400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Абай Жазғытұры 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай өмірі,шығармалары туралы түсінік бере отырып,өлеңнің мазмұнын ұғындыру.Көктем мезгілінін ерекшеліктерін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Онды орта мектебі







Ашық сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Жазғытұры»

Сыныбы: 3 «Б»





Өткізген:Набиева Г



2018 жыл

Бекітемін: _____________

Оқу ісінің меңгерушісі: А.Саламатова

Пәннің аты:Әдебиеттік оқу

Уақыты:12.02.2018

Кабинет:

Мұғалім:Набиева Г

Сабақтың атауы:

Абай. Жазғытұры

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың  мақсаты: - Оқушыларға  Абай  өмірі, шығармалары  туралы  түсінік  бере отырып, өлеңнің  мазмұнын  ұғындыру. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін  түсіндіру.

-Тілін  дамыту, өлеңді  мәнерлеп  оқуға  баули  отырып, жүйелі баяндай  білуге  үйрету

-Табиғатты  сүюге  оны  қорғау  білуге тәрбиелеу.

Сабақтың   көрнекілігі:    слайд

Сабақтың    әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен  жұмыс.

Сабақтың    барысы:Ұйымдастыру

Өткен  сабақты  қорытындылау

Сабақ  қазақтың  ұлттық  ойыны « көкпар» ойынының  бағытын  негізге  ала  отырып, өткізіледі.

Көкпар.

1.Ширату

2.Іліп  әкету

3.Қамшы  басу.

4.Қазандық

1-бөлім: Ширату «Көзбен  көр,  сөзбен  өр!»


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Топқа бөлу

Тақтаға ақ қағаздар ілінеді. Балалар қағаздарды таңдау арқылы келесі жағында жазылған «Көктем-Ана» тобы,«Көктем-Наурыз» тобы,«Көктем-Жеңіс» топтарынабөлінеді.

Оқушылар кезекпен келіп,өздері таңдаған қағаздарын алады.

Қызығушылықты ояту

«Біліміңді   тексер» тест  тапсырмалары:

«Көктем – Ана» тобы  сұрақтары

1. «Бұл  адам  емес»  деген  сөйлем  қай  мәтінде   кездеседі?

З)  Шал  мен  бала  

Г) Мейірім  

Ж)  Нағыз  адам

 2. «Оның  домбырасынан  теңіз   толқынындай  арындаған  асау   күй  төгіледі» деген  жолдарда  кім  туралы  айтылған?

А)  Құрманғазы 

Ә)  Шәмші  

Б)  Әміре

3.  «Күзек»  сөзінің  мағынасын  тап.

Ж)  Көктемгі  егіс  даласы   

З)   Қойды  күзде  бағатын  қоныс.


«Көктем – Жеңіс» тобы сұрақтары

«Таза  бұлақ»  мәтінінің   авторы

Г)  Б.Соқпақбаев  

Ғ)  Ы.Алтынсарин.

Д) Ж.Кәрменов.

2.Ән  құдіреті  туралы  қай  мәтінде  айтылған?

И)  Әке  тәлімі. 

Ы)  Аққұс  туралы  аңыз.  

Е)  Рәсім

3.Әміре  Қашаубаев  кім?

П) күйші   

Т)  әнші  

Р)  жазушы


«Көктем – Наурыз» тобы  сұрақтары:

1. «Достық  деген   ізгіліктің  алаңы  қай  өлеңнен   алынған  үзінді?

Ү)  ана     

Ұ)  Достық   өлкенсінің   заңы  

У)  төрт  ана

 2. Әбілхан  Қастеев   кім?

П)  сазгер 

Р)   суретші 

Л)  ғалым

3. «Кісідегінің  кілті  аспанда»  деген   мәтел  қай  мәтінде  кездеседі?

И)  Абай  шаңырағы  

Ы)  Сәкен  аға   

С)  Ақ  шаш       

(«Жазғытұры»  деген  сөз  шығады)  Демек  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы

«  Жазғытұры»

Жаңа  сабақ.

Абай

Автор  А.Құнанбаев  туралы  мәлімет.

Абай қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған.. Шешесі Ұлжан Орта жүздің қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады.


2-бөлім. Іліп  әкету.  «Оқы   да,  ойыңа  түй!»

Өлеңді  мәнерлеп  оқып  беру, мазмұнын  түсіндіру.


«Көктем-Ана» тобы:  өлеңді  мәнерлеп  оқиды


«Көктем-Жеңіс» тобы:өлеңдегі  көктемгі  көктемгі  тіршілікті  суреттейді.


«Көктем-Наурыз» тобы: жануарлардың   көктемгі  тіршілігі  туралы  суреттейді.


Сергіту сәті: « Қызыл гүлім-ай»


3- бөлім  « Қамшы  басу. Өз ойыңнан төрт жол өлең құрау

.......................................................................жеріме,

.......................................................................еліме.

.......................................................................көгімде,

.......................................................................төгіле.


Шығармашылық  жұмыс:

«Көктем-Ана» тобы

Өлең  сөздерін   негізге  ала  отырып,  көктем  суретін  салу.


«Көктем-Наурыз» тобы

Мақалды   жалғастыр:

1. Сәуір  болмай,  тәуір  болмас

2.Жазғытұрымғы  жел  жардай   атанды  жығар.

3.Көлдің көркі құрақ

Таудың көркі бұлақ


«Көктем-Жеңіс» тобы

Жұмбақтарды  шешіңдер:

1.Ақ  жібек  асыл  көрпедей,

Қыс  болса  жерді  жабады

Жазғытұрым  болғанда,

Су  болып   сайға  ағады.

(қар)

2.Торғын  көкте  қара  құс,

 Ағылып  ұшып  барады.

Қағып  екі  қанатын

Күннің   көзін  жабады.

(бұлт)

3.Күн  күледі,  Жер  түледі.  (   көктем)


4- бөлім  Қазандық «Тобықтай  түйін»


Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау, Көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағдаршамның үш көзі арқылы бағалау Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі