400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Ұлттық құндылықтарды дәріптеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 4 жас ересек топ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін

ЖШС «Ақ ерке» балабақшасы

____________ Кошкимбаева С.К











Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу»






















ҰІӘ: қарапайым математика негіздері, құрастыру

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу»

Мақсаты: балалардың ұлттық құндылықтармен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттердің қарапайым дағдыларын меңгерту. Логикалық ойлауды дамыту. Балаларға ұлттық құндылық туралы түсінік беру. Тапсырмаларды орындау барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән белгілерін бақылау. Ойын арқылы балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: асық,

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты

Бізге шуақ таратты

Жарқырайды даламыз

Жайнай түсті қаламыз

Ойын «көңілді асық»: -Балалар, бүгін мен сендерге сұрақ-жауап әдісін қызықты бір ойынмен алып келдім.

Ойын шарты: мына тұрған текшені лақтырып, қандай түсті асық түссе, сол асықтың астында жасырылған сұраққа жауап беру керек.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін мен жұмысқа келгенде маған күзетші ағай осындай алтын түстес сандық берді. Ол сандықты ашу үшін мынау тұрған құлыптарын шешу керекпіз. Шешу үшін бізге әр құлыптың тапсырмасын орындау керек екен. Орындаймыз ба?

Балалар: -Иә

Тәрбиеші: -Балалар, мынау құлыптың түсі қандай?

-Жасыл

Жасыл құлыптың тапсырмасы: «Жоғалған сандарды тап»

Ойын шарты: киіз үйдің ішіндегі жоғалған көрші сандарды тауып, жабыстыру қажет.

Тәрбиеші: -балалар, жарайсыңдар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.Келесі қызыл құлыптың тапсырмасын орындап көрейік.

Қызыл құлыптың тапсырмасы: «Теңге алу ойыны»

Ойын шарты: Үстелде тұрған теңгелердің артында есептер берілген. Сол есепті шығару арқылы теңгені қоржынға жинау.

Тәрбиеші: -жарайсыңдар, балалар! Келесі құлыптың түсі қандай?!

  • Сары түс

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл құлыпты ашпас бұрын бірінші кішкене сергіп алайық! Алдымызда тұрған таяқшалардан қолымызға екі таяқшадан аламыз.

Сергіту сәті

«Келіншек» күйі қосылады, күйдің ырғағымен таяқшалармен қимыл жасау

-Балалар енді сары құлпымыздың тапсырмасын орыдап көрейік!

Сары құлыптың тапсырмасы: Кеңістікте бағдарлау

Ойын шарты: Үстелде тұрған суреттерді тәрбиешінің нұсқаулығымен кеңістікте бағдарлау.

Тәрбиеші: - жарайсыңдар, балалар!Сары құлпымызды ашайық! Келесі соңғы құлыптың түсі қандай?

-Көк

Көк құлптың тапсырмасы: «Асықтарды сәйкестендір»

Ойын шарты: бірден беске дейінгі сандарға сәйкес, асықтарды санап, орналастыру.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар! Біз сандықтың барлық құлптарын аштық!

Енді сандығымыздың ішінде не бар екенін көреміз бе?!

-Иә

Сандықты ашып көреді. Сандық ішінде құрастыру ойыны

Тәрбиеші: -балалар, сандықтың іщінде бізге құрастыру ойынын беріпті. Орындаймыз ба?

-Иә

Ойын шарты: әр үстелдегі балаларға бөлшекке бөлінген сурет таратылады. Балалар оны құрастыру керек.

Суреттер: бесік суреті, домбыра суреті, ою суреті.

Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар!

Сұрақ-жауап: -Балалар сендерге қай құлптың тапсырмасы қызықты болды?

-Қандай сурет құрастырдыңдар?

- Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Балаларға асықтың суретімен жасалған сыйлық таратылады.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
48 ұстаз жүктеп алған
20.05.2024
5623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі