жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл" 7-сынып
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4А XIX-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті |
|
Мектеп: «Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернаты» КММ |
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Карашинова Алмагуль Серикбаевна |
Сынып: 8 (7) |
Қатысқандар: 21 Қатыспағандар: - |
Сабақтың тақырыбы:
|
Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл. Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.2 – Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру. |
Сабақтың мақсаты |
Барлығы орындай алады: Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін анықтайды. Басым көпшілігі орындай алады: «Хәкім Абайдың» шығармаларының құндылығын дәлелдейді. Кейбірі орындай алады: Абай Құнанбаевтың қазақ қоғамына қосқан үлесін бағалайды. |
Ойлау дағдылары |
Жоғары деңгей |
Бағалау критерийі |
1.Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін анықтайды. 2.«Хәкім Абайдың» шығармаларының құндылығын талдайды. 3.Ақынның қазақ қоғамына қосқан үлесін бағалайды. |
Тілдік мақсаттар |
Терминология: қазақ қоғамы, хәкім, қарасөз. Тыңдалым: А.Құнанбаев туралы бейнебаян тыңдайды. Айтылым: Сұрақтарға жауап береді, топ ішінде өзара талқылайды, қорғайды. Оқылым: Мәтінмен жұмыс. Жазылым: Терминдердің мағынасын дәптерге жазады. |
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, музыка |
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
«Ы.Алтынсарин – педагог-новатор»
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы
10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақта жағымды психологиялық ахуал туғызуда «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы жүргізіледі. Білім алушылар шеңбер құра отырады. «Сыйлықтар» – қағазға жазылған адамгершілік құндылықтар. Қобдишадан әр білім алушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, лайықты деп санаған сыныптасына сыйлайды. Топқа бөлу. «Талап», «еңбек», «қанағат» сөздерінің бірін таңдау арқылы білім алушылар 3 топқа бөлінеді. Топтың ережесі еске түсіріледі. Бағалау парағы б еріледі.
Үй тапсырмасын тексеру (жеке жұмыс). «Ы. Алтынсарин – педагог-новатор» тақырыбы бойынша білім алушылар «Авторға сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді. Әр топтан авторға үйден дайындап келген 3 сұрақтан, барлығы 9 сұрақ қойылады. Ешкім жауап бермеген сұрақтың жауабын мұғалім айтады. ҚБ: «Бағдаршам» тәсілі Оқушылар толықтай түсінсе – жасыл түсті, түсінуге жақын болса – сары түсті, түсінбесе – қызыл түсті карточканы көрсетеді. |
https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/36304
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
Миға шабуыл. (Жеке жұмыс) «Түйінді сөздер» әдісі бойынша үш топқа «қазақ қоғамы», «хәкім», «қарасөз» деген терминдер беріледі. Оқушылар топ болып бірігіп, сол сөздердің мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді. «Аталған терминдерді байланыстырушы тұлға кім?» деген сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбы «Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл» екенін білім алушылар анықтайды. Жеке жұмыс: «БББ» кестесін оқушылар дәптерге толтырады.
Дескриптор: 1.Оқушылар Абай туралы бұрыннан білетін 3 ойды жазады. 2. Оқушылар Абай туралы білгісі келетін 3 ойды жазады. ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі
(Жеке жұмыс) «Stop-кадр» әдісі. Мұғалім оқушы назарын Абай Құнанбаев туралы бейнебаянға аудартады. Кадрды экранда тоқтатып қойып, төмендегідей сұрақтарды қою арқылы диалогқа тарту: 1.Абайдың бейнесі бейнебаянда қалай берілген? 2.Әкесі Құнанбайдың Абайды тәрбиелеу ерекшелігі қандай болды? 3.Қарапайым халықтың сый-құрметіне Абай қалай ие болды? 4.Үзінді сізде қандай ой туғызды? Оқушылар бейнебаянға болжам жасаған соң бейнебаян қайта жалғастырылады. ҚБ: «Жарайсыздар! Пікірлерің керемет!» деп мадақтау.
Сергіту сәті: Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің бір шумағы мен қайырмасын орындату.
(Жұптық және топтық жұмыс) Мәтінмен жұмыс. Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін бағалайды. 3 топқа мәтін бөлініп беріліп, «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұпта талқылап, топта бөліседі. 1-топ: Ақынның балалық шағы, озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы. 2-топ: Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, Абай және халық ағарту ісі. 3-топ: Абайдың аудармашылық қызметі, оның Қазақстан тарихында алатын орны.
№1-тапсырма 1-топқа: Бағалау критерийі:Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін анықтайды. (Топтық жұмыс)Тапсырма: Ақынның балалық шағын, озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуын «5 R» маңыздылық кестесіне толтырады.
Дескриптор: - А.Құнанбаевтың балалық шағының есте қалатын оқиғасы мен орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуын талдайды; - А.Құнанбаевтың балалық шағының есте қалатын оқиғасы мен орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуының нәтижелелігін саралайды; - А.Құнанбаевтың балалық шағының есте қалатын оқиғасы мен орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы қазіргі қоғамның қалыптасуына тигізген әсерін айтады; - А.Құнанбаевтың балалық шағының есте қалатын оқиғасы мен орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы сол кездегі адамдардың ой-пікірі мен әрекеттері туралы беретін ақпаратын талдайды Нақты жауаптары:
ҚБ: тапсырманы орындауда жеңіл болып көрінгені, қиын болып көрінгені туралы ақпарат алмасу
№2-тапсырма 2-топқа: Бағалау критерийі:«Хәкім Абайдың» шығармаларының құндылығын талдайды. (Топтық жұмыс)Тапсырма: Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, Абай және халық ағарту ісі тақырыпшасын «7W» тәсіліне салу. 1.Неліктен Абай «хәкім» атанды? 2.Неліктен Абай бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол дейді? 3.Неліктен Абай өз шығармаларын жинақтамаған? 4.Ақын өз өлеңдерінде неліктен сараң байларды өлтіре сынады? 5.Неліктен Абай халықты ғылыммен айналысуға үндеді? 6.Неліктен Абай мектептерді көп салуды жақтады? 7.Кедейшіліктен құтылудың тәсілі егіншілікпен айналысу деп ақын неліктен айтқан? Дескриптор: 1.Абайдың «хәкім» атануының себебін анықтайды. 2.Абайдың қашық және асық бол деген бес нәрсенің себебін анықтайды. 3.Абай шығармаларының жинақталмау себебін анықтайды. 4.Ақынның өз өлеңдерінде сараң байларды өлтіре сынауының себебін анықтайды. 5.Абай халықты ғылыммен айналысуға үндеу себебін анықтайды. 6.Абайдың мектептерді көп салынуының жақтау себебін анықтайды. 7.Кедейшіліктен құтылудың тәсілі егіншілікпен айналысу деп ақынның айту себебін анықтайды. Нақты жауаптары: 1.Хәкім – әр түрлі ғылымды меңгерген, сол ілімімен адамға ізгі қызмет қылуды мақсат еткен ғұлама. Хәкім ақиқатқа ізденіспен, ой-пікірмен жетсе, әулие сенімінің бекемдігімен, иман қуатының кәмелеттігімен жетеді. 2.Ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Адам болу үшін тәрбие мен білімнің пайдасы зор екендігін айтқан. 3.Ақын өлеңдерін қағазға жазып, жастарға таратқан. Олар өлеңді жаттап, ауызша таратқан, қолдан-қолға көшіріп алған. 4.Ақын жергілікті болыстардың парақорлығын, қанағатсыз пайдакүнемдігін сынап, жаппай кедейлену, қайыршылық халге түсуді ашына жазды. 5.Ақын халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды. 6.Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие мен білім беру арқылы жоюға үндеді. Ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. 7.Абай жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алауыздықты, надандықты әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда жасауды үйрену керектігін айтты. ҚБ: «Серпілген сауал» тәсілі Оқушылардың тақырыпты түсіну, талқылау дағдысы бағаланады. Оқушылар біріне-бірі сауал «лақтырады». - Пікіріне қосыласыз ба? - Жауапты қалай толықтыруға болады? - Пікірді 1 сөзбен қалай тұжырымдайсыз?
№3-тапсырма 3-топқа: Бағалау критерийі: Ақынның қазақ қоғамына қосқан үлесін бағалайды. (Топтық жұмыс) Тапсырма: «Блум текшесі» тәсілі арқылы Абайдың аудармашылық қызметін, оның Қазақстан тарихында алатын орнын бағалаңыз. Текшенің 6 қырында орналасқан тапсырмалар неліктен, атаңыз, түсіндіріңіз, ұсынысыңыз, ойлап табыңыз, бөлісіңіз деген сөздерге негізделген. Тапсырманы орындауда оқушы сыни ойланады, талдайды, бағалайды. Патша үкіметі неліктен Абайды аңдыған? Абайдың М.Ю.Лермонтовтан аударған өлеңдерін атаңыз. Ақынның қазақ қоғамына қосқан үлесін түсіндіріңіз. Адам болу үшін сіз қандай қағиданы ұсынасыз? Кедейшіліктен құтылудың жолын ойлап табыңыз. Ақын өлеңдеріндегі құндылықтардың қайсысы қазір жеткіліксіз, ойыңызбен бөлісіңіз.
Мүмкін жауаптары: Неліктен? – Абаймен Семейге саяси жер аударылғандардың санасуы саяси күдік тудырды. Атаңыз – «Шайтан», «Дұға», «Қанжар», «Жолға шықтым жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау», «Теректің сыйы». Түсіндіріңіз – Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Ол қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалады. Оның әдеби бай мұрасы бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Ұсынысыңыз – Адалдық – ардың ісі. Ойлап табыңыз – балықшылық, зергерлік, қазба байлықтарды өндіруді кеңінен бастау. Бөлісіңіз – Қанағат, рақым азайған. «Қанағат қарын тойғызар» дегендей адамның барға риза болуы, нәпсіге ермеуі дұрыс. Ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеу маңызды. Қолдағы барға, қол жеткізген табысқа разы болу қасиеті баршаға тән емес. Рақымды жан – мейірімді, кешірімді адам. Бұл санаттағылар да аз. ҚБ: «Сэндвич» әдісі. 1-бөлігі - сәтті жақтар; 2-бөлігі - сындарлы сын; 3-бөлігі - болашаққа ұсыныс. |
З.Е.Қабылданов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаева «Қазақстан тарихы» оқулығы, «Атамұра», 227-234 беттер
Бейнебаян
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
10 минут |
(Жеке жұмыс) БББ кестесінің соңғы бөлігін толтырту.
Дескриптор: 1.Оқушылар Абай туралы білген 1- ойды жазады. 2.Оқушылар Абай туралы білген 2- ойды жазады. 3.Оқушылар Абай туралы білген 3- ойды жазады. ҚБ: «Алма ағашы» Оқушыларға сабақ барысында 2 түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ.
(Жеке жұмыс) Дескриптор: 1.Оқушылар еске сақтау керек маңызды бір нәрсені жазады. 2. Көбірек білгісі келетін екі нәрсені жазады. 3.Бұрыннан білетін үш нәрсені жазады. 4. Сабақта үйренген төрт нәрсені жазады. |
|
||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма |
«Абай және ұлт болмысы» (бір қарасөздің тәрбиелік мәнін ашу). |
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
«Авторға сұрақ» әдісін таңдаған себебім – ол үй тапсырмасын сұраудың әдісіне жатады және тұлғаға арналған сұрақтарды құрастыруда оқушылар сыни ойлайды, оқиғаларды саралайды, маңыздысын таңдайды. Жаңа тақырыптың түйінді идеяларын білу үшін «Түйінді сөздер» әдісін, ақпаратты қолдану мақсатында БББ кестесін қолдандым. «Stop кадр» әдісін қолданып, оқиғаны болжаттым. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін тақырып жайлы ойлануға және басқа адамдармен ой алмасуға, бірлесіп жұмыс істеуге ынталандыру үшін қолдандым. Тапсырмаларды іріктеуде, оқиғаның нәтижелілігін, мәнділігін анықтауда «5 R» маңыздылық кестесін пайдаландым. Оқушылардың зерттеу дағдысын қалыптастыру үшін «7W» тәсілін, ақпаратты дәлелдеп, талдауға «Блум текшесі» тәсілін қолдандым. |
Оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін «Алма ағашы», БББ кестесі арқылы өзін-өзі бағалау, «Үш шапалақ», «Сэндвич», «Серпілген сауал», мадақтау, «Бағдаршам» әдіс-тәсілдерін қолдандым.
|
Сабақта оқушылардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздік ережесі сақталады. Көтеріңкі көңіл-күйді қамтамасыз етуде сергіту сәті ретінде Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалады. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды. Сабақта саралау жүргізіледі, оқушылар оқу мақсатына жетеді. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланамын. Сабақты жинақтауда БББ кестесін, қорытындысында «Рефлексия пирамидасын» тиімді қолдандым. |
||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: «Stop-кадр» әдісін арқылы кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтарды қою арқылы диалогқа тарту. 2: «Блум текшесі» тәсілі арқылы Абайдың аудармашылық қызметін, оның Қазақстан тарихында алатын орнын бағалау. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Шығармашылықты дамыту жаттығуын қолдану (өлең шығару, 5 жол өлең). 2: «РАФТ» әдісін қолдану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген