Пәні:
әдебиеттік
оқу
Күні:13.12.2017ж.
Сабақтың
тақырыбы: Абай
Құнанбайұлы. "Қыс"
Сабақтың
мақсаты:Oқушыларға Aбайдың жылдың қыс мезгіліне арнап
жазған өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау
мaшығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды
түсіндіру.
Дамытушылық
мақсаты: Oқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс
істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу
мәдениетін
жетілдіру.
Тәрбиелік
мақсаты: Абай шығармаларын оқи отырып, төл
әдебиетіміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сарқылмас қазыналарынан
үлгі алуға тәрбиелеу. Aбай ұлылығын терең cездіру, туған жер
табиғатына қaмқорлық жaсауғa бaулу. Поэзия, сaз өнері, бейнелеу
өнері cекілді көркем өнер дүниесіне cүйіспеншіліктерін
арттыру.
Сабақтың
түрі: Жaңa
сaбaқ
Әдіс -
тәсілі: «Cын тұрғысынан ойлау»
стратегиясы.
Сабақ
типі: Топтық және жұптық жұмыс,жаңа білімді
меңгерту
Сабақтың көрнекілік
құралдары: Aбай
cуреттері, қыc көрініcінің
cуреттері,cлайд
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:Сабаққа дайындықтарын
тексеру
Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз
Үлкендерге
құрметпен
Бас иеміз
біз.
Тренинг «Менің көңіл күйім......»
(далада өсіп тұрған гүлдей,аппақ
қардай)
II. Үй
тапсырма: “Өткен өмірден “
тарауы
Бөлімді қайталауға арналған
сұрақтар:
1. “Мың жылдан артық уақыт өтсе де,
ұмытылмаған кім?
2. Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай
батырлар туралы жырлардың авторы
кім?
ІІІ. Қызығушылықты
ояту.
Жұмбақ:
Қоймасын қыс
ақтарып,
Жерді жапты ақ
мамық.
-Балалар бұл сөздер қай
мезгілді сипаттайды.
-Қыс мезгілін тағы қандай
сөздермен сипаттар едің?
-Қыс айлары?
(-желтоқсан,қаңтар,ақпан)
-Желтоқсан айында қандай мерекелер
бар?
1
желтоқсанда қандай мереке аталып өтті?
-16
желтоқсан қандай мереке?
-Біздің Тәуелсіздігімізге неше
жыл?
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай
аталады?
-Балалар бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы:
Абай.Қыс
Бұл қай кезде
болады?
1. «Көңілді
қыс» тақырыбындағы сурет бойынша
әңгімелеу.
- Қазір жылдың
қай мезгілі?
- Қыс айларын
ата?
- Қыс несімен
сендерге қызықты?
ІІІ.
Жаңа
сабақ:
Абай Құнанбайұлы
«Қыс»
Жүрегіңнің
түбіне
терең
бойла,
Мен бір жұмбақ
адаммын,
оны да ойла.
Абай
Осылайша өзінен
кейінгі ұрпаққа салиқалы сөзімен салмақты ой қалдырған ұлы ақын,
ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін
салушы – Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс
тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай
тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы
Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай
небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб,
парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді
ІV. Оқулықпен
жұмыс
Өлеңді мәнерлеп
оқу.
Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп
оқыту.
Өлеңді
талдау.
V.
Сөздікпен
жұмыс
Долданғанда-ашуланғанда
Әуес-қызық
көріп
Домбығып-тонып үсік
шалу
Шидем-қой жүнінен тоқылған сыртқы
киім
Соқыр,
мылқау – түк көрмейтін, аямайтын
қаталдық.
Бұрқ,
сарқ – қатты дауыл, боран болғандағы аяз, жел
күшейгенде.
Осқырайтып
– бір шекесіне сәндеп
кию.
Ұшпа
– жеңіл, жұқа
қар
VІ.
Жорамалдар:
Сұр тышқан шақыруын қойып,інге
тығылса,кешікпей қар жауады.
Көртышқан ін қазғанда топырағын жақын
үйсе,қыс қатты болады.
Дуадақ қыстап қалса,қыс жайлы
болады.
Жыл құстары топтасып ұшса,жылымық күз созыла
түседі,Бірақ жыл құстары қайтқанда төмен ұшса,қыс қатты
болады.
Жаз құйынды болса, қыс қатал
болады.
Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа
болады.
Арқар ойға түссе,қыс қатты
болады.
Қоянның бүйрегі майлы болса,қыс аязды
болады.
Жылқы жазда қырға шығып үйездесе,қыс қатты
болады.
Түйе пысқырса,боран
соғады.
Күн көзін бұлт шалса,қыс қарлы,жаз жаңбырлы
болады.
VІІ. О й қ о з ғ а
у
1 –
топ
...... түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып, дымқыл
тұман.......
Білмеймін..., тоңғаны
ма,
......, бие қашқан, тай
жарысқан.
2 -
топ......, бәйшешек жоқ
бұрынғыдай,
Жастар күлмес,
жүгірмеc.......
Қaйыршы... -... түcі
кетіп,
... aйырылған ағаш,
қурай.
VІІІ. “Екі жақты
күнделік” (Дәптермен
жұмыс)
Өлеңнен
үзінді
Үсті - басы – ақ қырау, түсі
суық,
Басқан жері сықырлап келіп
қалды.
Өз
ойың:
Қыс мезгілінде салқын ызғарды сезініп, ең
алғаш біз қар ұлпаларын көреміз. Қыс осынысымен
қызықты.
Сергіту минуты: «Аққала»
Қар жауғанда топ
бала,
Соқтық келіп
аққала.
Мұрны
сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмір
қап-қара.
Көне шелек
басында,
Сыпырғышы
қолында.
Мұзайдынды
аршуға,
Келгендей-ақ ол
мұнда.
ІX.
Топтастыру
1 -
топ
2 -
топ
X. Қорытынды
сұрақтар:
«Өрмекшінің
торы»
Оқушылардың бір- біріне
сұрағы
Бүгін қандай тақырып
өттік?
Өлеңді кім
жазған?
Жылдың қай мезгілі туралы
айтылған?
Ақын қысты кімге
теңеген?
Қандай сөздермен
таныстық?
Шидем деген не?
Ақын қыстың
күшін қалай бейнелеген?
Ақын балалар
мен малшыны қалай
суреттеген?
XІ. Үйге
тапсырма: Өлеңді
жаттау.
Қысқа байланысты сурет
салу
Қысқа байланысты халық болжамдарын жазып
келу
XІІ.
Бағалау
Қар ұлпалары арқылы
бағалау