Материалдар / Ашық сабақ : Зиянды заттарды алдын алу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ : Зиянды заттарды алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Балаларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
799
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Денім сау болсын десең »
Мақсаты:
Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Балаларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.
Көрнекілігі: слайд, видео, плакат.
Әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірлесу, тренинг

«Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі»
Н. Ә. Назарбаев.

Дөңгелек үстел бағдарламасы:

  1. Шаттық шеңбері. Тренинг «Әлемге денсаулық!».

  2. Ойланайық, пікірлесейік.

  3. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар жұмыстарын қорғайды.

  • Ішімдіктің зияны

  • Шылым шегу

  • Дұрыс тамақтану мәдениеті.

  • Нашақорлық

  • «Тәтті ұйқы – тән шипасы»


4.Қорытынды. Балалардың сурет салуы

Тәрбиеші:

Құрметті оқушылар бүгінгі « Денім сау болсын десең... . » атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.



Атақты дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады екен. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.
Демек, бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей - ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз бүгін.

2. Ойланайық, пікірлесейік.

Сұрақтар
Слайд №1. Мына суретке қарап темекі туралы не айтасыңдар?
Слайд №2. Темекінің зиянын біле тура неліктен адамдар шылым шегеді?
Слайд №3. Алкоголь және темекі мен сәбидің арасында қандай байланыс бар?
Слайд №4. Мына сурет сендерге қандай ой салады?
Слайд №5. Ішімдік адамды қандай жағдайға ұшыратады?
Слайд №6. Мына сурет қандай ой салады?
Слайд №7. Алкоголь мен суицидтің байланысы қандай?



  1. Қазір  арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай:
    2.   Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың?

Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» секілді зиянды әрекеттер торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.

Сабағымыздың келесі кезеңі оқушылардың шығармашылығы, тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтерді тыңдайық.


3. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар жұмыстарын қорғайды.

Асыл:

Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық. Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді.

Ішімдіктің зияны: Ішімдік ішетін адамда ең алдымен қуаныш сияқты жеңіл сезім пайда болады. Сосын бас ауруы, көздің сүзілуі, өзін бақылай алмау, жүру қиындығы, тепе - теңдіктің сақталмауы, жерге құлау әрекеттері орын алады. Ми, жүйке, бауыр, бұлшық ет, ткань сияқты органдардың қызметі бұзылады, көз қимылының үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп қисалаңдайды, тілі күрмеледі. Ақылы кемиді және дұрыс естімейді. Басқа адамдармен қатынас жасалынып, жыныстық аурулар тарайды. Ми қабығын ұйытатындықтан адам өзін билей алмай, билік ішімдіктің қолына өтеді. Қарындағы алкоголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Ең соңында есінен айрылады. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.Материалдық залалымен қоса дененің ауруларға қарсы тұру қабілеті кемиді. Ішкіш адамдарда дін, отбасы, бала, отан, ұлт сүйіспеншілігі деген болмайды. Ұялу сезімін жоғалтатындықтан ең намысты адамдардың өзі адамгершілікке жат қылықтар жасайды. Алкоголь ішімдіктерін ішу үлкен күнә. Алкоголизм әдет емес, ол - ауру. Алкоголизм - организмдегі үрей мен жарымжандықты сипаттайтын ауру. Организмге сіңген алкоголь бірден жойылмай, оның зиянды әсері 1 - 2 тәулікке дейін сақталады. Сондықтан күн сайын жарты литрден жүзім шарабын немесе сыра ішкен адамдар ұзақ уақыт алкогольмен уланған хәлден айыға алмайды. Сыра. Сыраның құрамында да белгілі мөлшерде алкаголь бар. Сырада алкогольден басқа, көптеген көмірсу болады, ол лезде майға айналады. Сыраны көп ішетін адам денесі толады. Бірақ бұл толықтықты денсаулық белгісі деп қабылдауға болмайды. Бұл - зат алмасудың бұзылуы туралы берілген сигнал. Алкоголь ішу зиянды, оның кез келген мөлшері - у! Өкінішке орай Қазақстан ішімдікті тұтынуда әлем бойынша алғашқы бестікті құрап отыр.


Ділнәз:

Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.Шылым шегу арқылы оның құрамындағы улы заттар ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачка сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100 - ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар (қатерлі ісік тудыратын заттар) бары анықталған. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радио изотоптарынан әсіресе полоний - 210 және қорғасын - 210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радиациялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы - ақ қабылдап жатады. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Т

Аяжан:

«Ауру астан» деген қанатты сөзді айтып кеткен бабаларымыз ас - ауқатына баса мән бергені белгілі. Осы заманғы медицинада әр түрлі ауруларды емдеу тәжірибесі мол, ол жөнінде бір дәрігер «адамның денсаулығымен біз айналыспаймыз, әр адам өзінің денсаулығына өзі жауапты» деген екен.

Біз өзіміздің тамақтануымызда нені өзгерте аламыз?

Тиімді тамақтанудың мәні - тағамдардың дұрысын таңдау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі тамақтану пирамидасын ұсынады. Жуырда Украинаның бір топ тамақтанушы - ғалымы ең қауіпті азық - түлік түрлерінің рейтингісін жасап шығарды. «Ондыққа» енген тағамдар улануларға, аллергиялық реакцияларға жиі себеп болады екен. Дәрігерлердің айтуынша, бәрі де мөлшерге байланысты. Шамадан тыс желінген кез келген тағам денсаулыққа зиян. Ағзамыз үшін ең қауіпті тағам түрлерін білу - әрбір адам үшін маңызды. Дәмді деген астың өзі күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін. Расында да, біздің ағзамызға қандай азық - түлік қауіпті?


Данел: Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық - денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет - дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Спортпен шұғылданбайтын адам аурушаң болып келеді. Аурушаң адам толыққанды жұмыс істей алмайды, өзінің сүйікті кәсібімен айналыса алмайды. Ал дені сау адам еңбекке қабілетті болады. Жастар, болашақ мамандар әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша атап өтті. Сондықтан біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Дені сау адам өмірдегі ең бақытты адам. Ендеше, денсаулықты нығайту, ширақ, жігерлі, сымбатты өсу әрбір адамның өз қолында. Баршаңызды спортпен айналысуға шақырамын! Біздің мектеп оқушылары салауатты өмір салтын барынша ұстануда. 70% спорт секциясына, 25% би үйірмесіне қатысады екен.


Диана:

Халқымызда «Тәтті ұйқы – тән шипасы» деген сөз тегін айтылмаған. Адам өмірінде ұйқының алатын маңызы зор. Сол сияқты атақты Шопенгауер «Сағат үшін оның серіппесін бұрап жүргізу қандай қажет болса, адамға ұйқы да сондай қажет»,- дейді. Кез келген адам үшін ұйқы – қажеттілік.Әр адмнығ түс көруінде де өзіндік қажеттілігі болады. Жаңа туған нәрестелер тәулігіне 22 сағатқа дейін ұйқтаса,ересек адамдар орта мөлшермен 8 сағат ұйқтайды. Ересек адамдар балаларға қарағанда едәуір аз ұйқтайды.

Күні бойы шаршаған адам денесі үшін ұйқы қолайлы жағдай туғызады. Оның ағзасы дем алады.Адам бойын ұйқысыздық билесе, ол алаңғасар, ұмытшақ келеді.Көңіл-күйі нашарлап, басы ауырып, жұмысқа зауқы болмай, есте сақтау қабілеті төмендейді. Осындай кезде егер өз уақытынан көп ұйқтасаң, көңілсіз, босаң күйде жүресің. Егер адам жақсы ұйқтаса,өзін сергек сезінеді. Ағзаны бір мезгілде ұйықтауға үйрету – денсаулыққа өте пайдалы. Ерте жатып, ерте тұрудың ағзаға өте пайдалы екенін ғалымдар жиі ескертеді;Мамандардың жатар алдында жылы сүт ішуге кеңес беретіні де бар. Себебі, сүт құрамында қажетті амин қышқылы кездеседі. Ұйықтар алдында ауа тазартып алғанның да маңызы жоғары.
Жалпы алғанда, адам – өзінің сапалы әрі ұзақ ғұмыр кешіруіне өзі ғана себепші бола алады. Сонымен қатар тым көп ұйқтау мен аз қозғалыс та адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Адам аз қозғалып, қимыл белсенділігі азайғанда бұлшықеттер семіп гиподинамия ауруы пайда болады. Гиподинамия — аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.
Негізгі белгілері (симптом):
- Әлсіреу;
- Жүрек соғысының және пульстің тез соғуы;
- Қан қысымының жоғары болуы;
- Қажығыштығы, тiптi ептеген жүктемелерде;
- Эмоционалдық тұрақсыздық, күйгелектік.
Ағзаға әсері:
- Сүйек ұлпасының құрамында кальций төмендейдi, жабығу пайда болады.

Қозғалыс - өмір негізі деген қағида бар. Адамды белсенді қозғалысқа әкелетін би өнері, спорт түрі .Ұзақ жасаймын десеңіздер үнемі қозғалыста болып қимыл белсенділігіңізді азайтпаңыздар!

Тәрбиеші:

Шығармашылық жұмыстарыңа, ізденістеріңе рахмет. Өздеріңе қажетті ақпарат алдыңдар деп ойлаймын.


6. Қорытынды. Осы айтылғандарды ой - електен өткізіп қорытынды жасаңдар.

Тәрбиеші: Бүгін денсаулық тақырыбына арналып көп мағлұматтар айтылды. Бұл саладағы білімдерің кеңейіп өзгелерге де ақыл - кеңес беретін дәрежеге жеттіңдер деп ойлаймын.

  • Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

  • Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?















«Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені ММ



















«Зиянды заттардың алдын алу»



























Павлодар қаласы

Сынып сағатының талдамасы


Мерзімі: 26.10.2021ж.

Тәрбиешінің аты-жөні: Касымова М.А.

Сынып: 8-9 «А» сынып

Қатысқан оқушылар саны: 12

Тақырыбы:   «Денім сау болсын десең »
Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Балаларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.

8-9 «А» сынып оқушылар арасында «Денім сау болсын десең» деген тәрбие сағаты өтті. Оқушылар өте белсенді қатысты. Өз ойларын жеткізе білді. Оқушылар 2 топқа бөлініп, А3 қағазына сурет салды. Әр топ өз суреттерін қорғады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!