400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ. Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі, 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі, 9- сынып, Сабақтың тақырыбы:Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 9.2.4.8 - адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру Сабақтың мақсаты: адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін сипаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор.»

Бөлім:

9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.4.8 - адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін сипаттау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Топқа бөлу.

І Донор Реципиент

II Аглютинация

III RH фактор

IV Резус – конфликт

Үй тапсырмасын сұрау. «Рандом» әдісі.

  1. Тұқымқуалаушылықты және өзгергіштікті зерттейді. Генетика

  2. Мендель тәжірибеге алған өсімдік. Асбұршақ

  3. Мендельдің І заңы. Басымдылық заңы

  4. Бір белгінің екіншісінен басым болуы. Басымдылық

  5. Генетиканың негізін салушы чех ғалымы. Г. Мендель

  6. Көрінбей қалатын белгі. Рецесивті

  7. Генетикалық белгілердің гендік жиынтығы. Генотип

  8. Генетикалық есептерді шығаруда қолданылатын тор көз. Пэннет торы

ҚБ. «Мадақтама» әдісі арқылы бағалаймын

«кереметсің», «жарайсың», «саған үміт артамын»

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Адамда қанша қан тобы бар?

2. Неге әмбебап донор және әмбебап рецепиент деп аталады?

3.Агглютинация, резус-фактор, резус-конфликт, гемолитикалық сары ауру дегеніміз не?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. «Өкіл» әдісі бойынша топтар өзара ой бөліседі.

Дескриптор: Қошеметтеу


Оқулық, дәптер, қалам.

14 мин

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Жеке жұмыс. Пиза тапсырмалары. «Қан топтары: бұрын және бүгін» кешенді тапсырмасы

1901 жылы адамның қанының тобы анықталғанмен, бір адамның қаны екінші адамның қанына кейде сәйкес келмегендіктен анықталды. Оны К. Ландштейнер деген ғалым ашты. Эротроциттердің желімдеу (агглютинация) себеп болатын донорлық эротроцит құрамындағы зат – агглютинин заттары. Желімдеу тек бір жағдайда болады, егер агглютиноген А агглютинин және агглютиноген В агглютинин кезектесе ғана жүреді. Адамдардың қаны төрт топқа бөлінеді, олардың құрамында А агглютиноген және агглютинмен, ал В агглютиногені агглютинмен кездескенде ғана эротроциттер жойылуы байқалады:

1 – сұрақ: Нешінші қан тобын «ең белсенді қан тобы» деп атауға болады?

А. І (О)

В. ІІ(А)

С. ІІІ(В)

D. ІҮ(АВ)

Жауабыңызды негіздеңіз...

_____________________



2 – сұрақ: «Қан топтары: бұрын және бүгін»

Қанның құдыреті, қан топтары, қан құю туралы ертедегі түсініктер көп. Ежелгі гректерде құдайларына құрбандыққа қан апаратын дәстүр болған. Гректер қанды «жан» тасымалдаушы ретінде таныды. Гиппократ жүйке ауруына шалдыққандарға дені сау адамдардың қанын ем ретінде ішуді ұсынған. Ол дені сау адамдардың қаны таза болады деп есептеген.

1667 жылы Парижде адамға алғаш рет қан құю жұмысын Жан Батист Денл жүргізген. Ол қызбамен ауырған жас балаға 1 стакан жануардың қанын құйып, тәжірибе сәтті өткен. Бірақ екінші рет құйғанда екеуі де өлген.

Адамға қандай жануардың қаны құйылды?

А. маймыл

В. тышқан

С. қозы

D. жылқы

3 – сұрақ: «Қан топтары: бұрын және бүгін»

Қан тобынан басқа эритроцит нәруызын – резус –факторды (Rh) ескеру қажет. Резус-фактор (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж. австриялық иммунолог К.Ландштейнер мен америкалық ғалым А.Винер ашты. Адамдардың 85%-нда эритроцит құрамында оң резус-фактор, ал 15%-нда теріс резус-фактор болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әртүрлі антигендер, сондай-ақ Hr тобы болады. Осы топ пен резус (Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады.Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі. Организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады.

Резусы теріс қаны бар адамға резусы оң қанды бір рет құйса,науқас адам денсаулығында ешқандай өзгеріс болмайды. Ал сол науқасқа екінші рет осылай құйылса, ол өліп кетуі де мүмкін. Сонымен қатар ананың баланы босану барысында да үлкен рөлді атқарады.

Ана мен баланың резус – факторларының оң немесе теріс болған жағдайда қандай өзгерістер болуы мүмкін екендігін дәлел келтіріп түсіңдіріңіз... ___________________



4–сұрақ: Қанының Rh-ы оң реципиентке теріс Rh-ы бар қан құйылса, гемотрансфуз реакция жүреді.

Адамда қандай ауру белгілері пайда болады?

А. Есінен танады, іштей қан кетеді.

В. Ауа жетпей қысылады, мұрынынан қан кетеді, тұншығады.

С. Басы қатты ауырады, жүрегі айнып, тоқтаусыз құса береді.

D. Адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады.

Дескриптор: Тапсырманы орындайды. Сұрақтарға дәлел келтіріп жауап береді. Жалпы - 7 балл























































































































































Дескриптор: Жалпы - 2 балл

1.Тапсырманы орындайды.








ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

7 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Жұптық жұмыс. 1.Әртүрлі қан топтарының тұқымқуалауының үдерісін анықтайды.

  1. Менің қан тобым III, ал ата-анамдыкі екеуіде IV- қан тобы. Мүмкін мен олардың баласы емес шығармын?

  2. Баланың қан тобы I, ал оның қарындасыныкі IV. Ата – анасының қан тобы жайлы не айтасын?

Жауабы. Ата-анасының қан топтары II және III.


Дескриптор: - Адамның қан топтарының механизмін сипаттайды;

-Қан топтарын ажыратады;

Жалпы - 2 балл.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақты қорытындылау

«Қан құю» төрт топқа модельдеу тапсырмасын беру.

Модельдеу 4.

Сегіз пластик стаканды алып, екі-екіден I(0), II(А), III(В), IV(АВ) деп белгілейді. Сосын қызыл тағам бояғышты II(А) стакандарына және де бірнеше тамшы көк бояғыштан III(В) стакандарына қосады. Екі бояғыштан да IV(АВ) тамызады. Ал I(0) стакандарына ештеңе қоспайды. Сосын стакандарды жартылай сумен толтырады. Бұлар төрт түрлі қан тобы орнын басады. Суреттегідей донор және реципиент стакандарын орналастырады.Сосын донор стаканынан реципиент стаканына қан құяды.Егер реципиент қанының түсі өзгермесе, онда донордың қанын реципиентке құюға болады.Сөйтіп барлық қан топтарының сәйкестігін анықтап, кестеге толтырады.

Дескриптор: оқушылар модельдеуді орындайды.

Топтар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Пластик стакандар, су, көк және қызыл бояулар, пипетка, заттық шыны.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Picture 2



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі