400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ әзірлемесі 9-сыныптың рқу бағдарламасына сәйкес жасалған. Сабақ жоспарында жоба қорғау, топпен , жұппен жұмыс жасау әдістері, суретші Ә.Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты оқулықтан тыс танымдық ақпараттар берілген. Жоспардың әріптестеріме ,әсіресе жас мамандарға көмегі болады деп сенемін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік :Мұражай туралы мағлұмат беру, суретші туралы білімдерін бекіту

Дамытушылық : Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, шығармашылықпен іздене білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: суретші өмірі үлгісінде өнерді, еңбекті сүюге тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суретші туындылары

Сабақтың түрі: жоба қорғау

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, тарих

Әдістер: Ми шабуылы, көрнекілік, сұрақ-жауап, бес жолды өлең, жобалау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Сабақтың эпиграфы: Қастеев еңбектері Қазақстанның жанды шежіресі іспетті.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Психолгиялық ахуал, бір-біріне сәттілік тілеу

Балалар, біз өнер тақырыбы туралы өтіп жатырмыз.Өнердің қандай түрлерін білесіңдер? (кластер әдісімен айтып өтеді) Бейнелеу өнері, ән өнері, сөз өнері, театр, кино, сәулет , тігін өнері, т.б.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ. Суретшінің өмірі , 2-топ Суретші туындылары

3-топ . Суретші еңбегіне берілген баға деген мәселелер бойынша жоба қорғайды

Әр топ өзінің спикерін сайлайды, ол өзара бағалау парағына баға қойып отырады .Әр топ деңгейлік тапсырмаларды орындайды, бір-бірін тыңдап, сұрақ қояды, толықтырып отырады.

1-топ. Ә.Қастеев -қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы.

Ә.Қастеев 1904 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. 3 жасында әкесі қайтыс болып, 8 жасында байлардың малын бағады, жалшы болады.Таңертеңнен кешке дейін мал соңында жүріп, табиғат сұлулығын көріп өсті. Әбілханның анасы он саусағынан өнері тамған шебер адам болған.Кілем тоқып,ою ойған.Әбілхан анасынан оюды үйренген. Ол тастан әдемі моншақ,түйме , қуыршақтар жасаған, жан-жануарлардың мүсінін ойған.

15 жыл мал баққан Әбілхан білім іздеп қалаға кетеді.Табыс табу үшін «Түрксіб» теміржолында еңбек етеді.Күндіз жұмыс істеп, түнде сурет салады.Одан кейін Алматыда суретші Хлудовтың студиясында сурет өнерінің қыр-сырын үйренеді.Мәскеуде көркемсурет галареясында орыс суретшісі Бродскийден сабақ алады.


Қастеевтер отбасы ынтымағы жарасқан үлкен жанұя болатын.Ортада анасы Қалипа.Әбілханның жұбайы Сақыш.Әбілханның отбасында 6 ұл, 3 қыз тәрбиеленген. Мынау суретшінің қызы –Гүлдәрия Қастеева.Мамандығы -адвокат.Екінші қызы Гүлнәзия-суретші. Ұлы Нұртілеу –заң қызметкері.

Ұлдары Нұртас ,Әбілтай да суретті тамаша салған, бірақ ерте қайтыс болған.


Әбілхан Қастеевтің шәкірттері көп болған. Солардың бірі Г.Исмаилова,Қазақстанның Халық суретшісі. Айша Ғалымбаева да оның шәкірті .Ол да Қазақстанның Халық суретшісі.(1-14 слайд)

2 -топ

Мынау-Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы. Ол Алматы қаласында Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан. Мұражай 1935 жылы ашылған.Онда 14 бөлім бар. 23 мыңдай экспонат қойылған. Мұражайда «Қазақстан халықтарының қолөнер бұйымдары»,»Қазақстан суретшілерінің туындылары», «Орыс өнері», «Еуропалық өнер», Шығыс өнері» деген бөлімдер бар.

Мұражайда Әбілхан Қастеевтің барлық туындылары қойылған. Ә.Қастеев қазақ халқының өмірін, салт-дәстүрін суреттеген. Мына сурет «Қызды зорлап алып қашу» деп аталады. Бұл суретте суретші қазақ халқының қыз алып қашу дәстүрін бейнелеген.

Мынау - суретшінің «Сатып алған қалыңдық» деген туындысы. Ертеде байлар бірнеше әйел алған.Мынау-бай шал. Ол өзіне жап-жас қызды сатып алды.Жас қыз ашулы. Оның шалға барғысы келмейді. Бірақ салт бойынша ата-анасы қалың малға сатқан.Бейшара қыз жылап келеді.Олар тау ішінде келеді байдың бәйбішесі де ашулы. Суретші адамдардың ішкі жан дүниесін шебер бейнелеген.

Бұл- «Жас Абай» портреті.Ақынның медреседегі оқуын аяқтамай, елге қайтқан сәті бейнеленген.Қолына кітап ұстап, алысқа қарап тұр.Абайдың жүзінде үлкен оқымыстлық бар.көзі мейірімді.

Суретші Абай тақырыбына 50 шақты сурет салған.

Атақты суретші Ә. Қастеев көптеген портреттер салған .Мынау- халық батыры А. Имановтың портреті.Суретші батырдың туған жеріне барып, адамдардың айтуы бойынша, Амангелдінің осы портретін салған. Суретті көрген Әліби Жангелдин тура батыр досы тіріліп келгендей қуанып, Қастеевтің қолын алыпты.

Бұл портрет 1950 жылы салынған. Портретте қазақ халқының азаттығын аңсаған батырдың өр тұлғасы бейнеленген.

Келесі суретте ол батырды сарбаздарымен бірге суреттеген.

Мынау Кенесары ханның портреті. Суретші қазақтың тарихи тұлғаларының портретін алғаш рет салған және ол батырдың өр тұлғасын шебер бейнелеген.Суретші Жамбылдың , қазақтың батыр қызы Мәншүктің портреттерін салған. Ә.Қастеевтің «Автопортрет», « Қарындасымның портреті», «Біржан сал» атты портреттері бар. Әнші Біржанның бейнесін адамдардың айтуы бойынша салған. Оның қолында домбыра, басында үкілі бас киім, үстінде қазақтың ұлттық шапаны.

Пейзаждық суреттері

Ә. Қастеев өзінің туған жерін «Шежін өзені» атты картинасында сомдады. Табиғаты тамаша мына сұлу өлке оның қиялына қанат бітірді.

Суретте асқар тау, жасыл шалғын, ерке өзен Шежін бейнеленген. Тау басында аппақ қар жатыр, бауырайында мал жайылып жүр. Қандай тамаша табиғат.


Мына картина «Таластың ен даласы» деп аталады. Суретшінің жүздеген шақырым жерді осылайша бір картинаға сыйдырып жіберген шеберлігіне әлем суретшілері таң қалған. « Есік көлі» суретінде де табиғат сұлулығын шебер бейнелеген. Асқар тау, ну орман, биік жартас, айнадай жарқыраған көл. Көлде адамдар қайықпен жүзіп, демалуда. Тамылжыған табиғат тамаша! Қандай сұлулық! Мөлдір су бетінде жартас пен тау бейнесі көрінеді.

Міне, біз Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына саяхат жасадық. Мұражайда 14 бөлім бар. Біз тек Қастеев туындылары қойылған бөлмені тамаша-

ладық.(15-27 слайд)

3-топ

Халық суретші еңбегіне өз бағасын берген. Оны ауылдастары кішкентай кезінде «көзінде айнасы бар бала» деп атаған.

1944 жылы суретшіге Қазақ КСР-нің Халық суретшісі атағы берілді.

1959 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.1966 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

1984 жылы Алматыдағы Мемлекеттік мұражайға Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Мұражайдың алдында суретшінің ескерткіші қойылған..Жаркент қаласында Ә.Қастеев атындағы көркем сурет галареясы бар.


«Қазақтың кім екенін білгің келсе, Шәмшінің әндерін, Әбілханның суреттерін зертте» деген Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсірепов. «Ол –нағыз халықтық суретші,»-дейді өнертанушы ,суретші Муллашев


Алматыға екі рет келген итальян суретшісі Ренато Гуттузо Қастеев мұражайында болғанда : «Не деген керемет суретші?! Біз екі шақырымдық жерді бір шығарманың ішіне ,бір кеңістікке сала алмушы едік.Ал Қастеев екі жүз шақырымдық жерді бір картинаға сыйдырып жібереді екен»,-деп таң қалыпты. Ал америкалық суретші, жазушы әрі қоғам қайраткері Рокуэлл Кент Қазақстанға келіп, Ә.Қастеевпен танысыпты.Қастеевтің сурет көрмесін тамашалапты.Сонда: «Мен Қазақстанның кең-байтақ даласын қалай аралап шығамын деп келіп едім.Қастеевтің шығармаларын көру арқылы Қазақстанды толық танып, білгендей, көргендей болдым.Қастеев еңбектері Қазақстанның жанды шежіресі іспетті», -деп жоғары баға берген. (28-слайд)


Сонымен ,балалар, біз Қорқыт атамыз айтқандай, «Өшпес өмір кілті –өнерде» екенін түсіндік . 1-топқа тапсырма .Өнер туралы мақалдарды толықтырып жазыңыз.

1Өнер алды ----- тіл.2. Өнерліге өріс ---. 3.Өнелі ---сүйкімді.4. Өлеңшінің сөзі алтын,

Өнерлінің ---алтын.5. --- білсең, өлмейсің. 6.Жігітке ---өнер де аз.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу, ол сөздерді орысша, ағылшынша айту

2-топқа тапсырма .Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін қойып, түрлерін ажыратыңыз.


Ә.Қастеев атындағы мұражай 1935 жылы ашылып бейнелеу өнерінің орталығы болды.

1950 жылдан бастап оның қоры Қазақстан суретшілерінің шығармаларымен толықтырылып 1976 жылы онда халықтық қолөнеркөрмесі ашылды.

Мұражай қорындағы суреттер республикалық көрмелерге қойылды және шетелдерге шығарылды.

Ә.Қастеев әкесінен ерте айырылып сегіз жасында сиыр бақты.

Сол кезден бастап бала табиғаттың сан түрлі бояуын көріп жан-жануарларды, өсімдіктерді танып өсті

Орыс суретшісі Н.Г.Хлудов Әбілханды сурет әліппесіне үйретіп оған сурет салудың құпияларын ашты.

Ә.Қастеев «Күз»,»Көктем», «Алма ағашы» атты суреттер салып онда табиғат

сұлулығын бейнелейді.



3-топқа тапсырма: Құрмалас сөйлемдердегі жай сөйлемдер арасына жалғаулық шылауларды қойып жазыңыз.


Сурет салу қиын............. ол әрбір адамның қолынын келе бермейді.

Суретші сурет салу ..... түрлі –түсті бояу сатып алды.

Ол жасынан суретші болуды армандайтын.....өнер институтына оқуға түсті.

Мұғалім сурет салуды тапсырған...ол суретті сала алмады.

Оқушы сурет үйірмесіне қатысады ...ол сурет салуды жақсы көреді.


Керекті шылаулар: бірақ, сондықтан, өйткені, үшін,себебі


  1. топқа тапсырма . «Мұражайда» тақырыбына диалог құру.2-топқа тапсырма.

«Мұражай» сөзіне 5 жолды өлең құрастырыңыз.

3-топқа шығармашылық тапсырма . Мұражайдан алған әсерің қандай?( әңгімеле)

Сабақты қорыту, өзара бағалау парағы бойынша бағалау

Үйге тапсырма .Өткенді қайталау, бақылау жұмысына дайындалу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
1343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі