400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Абай мен Әбіш" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінді қатесіз жүргізіп оқи алу. Мәтінде айтылған ойды анықтап, мәнін аша алу. Түсінікті жүйелі айта алу. Абай мен Әбіш туралы кең көлемде білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу Тексерілді:-

__________ К.Қалбырова.



Тақырыбы: Абай мен Әбіш

Мектеп: Мыңбұлақ ЖОМ

Күні:

Пән мұғалімі: Г.Кеңесбекқызы

Сыныбы: 3

Барлық оқушы: - 9

Қатыспағаны: - 0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Мәтінді қатесіз жүргізіп оқи алу. Мәтінде айтылған ойды анықтап, мәнін аша алу. Түсінікті жүйелі айта алу. Абай мен Әбіш туралы кең көлемде білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді қатесіз, жүргізіп оқи алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінде айтылған ойды түсініп, әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар:

Абай мен Әбіштің ақ және қара зат туралы айтқан ойларын түсініп, талқылай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Петербург. Алымды. Қайрат. Асыл сөз. Алғыр ой.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Петербург – елді мекеннің аты

Алымдылығы – ұшқырлығы

Қайраты – күш-жігері

Асыл сөз – құнды сөз.

Алғыр ой – ұтымды ой.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Абай неге ақ затты, ал Әбдірахман неге қара затты асыл деп айтқандарын түсіндіріп бере аласың ба?

Өзің ол сұрақтарға қандай жауап айтар едің?

Жазылым бойынша ұсыныстар:


Алдыңғы оқу

Абайдың ақын, жазушы және сазгер екенін сонымен қатар Әбдірахман Абайдың баласы екенін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Жеміс жинау» жаттығуы арқылы үй тапсырмасын пысықтап, топқа біріктіремін. Онда оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қоямын. Әр жеміске бір-бір сұрақтан дайындап қоямын. Сол алған жемістеріндегі сұрақтарға жауап береді. Алманы алғандар бір топ, апельсин алғандар бір топ, қлпынай алғандар бір топқа бірігеді. Оқушыларды топқа біріктіріп болғаннан кейін, бүгінгі сабақты жақсы меңгеру үшін өз алдарына мақсат қойғызамын.

Ой қозғау: Тақтадан Абай Құнанбаевтың суретін көрсетемін. Тақтадағы кімнің суреті екенін сұраймын. Ол туралы не білетіндерін сұраймын. Оқушылардың Абай туралы айтқан ойларын жинақтай келе, бүгінгі өтетін жаңа тақырыпты хабарлаймын. «Абай мен Әбіш»


Жемістердің суреті













Интербелсенді тақта


Ортасы

Жаңа сабақ: Бұл тақырыпты сендерге үйде танысып келіңдер деп тапсырған болатынмын.

Үйде танысып келдіңдер ме осы тақырыппен?

- Олай болса, қазір мен сендерге осы мәтін бойынша шағын бөліктер беремін. Екі топқа мәтінді бөліктерге бөліп беремін. Әр бөлік – бір сұрақпен аяқталады.

1- бөліктің сұрағы: «Әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?»

2- бөліктің сұрағы: Ақ заттың асылдығын сен қалай дәлелдейсің?

3-бөліктің сұрағы: Қара заттың асылдығын қалай дәлелдейсің?

Сөздікпен жұмыс:

Петербург – елді мекеннің аты

Алымдылығы – ұшқырлығы

Қайраты – күш-жігері

Сергіту сәті: «Күн түсті» жаттығу арқылы оқушыларды сергітемін. Сонымен қатар топ мүшелерін ауыстырамын. Әрбір оқушы келесі топқа ауысқанда біріншіден өзі білетін нәрселерін келесі топ мүшелерімен бөліседі және өзі білмейтін нәрселерін өзге сыныптастарынан біледі. Екіншіден кез келген топта тосырқамай, еркін жұмыс жасай алуға қалыптасады.

Постермен топтық жұмыс жасатамын. (сурет салады)

Үш топқа бір-бір тапсырма беремін.

1-топқа ақ заттың асыл екенін дәлелдеуді тапсырамын.

2-топқа қара заттың асылдығын дәлелдеуді тапсырамын.

3-топқа мәтінді сахыналауды тапсырамын.

Постерді тақтаға іліп, әр топтан бір мүшеден шығып үлкен топтың алдында қорғайды. Екі топ бір-бірінің жұмыстарын бағалап, кері байланыс береді.














Интербелсенді тақта












Постер

Маркер






Аяқталуы

«Конверт сұрақ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. Үш топқа үш конверт дайындаймын. Онда жаңа тақырып бойынша әр топқа үш тапсырмадан беріледі.

1. Наушабайдың Абай үйіне түсуі.

2. Әбдірахман туралы.

3. Абайдың Әбішке қойған сұрағы.

4. Әбіштің жауабы.

5. Абайдың пікірі.

6. Әбіштің пікірі.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. «Асылдардың асылы» атты тақырыпта шағын әңгіме жазу.

Бағалау: Әр оқушығы жеке-жеке бағалау критерийін беріп, бағалаймын. Кері байланыс аламын.












Стикер

Қосымша ақпарат: Интернет көздерінен Абай мен Әбдірахман туралы деректер алып көрсетемін.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі