А.Б


САБАҚ: география

Күні:19.01.18


Мұғалім: Шиналиева Ардак Ахановна



СЫНЫП: 7 «Ә»

Қатысқандар саны :

Қатыспағандар саны:


Қатысқандар саны :

Қатыспағандар саны:


Бөлім: 3,4 Биосфера

Топырақтың экологиялық проблемалары

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.3.4.5 Топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:






Топырақ өзгерісіне әсер ететін факторларды біледі



Топырақ өзгерісіне әсер ететін факторларды біледі


  • Топырақ өзгерісіне әсер ететін факторларды біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Топырақ эрозиясының экологиялық проблемаларының пайда болу себептерін анықтайды.


Кейбір оқушылар:

  • Шешу жолдарын ұсынады.

Бағалау критерий

Топырақтың экологиялық проблемаларының шешу жолдарын талдайды.

Табиғаттағы тепе-теңдікті біледі

Топырақтың экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсынады

Ойлау дағдылары

Жоғарғы деңгей

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Оқылым : Мәтінді оқи отырып топырақтың экологиялық проблемаларын шешу жолдарын талдайды.

Тыңдалым: бір-бірінің пікірлерін тыңдайды, суреттерді қолдана отырып, ой бөліседі

Жазылым : Берілген тапсырмаға қорытынды жазады

Терминдер :

Диалогке және жазылымға қажетті тіркестер:

Мелиорация дегеніміз ...

Шөлейттену дегеніміз ...

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік ел» идеясының аясында,қоршаған ортаны қорғау құндылығымен байланыстыра отырып, биосфера қабатының адамзат баласына тигізетін пайдасын түсіне білу арқылы,олардың дамуының табиғатқа зор пайда екенін ұғыну арқылы оқушыларды білім алуға баулу.

4) Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Алдыңғы білім


5.6.3.1 ҚР экологиялық мәселерін атау

6.6.3.1 Өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселердің себептерін атау

Пәнаралық байланыс

биология, экология

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы







10-мин

І. Ұйымдастыру :

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

ІІ . Психологиялық ахуал орнату. «Ыстық алақан» әдісі Оқушылар шаттық шеңберін құрып , бір-біріне алақанын тигізіп сәттілік тілейді

«Миға шабуыл»әдісі
1. Топырақ дегеніміз не?
2. Топырақтың  бойында қарашірік қалай пайда болады?
3. Топырақтың беткі қабатының  түсі неге  қоңыр болады?
4. Топырақ

қандай  құрамдас  бөліктерден  тұрады?
5. Топырақтың  қандай  түрлері  бар?
6. Топырақтың тау жыныстарынан басты  айырмашылығы неде?
 

Топқа бөлу : «Орны ауысқан әріптер» әдісі. I –Топырақ

ІІ – Экология

ІІІ –Эрозия

Топ басшысын сайлау:

«Жабық тест» әдісі Үй тапсырмасын сұрау.

1 . Топырақтану ғылымының негізін қалаған кім?(В.ДокучаевОрыс ғалылымы топырақ зерттеушісі)

2 . Топырақ қасиетіне қарай қаншаға бөлінеді? ( Құрылымды,

құрылымы жоқ)

3 . Құрылымды топырақ деп нені айтамыз? ( құнарлы , шірін-

дісі мол болып келеді)

4 . Құрылымы жоқ топырақ деп нені айтамыз ?(Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ дейміз)

5 . Топырақ түзуші факторларға не жатады ?(Су, ауа , жылу,

тірі ағзалар)

6 . Құрылымды топырақ тығыздығына қарай қаншаға

Бөлінеді ? ( 4 –ке 1)Өте ығыз , 2)Тығыз , 3) Борпылдақ ,

4) үгілгіш.)



7 . 0,5 – 2см топырақтың қалыптасуына қанша жыл керек ?

8 . Жүз жылда топырақ қалыптасқанда қанша --- см

жетуі мумкін ?

9 . Топырақтың санитары деп нені айтамыз ?

10 . Топырақтың гумысы дегеніміз не ?( шіріндісі жоғары

Топырақ)



Бағалау шкаласы: 10 – 9 сұраққа дұрыс жауап 5 ұпай

8 – 7 сұраққа дұрыс жауап 4 ұпай

6 – 5 сұраққа дұрыс жауап 3 ұпай

4 төмен жауап 2 ұпай.



«Визуалды айғақтар» әдісі арқылы оқушылар сабақтың оқу мақсаттарын анықтайды.








АКТ-қолдану

Ортасы


20-мин










1 – Тапсырма Бейнефильм көрсету

«Диктоглосс»әдісі (Әр топқа конверттер беріледі әр қайсысында 2 сұрақтан , топтан 1-2 оқушыдан жауап береді)

І - топ 1) Құнарлы жерлердің жарамсыз болуының себебі неде ?

(Желдің, судың ,химикаттардың әсерінен бұзылады)

2) Топырақ эрозиясы дегеніміз не ?

(Желдің немесе судың кушімен бұзылып басқа бір –

алыс не жақын жерге барып шөгуі )

ІІ – топ 1) Топырақтың эрозияға ұшырау себебі неде ?

(Желдің унемі соғуынан , Судың құнарлы бетін шайып

кетуі)

2) Топырақтың ластануы дегенді қалай тусінесің ?

( Минералды тыңайтқыштар, өнеркәсіп және ауыл

шаруашылығы қалдықтары, атмосфераға өнеркәсіп

орындарынан бөлінетін газды – түтінді заттар)

ІІІ – топ 1) Топырақ эрозиясының түрлерін ата, мысал келтір ?

(желдің соғуы , судың шайуы , өрттің әсері , химикат –

тармен ластау, орманандарды кесу)

2) Топырақ эрозиясының қауіптілігі?

(Құнары кеткен топырақтар өсімдіктер дұрыс өспейді

Оны қалпына келтіру ушін 100 жылдай уақыт керек)

2- тапсырма

Тәжірибе жасау арқылы топырақ эрозиясының түрлерін оқушылар өздері анықтау.

Ескертпе: Оқушылар тәжірибе жұмысы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаулары керек;

(Химия пәні мұғалімдерінен арнайы көзілдіріктер, ақ халат, қолдарына резенке қолғап.

Токпен жұмыс жасау барысында мұғалімнің нұсқаулығымен жұмыс жасау. Ток көздеріне су қолдарымен жақындамау.)

1-топ.су эрозиясы: Бұл тәжірибенің мақсаты:оқушылар су, жел эрозиясының қалай жүретіндігін түсінулері керек. Өз қорытындыларын ұсынулары керек.

  • үлкен ақ қағаз;

  • тамызғыш(пипетка)

  • 1-2 ас қасық топырақ

Оқушылар ак қағаздың ортасына 1-2 ас қасық топыраққа жоғарыдан тұрып тамызғышпен су жібереді;


2-топ.Жел эрозиясы.

  • 5-10 кесе топырақ керек, төбешік жасау үшін;

  • Шаш кептіретін фен;

  • Топырақтың екі жағына қатты кардон қағаз керек;(топырақты үрлегенде айналасына шашырамау үшін)

3-топ.Су немесе өзен эрозиясы.

  • Су толтырылған контейнер

  • Үлкен тақтай(ол тақтайдың беті сырғыма болу керек, бір жағы биіктеу болу керек.)

  • Су жинайтын контейнер;( Тақтайдың үстіне селофанмен қаптап екі жағын қабырға етіп көтеру керек, одан соң үсіне 5-6 кеседей топпырақ себеміз, жоғарыдан үстімен су жібереміз)

Топтар тәжірибе барысында төмендегі жоспар бойынша талдау жүргізеді:

А) тәжірибе барысында қандай өзгерістер болды;

Б) Ол өзгерістердің салдары қандай? (шаруашылыққа әсері)

В)Мәселені шешу жолдарын ұсыну;

Қалыптастырушы бағалау.

Бағалау критерилері

Дескриптор

Топырақтың экологиялық проблемаларын жіктей алады.

Топырақ эрозиясының үш түрін тәжірибеден өткізу;

Топырақ эрозиясының осы түрлерінің себеп-салдарын анықтау;

Топырақ эрозиясы түрлерінің топта талқылау арқылы шешеу жолдарын ұсыну;



Оқушылар тәжірибені жасап болғаннан кейін ортаға шығып бағалау критерилері бойынша қорғайды. Топтар бір-бірін сағат тілінің бағытымен «2 жұлдыз 1 тілек » әдісімен бағалайды.



ҚБ. « Смайлинг» арқылы бағалау



3 - Тапсырма : Оқулық мәтінін пайдаланып топырақтың

экологиялық проблемаларын шешу жолдарын талдандар.

Топтық жұмыс «Әткеншек» әдісі арқылы жүргізіледі


1 топ тапсырмасы Жерді су және жел эрозиясынан қорғау шаралары

(Орман алқаптарын отырғызу ,Жыралардың жанына ағаштар отырғызу , көп жылдық өсімдіктерді отырғызу.)


2 топ тапсырмасы Топырақты химиялық ластанудан қорғау шаралары .


(Топырақты химиялық ластанудан қорғау үшін өенркәсіп орындарыннан қалдық қалдырмайтындай етіп шығару керек, құбырларға арнайы тутікшелер орнату керек,мұнай өнімдерін өндірген кезде төкпей ,қалдық қалдырмауға тырысу керек)


3 топ тапсырмасы Топырақты адам әрекетінен қорғау шаралары.


(Орман алқаптарын кеспеу керек, тыңайтқыштарды қолданбау керек , өрт шығудың 90%-на адам факторын жатқызуға болады.,

Сондықтан да орман ағаштарын ,жазықты жерлерде өрттен сақтау керек).


Оқулық

7 сынып

«Атамура» оқулық




















10-мин

Критерий

Дескриптор




















Топырақтың экологиялық проблемаларының шешу жолдарын талдайды.



- Топырақты су және жел эрозиясыннан қорғау жолдырын біледі ;

- Топырақты химиялық ластанудан қорғау шараларын біледі

-Топырақты адам әрекетінен қорғау шараларын біледі;

Топырақтағы экологиялық проблемаларды шешу жолдарын біледі

ҚБ. Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Саралау тапсырмасы : «Менің жұлдызды тапсырмам» әдісі .

Жұптық жұмыс.

Тапсырма: Б.С Төмендегі суретте табиғаттағы тепе-теңдік берілген . Топырақтың өзгерісі осы теп-теңдіктің өзгерісін туғызады. Сондықтан сіз осы тепе-теңдікті сақтау үшін, топырақтың экологиялық мәселесін қалай шешуге болатынын түсіндір , кестесіндегі тапсырмаларды орында

1.Топырақ өзгерісіне әсер ететін факторлар...


2. Сол факторларға байланысты туындайтын экологиялық мәселелер...


3. Табиғат балансын сақтау үшін жасалатын іс-шаралар...










Критерий



Дескриптор
















Табиғаттағы тепетеңдікті біледі


-сурет бойынша топырақтағы өзгерістерді жазады

- топырақ өзгерісіне әсер ететін факторларды атайды;

- сол факторларға байланысты туындайтын экологиялық мәселелерді айқындайды;

- табиғат балансын сақтау үшін жасалатын іс-шараларды түсіндіреді;

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі


3 тапсырма: «Өз өлкеңнің топырақтың экологиялық проблемаларының шешу жолдары» тақырыбында эссе жазындар.


Критерий


Дескриптор


Топырақтың экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсынады



- өз ұсынысын жазады

ҚБ: «От шашу» әдісі


Соңы


Кері байланыс: БББ стратегиясы



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Саралау тапсырмасы :

Саралау тапсырмалары оқушылардың қажеттілігіне бағытталып жасалған, себебі оқушылар топырақ өзгерісіне әсер ететін факторларды түсіне отырып,соның нәтижесінде туындайтын экологиялық мәселелерді және оның шешу жолдырын өз деңгейлері бойынша орындайды . Тапсырмаларды орындай алмаған оқушыларға жетелеу сұрақтар беру арқылы уәждеймин.


  • Сурак жауап арқылы;

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

ҚБ: «От шашу» әдісі






Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау


Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі