жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ә дыбысы мен әрпі.Аққала
Сабақ:109 Сауат ашу |
Мектеп: Благодар орта мектебі |
|
Күні:24.01.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова А.С |
|
Сынып: 1 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Топқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. Аққала |
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен) 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады: Сурет иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе сұраққа жауап беру. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату. |
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жаңылтпашты мәнерлі оқып, жатқа айту. Ойын еркін жеткізеді. Мәтін жанрын ажырату. Тақырыпқа сай сөздерге сөйлем ойлау. Оқылған мәтін бойынша сұраққа жауап беру. |
||
Кейбір оқушылар орындай алады: Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. Өз білімдерін жүйелі қолдану. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу |
||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Сурет бойынша сөйлей алады. Сөздерді буынға бөлу, буын санын анықтауды біледі. Сызба бойынша сөйлем ойлау. Мұғалімнің көмегімен жаңылтпашты жаттай алады.Сөз, сөйлем сызбасын оқу. |
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: аққала,кәрі,ащы |
||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: |
||
Талқылауға арналған сұрақтар: Аулаға кімдер шықты?Олар не істеді? Аққала неден жасалады? |
||
Не себепті ….деп ойлайсыз? |
||
Ишара: Ә дыбысы бар сөзге 1 шапалақ, жоқ болса 1 рет аяқ соғу. |
||
Алдыңғы оқу:
|
Тыңдау арқылы мәтіннің не туралы айтылғанын түсінеді. Сурет бойынша жұмысты біледі. Сөз, сөйлемді дыбыс пен әріпті ажырата алады және сөйлем құрастырады. Оқи алады. |
|
Жоспар |
|
|
Басы
|
1.- Қайырлы күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуантады, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. -Келісесіңдер ме? -Өте керемет! -Себебі біздің өтіп жатқан тарауымыз да Табиғатқа саяхат деп аталады. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Осы қыс мезгіліндегі ойын түрлерімен біз топқа бөлініп отырмыз. Коньки, шаңғы, шана,аққала |
Ресурстар |
Ортасы
|
. -Бұл ойындар қыс мезгілінде ойналатынын білеміз. «Көпір»тапсырмасы -Қазір қай сабақ? - Бұл пәннен нені үйренеміз? -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? -Ә қандай дыбыс? - Ә дыбысы бар сөз ойла? -Ойлаған сөзге сөйлем ойла? -Енді осы тарау бойынша танысқан сөздерімізді еске түсіріп қайталап алайық. Табиғат-природа-nature Қыс-зима-winter (уинте) тыңдау Жұмбақ жасырылады. Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші, сен оны (Аққала) Оқулықпен жұмыс 1.Мәтінді оқы. Аққала Қыс түсті.Айнала қалың қар.Әсем мен Әсет аулаға шықты.Олар аққала соқты. Аққаланы сипаттап айт.
Аққала сөзіне дыбыстық талдау.6 дыбыс,6 әріп Оқулықпен жұмыс. ҚБ Мәтінде не туралы айтылған? Оқыған мәтін ертегі ме,әңгіме ме? А. Ертегі В. Әңгіме Дискриптор: -Мәтінді түсініп оқиды -Мәтінге қатысты суретті табады -Мәтіннің жанрын анықтайды
3.(Топтық) 1-топ. Аққаланың суретін салу. 2-топ. Ермексаздан аққаланың бейнесін жасау. 3-топ. Түрлі түсті фигуралар арқылы аққала жасау. 4-топ. Мақтадан аққала жасау. Барлық топ жасаған жұмыстары арқылы аққаланы сипаттау 4.Сергіту сәті 5.Дәптермен жұмыс Сөздік диктант Суреттердің атын жаз
Жұптық жұмыс бойынша өздері табады. 6.«Адасқан әріптер» ойыны 1-топ Әдемі 2-топ Сәбіз 3-топ Әсет 4-топ Дәптер 7.Қарама-қарсы сөздерді сәйкестендір. ащы биік Кәрі жұқа Аласа тәтті Қалың жас
|
Қыс суреті
Аққала суреті Қысқы ойындар
|
Соңы
|
Кері байланыс Рефлексия:Аққалаға қар жабыстыру арқылы
|
|
Рефлексия |
Бағалау Топты қармен бағалау |
|
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген