Материалдар / Ашық сабақ ,Әә дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ ,Әә дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 1 сынып бағдарламасы негізінде жасалған. Ашық сабақ жопары қала мұғалімдері арасында іс-тәжәрибе таратуда жасалып,жүргізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2021
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: Әліппе кезеңі



Педагогтің аты-жөні:

Күні:


Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә дыбысы және әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;

1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: Ә дыбысы бар сөздерді оқып,қай буында тұрғанын тауып, әріп таңбасын жазады

Оқушылардың көпшілігі: Ә дыбысы бар сөздерді буындап, тұтастай оқып, сөздік және буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылардың кейбірі: Шағын мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, өз пікірін айтады

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Сөйлеу б/да дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтайды, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді.

Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады.

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді.

Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

-Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

  • Ал, балалар, енді бір-бірімізге күлімдеп қарайық.



Оқушылар өлең жолдарын хормен айта отырып,бір-біріне күлімдей қарайды. Жылы сөздерін айтады..


Қолдау








Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін «Білгір » әдісі бойынша сұрақтарға жауап

«Есіңе сақта!(мнемоника)» әдісі

  • Таңертең ерте шақырып,елді оятатын құс

  • Әтеш

  • Қазіргі кезде ел басқаратын адамды кім дейміз?

  • Әкім.

  • Ырғаққа салынып айтылатын өлең

  • Ән.

  • Әнді орындайтын адамды кім дейміз?

  • Әнші

  • Ендеше сендер айтқан сөздердің бәрі қай әріптен басталып тұр?

  • Ә дыбысынан басталады.

  • «Ә» қандай дыбыс?

  • Ә дауысты дыбыс.

Оқушыларды тез ойлауға, жылдам, дұрыс жауап беруге арналған сұрақтар беріледі.


сұрақтар

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар. Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.

Сұрақтарға сөйлем сызбасы арқылы жауап бересіңдер.

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым. 1-тапсырма.

Оқулықтың 68-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың түсініп оқуына қолдау жасау.

-«оң қолда, сол қолда» әдісі бойынша бағандағы сөздерді оқып шығады;

-«Тізбектей оқу» әдісі бойынша ,мәтінді түсіне отырып оқып,түсінгенін айтады;


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.











  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,

«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  1. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  2. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.




Қолдау









Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.














Оқулық




Суреттер















Сергіту сәті


2-тапсырма. Тыңдалым.

Әже туралы аудио жазба тыңдау.

Жұптық жұмыс:

- алдарындағы қима әріптерден мәтінде болған ә дыбысы бар сөзді тауып, құрайды.

-дыбыстық талдау жасайды.

-Экрандағы сызбаға сәйкес сөйлем құрайды.

-


«Ақ ұлпа қар жауды» әдісі бойынша жұпта қолдарындағы таяқшаларымен қар жаудырады. Қар мұғалім айтқан әріп үстіне қонуы керек.

3- тапсырма. Айтылым.

-«Ашық микрофон» әдісі бойынша тыңдалған мәтін мазмұнын айтып,өз ойын қосады.




  1. Аудионы мұқият тыңдайды.

  2. Құраған сөздеріндегі «ә» әрпінің орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.

  3. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрайды.


1

.

Сөз немесе сөйлем құрап оқығанда көмек керек болған жағдайда көмектесу.



АКТ

Жазу дәптері


(МК, Ө)

4-тапсырма. Жазылым


Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазу.

. Оқушылар жазу дәптеріндегі

  1. тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады

  2. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқиды. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазады:

Әселдің әжесі бар. Әжей текемет басады. Оны «қолы шебер әжей» дейді.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!»,

«көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».

Сөйлемдерді мәтіннен табуға, реттілігін анықтауға бағыт беру.



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

«Шам жарығы» әдісі

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

1-деңгей:

Сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Бұл не? – Бұл – жәшік.

  • Жәшік нешеу? – Жәшік біреу.

  • Жәшікте не бар? – Жәшікте алма бар.

  • Алма қандай? – Алма тәтті.

  1. деңгей:

Әр сөйлемдегі сөз санын, «ә» әрпінің орналасу орнын тап.

  1. деңгей:

Қосымша сұрақ қойып, сызбасын сыз.


«Ақиқат па , жалған ба?» әдісі бойынша

жұмыс жасайды. Ақиқат болса ,шапалақтап, жалған болса жер тепкілейді.

-Ә дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Әке сөзі бір буынды сөз

-Дыбысты жазамыз,көреміз.

-қар жауды. Сөйлем 3 сөзден тұрады.



Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап береді.

  2. деңгейдегі оқушылар сөйлем саны мен

«ә» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.

  1. деңгейдегі оқушылар сурет бойынша қосымша сұрақтар құрап, сызбасын сызады.




Өз ұсыныстарын білдіреді.








Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.





Саралау тапсырмалары


Рефлексия

«Бағдаршам»- бала сабақ деңгейі бойынша бағдаршам көзіне сызық белгісін қояды. Белгі қызыл-ұнамады немесе түсінбедім, жасыл-бәрін түсіндім,қызықты болды,сары түс сұрақтарым бар дегенді білдіреді.

Өз ұсыныстарын білдіреді.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!