Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ Абай Құнанбаев 6сынып "Ақ киімді денелі ақ сақалды"

Материал туралы қысқаша түсінік
өзіне қажет деп санайтын ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Абайды оқы, таңырқа!

Сабақ № 9

Қазақ тілі мен әдебиеті

Күні: 20.06. 19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қожахметова А.Г

Мектеп:

Н.Крупская атындағы орта мектеп

Сынып: 6 «А», «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

6.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Орта көлемді шығармалардың мазмұнын түсінеді, айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: орта көлемді шығармалардың мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: орта көлемді шығармалардың негізгі ойын анықтап, жазба жұмыстарында теңеу,эпитетті қолданып жазады.

Бағалау критерийлері

  1. Өлеңнің мазмұнын айта алады

  2. Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдарды пайдалана алады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, Әдебиет пәні

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қазақтың бас ақыны, жыл мезгілдері, қыстың ызғарлы суық күндері.

Диалог үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестер: менің ойымша, менің пайымдауымша.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Абай кім? Табиғат туралы қандай өлеңдерін білесің?

Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.

Алдыңғы оқу:

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін біледі

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

( 3 минут)


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Көңіл күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратамын. Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл күйін сипаттайтын сурет(смайлик)(күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі бейтарап, т.б) салады.

(бірнеше оқушыдан көтерген смайликтің себебін сұраймын )

Көңіл күйді анықтап болған соң.

Жыл мезгілдерінің суреті арқылы үш топқа бөлемін.

Миға шабуыл (оқушылардың ойын жинақтау мақсатында жыл мезгіліне арналған жұмбақ жасырамын).

Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын,

Қаздарым тұр аулада. (Қыс)

сабақтың тақырыбы мақсаты мен бағалау критерийлерін түсіндіремін.

  • орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

  • жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазады

Мәтіналды жұмыс. Тақтаға тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді іліп, таныстырамын,дауыстап оқытып,оқушыларға қайталатамын, сөздік дәптерлеріне жаздырамын.

Жаңа сөздер:

Үскірік-лютый мороз

қырау-иней

долдану-взбеситься;рассвирепеть

кәрі құда-старый сват

әуес- любопытный;увлеченный

денелі-здоровый

әсемпаз-кокетливый

зейінді- внимательный

көн- смирись,покорись

әділдік-спроведливось

жирену-испытовать чувство



Маркерлер, А4 қағазы























Жаңа сөздер жазылған кесте

Сабақтың ортасы

( 5 мин)












5минут
















7минут























10минут











































7минут


  1. Мәтінмен жұмыс

3-тапсырма. Оқылым. Өлеңді оқиды. Сол бойынша қандай тапсырма орындайтындарын хабардар етемін.

(оқушылар өлеңді іштей мәнерлеп оқиды.Топ ішінде мәнерлеп оқып. Топ ішінен автордың эмоциясын бере алатын бір оқушы сынып алдына шығып мәнерлеп оқиды.)

«Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау,танымас тірі жанды,

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы –үскірік ,аяз бен қар

Кәрі құрдаң- қыс келіп,әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ,ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе,қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар

Беті-қолы домбығып,үсік шалды.

Дескриптор

- өлеңді нақышына келтіре оқиды.

- өлеңдегі автор эмоциясын бере алады.

- өлеңнің мазмұнын айта алады

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.



1-тапсырма. Топтық жұмыс.

І топ. Өлең жолынан теңеу мен эпитетін табыңдар /кемінде 2-3/


ІІ топ. Өлеңнен берілген теңеу мен эпитеттерден сөйлем құраңыздар.


Ұшпадай, бұлттай, борандай,кәрі құда, оқшырайтып, долданғанда,соқыр,мылқау


ІІІ топ.Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құраңдар, теңеу мен эпитетін табыңдар.


Әлек

көзін

Алты

балалар

үсті-басы

салды

Екі

айналды

Жас

сақалды

Үсік

қанат

Теріс

шуып

Ақ

киген

Бөркін

ақ қырау

Қар

шалды



Тапсырма

Дескриптор

І топ

Өлең жолынан теңеу мен эпитетін табады.

Өлең жолынан теңеу мен эпитетті таба алады

ІІ топ

Өлеңнен берілген теңеу мен эпитеттерден сөйлем құрайды

1.Берілген теңеу мен эпитетті қатыстырып сөйлем құрай алады.

2.Тапсырманысауаттыорындайды.

ІІІ топ

Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді. Теңеу мен эпитетін табады,сөйлем құрайды

1.сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.

2. теңеу мен эпитетті таба алады.

3.сөйлем құрап жаза алады.


КБ. « Сен маған,мен саған» әдісі арқылы топтар бір-бірінің тапсырмаларын бағалайды


Сараланған тапсырма:

(топтық жұмыс жүргізіліп жатқанда қабілетті оқушы мәтіндегі 5 сөйлемге түрлі нұсқада сұрақ қояды.)

Қабілетті оқушыға арналған тапсырма.

Өлең жолынан 5 сөйлем таңдап алып, түрлі нұсқада сұраулы сөйлемге айналдыр.

Үлгі: Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.

Кім келді?

Қандай қыс келіп әлек салды?

Қыс келіп, не істеді?


Дескриптор.

  • Өлең жолынан бес сөйлем таңдап алды.

  • Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырды.


КБ.Мадақтаймын, бағыттаймын

Мәтінсоңы жұмыс.

Абай атамыздың көзқарасымен «Қыс» суретін салыңдар. Суреттегі ерекшелікті атаңдар.

Дискриптор

  1. Автордың ойын жеткізе алады( сурет арқылы).

  2. Суреттегі ерекшелікті табады.

КБ. Әр топ бір-бірінің тапсырмаларын дескриптор арқылы бағалайды


Жұмбақтар жинағынан





«Көкжиек 2019» баспасы

Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқулық 96 бет,



































Үлестірмелі қағаз












Сәйкестендіру кестесі










Бағалау критерийін беремін


«Сен маған,мен саған» әдісі

Сабақтың соңы





2минут



1минут


Рефлексия. «Талқылау бойынша серіктестер»


СЕРІКТЕСІҢІЗБЕН ТАЛҚЫЛАҢЫЗ

Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы;

Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгіңіз келеді? 

Үйге тапсырма: «Қыс » өлеңін жаттау.



Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыға өлең жолынан бес сөйлем

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
4682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12