жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Абай дара, Абай дана қазақта
Тақырыбы: Тәуелсіздік туы, желбіре! Дайындаған: Савирдинова Гульнара
Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін
баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы
екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал
қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: интер. тақта, безендірілген сахна.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.
1) Елордамыз Астананың көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)
2) Жиындарда орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)
3) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)
4) Көк байрағымыздың авторы. (Ш. Ниязбеков)
5) Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Алматы)
6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Астана)
7) Елтаңба авторы. (Ж. Мәлібеков)
8) Қазақстанның тұңғыш президенті. (Назарбаев)
9) Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)
10) Ұлы жүздің биін ата? (Төле би)
- Қандай сөз шықты? (тәуелсіздік)
Ой қозғау.
- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?
- Біз ертең қандай мейрам тойлағалы жатырмыз?
- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (______ жыл)
- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)
- Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. «Тәуелсіздік туы, желбіре» атты тәрбие сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.
- Онда келесі кезекті салтанатты бөлімге берейік.
1-жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздігіміздің ____ жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы, желбіре!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
2-жүргізуші:
- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
1 оқушы:
- Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын да кездері де болады.
1-оқушы:
- 200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық.
2-оқушы:
- Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
3-оқушы:
- Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.
4-оқушы:
- Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.
5-оқушы:
- 70 жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.
6-оқушы:
- Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.
7-оқушы:
- 1920-1922, 1928-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық-зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған-туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.
8-оқушы:
- 1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.
9-оқушы:
- 1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші біздің ауылымызда да ардагерлеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ біздің өміріміз үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.
8-оқушы:
- 1986 жылы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді. Жас өмірін тәуелсіздік үшін қиып кеткен аға-апаларымыз: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова т.б. жазықсыз сотталып, қыршын өлді.
9-оқушы:
- Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
1 оқушы:
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазақққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қанға боянып
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жан шыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн.
10-оқушы:
- 1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.
1 оқушы:
Жас арудын жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-Желтоқсан
Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,
Жана гұмыр бастаған да – Желтоқсан,
Жазықсыздын көз жасына жуынып,
Абактыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан,
Жетістіктің ұраны да – Желтоқсан,
1 оқушы:
- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
1-жүргізуші:
1 оқушы:
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
- Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.
1-оқушы:
- 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышка самғады.
1-оқушы:
- 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.
Өзіндікі, туын да,
От пен ауа, суын да
Жаса Қазақстаным!
Белді, бекем, буын да.
1-оқушы:
- 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заны қабылданды. 5 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
Көк туым, көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата заңым қабылданып.
1 оқушы:
- 1996 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясына 1 жыл болды. 17-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
1-оқушы:
- 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1 оқушы:
-Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетіміз – ана тіліміз.
1 оқушы:
Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.
Кең даламдай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім, тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
1-оқушы:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы– Астана.
1-оқушы
Ұлы
Отан соғысы да қазақ халқы үшін осындай
орасан зор зұлматтың бірі болды.
Миллионнан астам адам майданға аттанып,
олардың жартысына жуығы туған топырағына
қайтып оралмады. Ал аман жеткендері
сұм соғыстың нағыз бет-бейнесін көріп,
зұлымдықты әбден танып-біліп, басқа
адам боп келді.
Соғыс
деген суық үн,
Соғыс
деген күз, қайғы.
Соғыс
десе буыным,
Сынбай
тұрып, сыздайды...
Алаңдаймын
ойыма ап,
Жауап
күтіп әлемнен.
Самолеттер
бейуақ,
Ұшып
өтсе төбемнен… Қанипа Бұғыбаева
Оқушы:
Семей ядролық полигоны, Семей сынақ алаңы – КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 26, жер астында – 26.
Семей ядролық полигонында ауада және Жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті.
»Невада -Семей" ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т. б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған.
Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдарды, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.
Егемендік
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Мұғалім:- «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халық үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз дегім келеді сабақ соңында.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген